Ведомствоаралық комиссия «Ақ жол» фракциясының халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша заң жобасын мақұлдады

» Санат жоқ » Ведомствоаралық комиссия «Ақ жол» фракциясының халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша заң жобасын мақұлдады

02.04.2013, 00:00

              2 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
            Ведомствоаралық комиссия «Ақ жол» фракциясының халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша заң жобасын мақұлдады.
             Үкiмет жанындағы заң жобалары қызметі мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссияда  құжатты таныстыра отырып, «Ақ жол» фракцияның көшбасшысы Азат  Перуашев жұмыспен қамту мәселелеріндегі проблемаларды, оларды шешудегі төрешілдік пен немқұрайдылық сипатын атап көрсетті.
            «Қазіргі жұмыспен қамту орталықтары нақты жұмысқа орналастыруға қарағанда, көбіне есептерін ойдан құрайды. Олардың есептері бойынша ай сайын мыңдаған адамдар жұмыс табады, бірақ жұмыссыздардың саны азаймайды. Ал мәселе мынада, бұл адамдар бір-екі айдан кейін қайтадан жұмыссыз қалады немесе 20-30 мың теңгеге жұмыс істегілері келмейді» – деді ол.
            «Ақ жолдың» пікірінше, қалыптасқан жағдайдың себебі, жұмыспен қамту жүйесі өзі үшін өмір сүруде, және оның шенеуніктері, шын мәнінде  бұл жағдайдың тұрақты жаңғыртылып тұрғанына мүдделі, себебі оларға бюджеттен кезектi бағдарламаларға үнемі жаңа қаржы сұрауға мүмкіндік береді.
            – Жұмыспен қамту-2020» сияқты әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы толып жатқан адамдарды оқытады. Алайда, оқығаннан кейінгі жұмысқа орналастырылғандардың ең жоғарғы көрсеткіші небәрі 40 пайызды құрайды. Жекелеген мамандықтар бойынша тіпті 10 пайыздан да аз адамдар жұмыс табады. Бұл бағдарламаларға, семинарларға, оқытушыларды тартуға  көп мөлшерде қаржы жұмсалады, ал бұл жұмыстың барлығының тиімділігі төмен, – деді депутат.
            Сондықтан, жұмыссыздықпен күресудің нақты тәсілі, бюджеттік қаржыны жұмыспен қамту жүйесіне мағынасыз құю емес, жұмыс берушілерді жұмыс орындарын құруға ынталандыру және қолдау болуы тиіс екеніне Перуашев сенімді.
            Еуроодақ елдеріндегі қолданыстағы нормаларға демократтармен жүргізілген талдау, ұсынылған тәсілдерді іске асырудың оң үлгілерінің бар екенін көрсетеді.
            Жұмыспен қамту саласындағы проблемалық мәселелерді шешу үшін «Ақ жол» партиясының депутаттары жұмысберушілердің салалық бірлестіктерімен кәсіби стандарттарды әзірлеуді, жоғары және кәсіби-техникалық оқу орындарының студенттері мен оқушыларының өндірістік практикасына кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауды,  жас жұмысшылар мен мамандардысынақ мерзімін өту кезінде жалақысын субсидиялауды, жаңа бастаушы қызметкердің сынақ мерзімін өту кезінде машықтарының жеткіліксіздігі себебі бойынша кәсіпорын жабдықтарына залал келтіргені үшін жауапкершілігін сақтандыруды және т.б ұсынады.
            Қазақстан Республикасы азаматтарын шетелдік жер қойнауын пайдаланушылардың, инвесторлардың қызметкер ретінде жұмысқа тарту міндеттерін жобаның нормаларымен бекіту ұсынылады. Жалпы Еңбекақы қорында Қазақстан азаматтарының саны және жалақысының үлесі кәсіпорынның бүкіл штат құрамының және  еңбек ақы қорының 80 пайызынан кем болмауы тиіс.
            – Біз, шетелдік компаниялардың арасында қазақстандық қызметкерлердің құқықтарына қысым жасалатынын, олардың еңбек ақыларын төлеудегі теңсіздіктің кең тараған құбылыс екенін көріп отырмыз – деп түсіндірді Азат Перуашев. – Бас прокуратураның өкілі маған жалған айтқыза қоймас, көптеген жер қойнауын пайдаланушы шетелдік компаниялардың жанынан, әсіресе қытайлық, әртүрлі ЖШС құрылады, содан кейін қазақстандық сияқты болып көрсетіледі, алайда құрылтайшылары да, қызметкерлері де – шетелдік азаматтар. Және осы ЖШС-терге Қазақстандық ұстауға деп есептеліп, бірақ алынған табыстары Қазақстаннан әкетілетін барлық тендерлер беріледі. Біздің заң жобасында Норвегияның тәжiрибесiмен мұндай сызбаларға тосқауыл қоюға тырысамыз – деп Азат Перуашев атап көрсеттi.
             – Еліміздегі жұмыссыздық құрылымдық сипат алып отыр. Бiр жағынан – жұмысқа орналыстырылмаған адамдар тобы (жұмыссыздықтың бүркеме түрі ретіндегі «өз бетімен жұмыспен айналасушыларды» қоса алғанда),  ал басқа жағынан – кәсіпорындар білікті қызметкерлерге өте тапшылықты бастан кешуде, – дейді қазақстандық демократтардың көшбасшысы тұсаукесерді қорытындылап.
            «Ақ жол» партиясымен дайындалған заң жобасының басты мақсаты жұмыссыздар құрғақ уәделер және хаттар емес, тұрақты жұмыс алатын жұмыспен қамтудың тиімді жүйесін құру болып табылады; ал кәсіпорындар жаңа мамандардың қажетті біліктілік деңгейіне жеткенінше мемлекеттің қолдауын  алады.
            Талқылаудың қорытындысы бойынша Ведомствоаралық комиссия ұсынылған заң жобасын мақұлдады және уәкілетті орган болып табылатын Еңбек министрлігіне ВАК мүшелерінің ескертулерін ескере отырып, қорытынды дайындауды тапсырды.