«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының депутаты Екатерина Никитинская электрондық мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кездесу өткізді

» Санат жоқ » «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының депутаты Екатерина Никитинская электрондық мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кездесу өткізді

05.04.2013, 00:00

5 сәуір 2013 жыл, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының  баспасөз қызметі

Ү.ж. 5 сәуірінде «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының депутаты Екатерина Никитинская мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаментінің директоры Гүлжан Амрина мен «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС басқармасының төрағасы Сұлтанжан Ахметовпен кездесті. Кездесуді ұйымдастыруға электрондық сатып алулар аясында проблемалық мәселелер бойынша кәсіпкерлерден көптеп өтініштердің түсіп жатқаны түрткі болды.   
Кездесу кезінде депутатты осы саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жаңалықтармен таныстырды. Екатерина Никитинская, қазіргі таңда отандық өндірушілердің құқығы нашар қорғалғандығын атап өтіп, Кедендік одақ қызметі тәжірибесінен мысалдар келтірді.
Кездесуге қатысушылар Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіргенге дейін электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігін атап өтті.  Е.Никитинская «Ақ жол» фракциясының отандық өндірушілердің құқығын қорғаудағы заңнамалық жұмысын жалғастырылатын беретініне  сендірді.