«Ақ жол» ҚДП-ның төрағасы Азат Перуашевтың атына ЖОО-ның меншiк түріне қарамай сапалы жоғары бiлiмді қолдағаны үшін Орталық Қазақстанның педогогтары мен студенттерінен алғыс хат келіп түсті

» Санат жоқ » «Ақ жол» ҚДП-ның төрағасы Азат Перуашевтың атына ЖОО-ның меншiк түріне қарамай сапалы жоғары бiлiмді қолдағаны үшін Орталық Қазақстанның педогогтары мен студенттерінен алғыс хат келіп түсті

01.04.2013, 00:00

 1 сәуір  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
            «Ақ жол» ҚДП-ның төрағасы Азат Перуашевтың атына  ЖОО-ның меншiк түріне қарамай сапалы жоғары бiлiмді қолдағаны үшін Орталық Қазақстанның  педогогтік қоғамдастығынан және студент жастарынан алғыс хат келіп түсті.
            «Сіздің БАҚ-да жарияланған, ҚР Білім және ғылым министрілігімен жоғары білім нарығын бәсекесіз қайта бөлуге және жеке жоғары оқу орындарының құқықтарына шек қоюға қатысты мәлімделген депутаттық сауалыңызды үлкен ықласпен қабылдадық.  Сіздің,  жоғары оқу орындарының проблемалары туралы, біреулерге жеке оқу орны ұнайды/ұнамайды деген көзқараспен емес, ЖОО-ның мамандарды сапалы дайындау қабілеттілігін бағалау ұстанымы тұрғысынан қарау қажет», – деген пікіріңізді толығымен қолдаймыз, – деп  көрсетіледі ХАА-ның корреспондент-мүшесі, Қ.И.Сәтпаев атындағы сыйлықтың лауреаты, техника ғылымдарының докторы Н.А. Данияровтың қолы қойылған хатта.
           Жеке меншіктік білім берудің  өмір сүруінің өзектілігінде сөз жоқ, өйткені  нарықтық қатынастар жағдайларында  білім беру саласын жаңарту және жетiлдiрудің қажетті шарты, оның бәсекелес секторларының (мемлекеттiк және жеке) арасындағы тепе-теңдіктің болуы болып табылады. Бұл, білім беруді дамытудың бүкіл әлемдiк тәжiрибесінде дәлелденген.
            Білім берудің мемлекеттік нысанының басымдылығы, көбінесе , жоғары білімнің тоқмейілсінуіне және құлдырауына алып келедi, себебі мемлекеттік ЖОО бітіруші мамандардың сапасымен және олардың жұмысының тиімділігімен байланыссыз, бюджеттiк құйылымдары түрінде және талапкерлердің ағылып келуімен әрқашанда өздерінің «май шелпегін» алатынын біледі дейді хат иелері. Мәселен, мемлекеттiк ЖОО-дағы менеджменттiң тиiмсiздiгi, бейінді емес мамандықтарды ашу сияқты, айта кететіні ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловпен мақұлданбаған, осындай қисынсыз шешiмдермен, және сәйкесiнше, қолда бар шығармашылық және материалдық әлеуетін шашыратуымен расталады.
            Сонымен қатар, беделдi жеке ЖОО-ы өздері тапқан қаржыларымен өмір сүруде және өмірден өз орындарын алу үшін әлеуетті тұтынушыларға (талапкерлерге) лайықты баға аралығын ғана ұсынып қоймай, әрі өз қатарларына еңбектеріне лайықты ақы төлеумен жоғары деңгейдегі педогогтарды тартуы және  оқу процесiн сапалы жүзеге асыру үшiн бәсекеге қабілетті материалдық базаны жасауы тиіс. Жеке меншіктік білім үшін басқа балама жоқ, әйтпесе ол студенттiк құрамнан толық айырылады.
Сіздің дұрыс байқағаныңыздай, «бір аймаққа – бір жеке жоғары оқу орны» қағидасы өте күмәнді көрінеді. Мұндай, облыстардағы білім деңгейiн жоғарылатудың мәселесiн шешуге апарады-мыс деген жігерлі ұстанымды күштеп таңу ешқандай да сынды көтермейді.
Біздің пікірімізше, мұнда әр аймаққа бiр-бiрден  педагогикалық институттарын ашу жағдайы қайталанады, ол жоғары сапалы педагогикалық кадрларын дайындау мәселесін мүлдем шешкен жоқ, ал тек аймақтардағы профессор-оқытушылардың жеткілікті құрамы болмағандықтан, олардың жетіспеушілігін ұлғайтып жіберді, сол уақытта осындай дайындықты облыстардағы классикалық университеттердiң базасында республикалық бюджетке қосымша жүктемесiз ұйымдастыруға болатын еді.
Осыған байланысты, педагогикалық қоғамдастықтың пікірінше, ресейлiк федералдық университеттердің үлгісімен, әр аймақтағы мемлекеттiк ЖОО-ның барлық ресурстарын бiртұтас iрiлендiрiлген көп бейінді инновациялау университеттерге,  шоғырландыратын баламалы шешiм қабылдайтын кез жетті.
            «Орталық Қазақстанның педогогтар және студенттердің мыңдаған мүшелері бар ұжымының атынан меншiк түріне қарамай нақты сапалы жоғары бiлiмді қолдағаныңыз үшін, осы мәселені шешуде объективті көзқарас ұстанғаныңыз үшін Сізге ризашылығымызды білдіргіміз  келеді.
            «Ақ жол» ҚДП-ның  біздің еліміздегі жеке кәсiпкерлiктi  дамытуды жан-жақты қолдауына бағытталған мұндай жолы, бүкiлхалықтық мақұлдауға лайық әрі, сөз жоқ, оны жақтаушылардың көбеюiне әкеледi»,- деп қорытындылайды хатта.