02
Сәуір

Санат жоқ 02.04.2013

Папиллома вирусына қарсы жасөспірім қыздарға екпе жүргізу коммерциялық жобаға айналмауы тиіс, тiптi оның қауiпсiздiгіне күмәнiміз бар

2 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Папиллома вирусына қарсы жасөспірім қыздарға екпені жүргізуді коммерциялық жобаға айналмауы тиіс, тiптi оның қауiпсiздiгі жайлы күмәнiміз бар  - бұл туралы «Ақ жол» парламенттік фракциясының жетекшісі Азат Перуашев өткен жұмада Денсаулық сақтау Министрлігі жанындағы пациенттердің құқығын қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысында мәлімдеді.

Таң қаларлығы, былтырғы жылдың қазан айында жасөспірім қыздарға міндетті егілудің жүргізілуіне қарсы болған, оны қазақстандық балаларға жасырын түрдегі экспримент деп атаған «Ақ жол» фракциясының депутаттары талқылауға қатысуға шақырылмады. Тіпті, «Ақ жол» депутаттары жоспарланған іс-шара туралы өздері біліп, өтетін уақытын нақтылағанда Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері жауаптан қашып және отырыстың өтетін уақытын ауыстырды.  Дегенмен,  ҚДП фракция мүшелері  Азат Перуашев пен Екатерина Никитинская Кеңеске қатысты, отырыс барысында Гигиена және эпидемиология Ұлттық орталығының профессоры Борис Каральник ұсынылған екпенің таныстырылымын жасады. Баяндамашы бір сағатқа жуық «Гардасил» и «Церварикс» препараттарының ерекше пайдасы туралы айтты.

Тұсаукесердің мазмұнының жалықтырып жібергені сонша, Алматы қаласынан қатысушы (Кеңес бейнеконференцияның режимiнде өттi) баяндамашыны бiрнеше мәрте әдептi сақтауға шақыруға әрекеттенді, тіпті болмаған соң отырысты тастап шығып кетті.

Пікірталасқа қатысқан «Ақ жол» парламенттік фракциясының көшбасшысы Азат Перуашев өткізілген тұсаукесерді, дәрi-дәрмектің тәуекелдері және шығындары туралы ешбір сөз қозғамай, есесіне тыңдаушыларды алдымен қорқынышты аурулармен үрейлендіріп, ал содан кейін «барлық пәленің дауасы» деп сиқырлы таяқша сияқты алып шығатын желілік маркетинг рухындағы дөрекілеу жарнамалық науқанмен салыстырды.

Ал,  мұның бәрі жәй нәрсе емес. А.Перуашев өз әрiптесі Меруерт Қазбекованың АҚШ-тың Азық түлік өнімдері мен дәрілерді бақылау федеральдық басқармасының (FDA)  2011 жылғы  7 наурыздағы баяндамасынан алынған мәліметтеріне сәйкес,  АҚШ-та осыған ұқсас екпе жасағаннан кейін 21 474 жағымсыз әсердің және  93 өлім жағдайының орын алғаны туралы мәліметтер келтірілген депутаттық сауалы туралы еске салды.

Батыс сарапшылары екпенің құрамына кіретін компоненттерге аллергиялық қауіп-қатердің бар екендігі, бiр қатар жағдайларда екпе егілген жасөспірім қыздарда сал және талма сияқты аурулардың пайда болғаны туралы ата-аналарды алдын-ала ескертуді табандылықпен талап етеді.

- Профессор Б.Каральник өз сөзінде, енді Қазақстанда да екпе егілгеннен кейін қыздардың талып қалулары жиі болатынын айтты. Ол бізді, бұл қыздардың екпеге «әдеттегі реакциясы» деп сендірмек болады. Алайда, ата-аналарға олардың балалары нақты неден, қандай процедуралардан кейiн ес-түсiнен айрылып қалатыны маңызды емес пе? – деп сұрайды депутат.

Сондай-ақ, профессор осы екпе егудің АҚШ, Германия, Францияда және басқа дамыған елдердегі «төменгi деңгейіне» және олардың «артта қалғандығына» қынжылды. Ол, Қазақстанда керiсiнше, екпені жасау жаппай және мiндеттi болуы тиіс екеніне сенімді.

Депутат Е.Никитинская бұл мәселені Германия  онкологтарымен (айтпақшы, онда адам папиломасы вирусы анықталған) жеке талқылағанын мысалға келтірді. Неміс дәрігерлері екпені егудің тиімділігін аса сенімсіздікпен бағалайды. Бірақ, профессор Б.Каралькин бұл мәселеде неміс дәрігерлерінің қазақстандықтардан «артта қалғандығына», - меңзеді. Тіпті, ол Қазақстанда жақсы нәтижеге жету үшін тек жасөспірім қыздарға ғана емес, бозбалаларға да 100 % екпе егуді қажет деп есептейді.

- Сіздің де, батыстық дәрігерлердей бұл мәселе бойынша өз білгеніз бар болар. Бірақ өз пікіріңізді жалғыз ең дұрысы осы деуге болмайды. Қателіктің құны өте қымбатқа түседі – деп жауап берді «Ақ жолдың» депутаты.

Е.Никитинская екпе алу кезінде ата-аналардың өз еріктерімен және екпені егудегі тәуекелдері туралы жеткілікті түрде  хабардар болуын қамтамасыз етудің қажеттілігін тағы да атап өтті. Алайда, Қоғамдық кеңеске ұсынылған түсінік беру буклеттерінде, осы екпенің себебінен болуы мүмкін жанама салдарлары туралы бірде-бір ескерту қарастырылмаған да, онда тек жарнамалық ақпарат болып шықты.

- 10 жастағы жасөспірім қыздарға бұл екпенің әлемдегі 5 жылдық қолдану мерзімі, бала туатын жасқа жеткенде оларға қандай әсері болатындығына әлі нақты жауабын берген жоқ – деді бұған байланысты А.Перуашев. Егер бүкіл әлемде жаңа дәрі-дәрмекті сынақтан өткізу мерзімі 20 жылды құраса, онда біз қайда асығамыз? Әлде, фармацевтикалық компаниялар дәл біздің балаларымызға сынақ ретінде осы дәрілердің әсерін бақылайтын бола ма?

- Көрсетілген бағдарламаға 30 миллиард теңге керек екенін, оның ішінде 10 миллиарды бюджетке салынып қойылғанын ерекше ескерсек, біз балалардың қамын ойлап отырған іспен емес, нағыз, коммерциялық жобамен жұмыс істеп отырғанымызға менің көзім жете түсті. Сондықтан да, бұл құрметті профессордың барлық жасөспірімдерді, енді бозбалаларды қоса алғанда, екпені жаппай және міндетті түрде жүргізуді қадалып талап етуі кездейсоқтық емес, бұл дегеніміз бағдарламаның шығынын 2-3 есеге артатынын білдіреді, - деп толықтырды ол.

Барлық саналы адамдар, оның ішінде біз де, өзіміздің отандастарымызды осы қорқынышты аурулардан қорғағымыз келеді. Бірақ, оны жақсы зерттелген, нақты әсер беретін, ең бастысы кауіпсіз дәрілермен жасау керек.

Өкінішке орай, Қазақстан денсаулық сақтау саласында ең алдыңғы қатардағы ел емес. Құрметті профессордың бізді әлемдегі ең дамыған елдерге қарағанда «алға басқан» деп көрсетуі – өте күдікті. Батыста да өз балаларын жақсы көретін болар. Дегенмен, неге екенін оларды осы препараттармен жаппай екпе жасаудан қорғап отыр.

Мүмкін, екпе егу процесін бастау керек те шығар. Біздің фракция да осы бағдарламаға қаржы салынған бюджетті қолдады.

Бірақ, ата-аналарға екпе егу кезінде болуы мүмкін құбылыстар және аурулар туралы тәуекелділіктерді қоса отырып, толық ақпарат берілуі тиісті екеніне сенімдіміз. Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналардың өздерінің балаларына екпе жасату туралы шешімді түсініп еркін таңдауын қамтамасыз етуге міндетті.  Алайда, бізге берілген материалдарда мұндай ақпарат және мұндай таңдау жоқ – деп көрсетеді демократиялық фракцияның депутаттары – ал бұл екпе егудің бастамашыларының ниеттерінің шынайылығына күмәнмен қарауға мәжбүрлейді.