19
Сәуір

Санат жоқ 19.04.2013

«Ақ жол» фракциясы ҚР Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасының мүмкiндiгiн күшейтуді ұсынады

19 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
 «Ақ жол» фракциясы ҚР Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасының мүмкiндiгiн күшейтуді ұсынады  - бұл туралы Сенатта конференцияның қатысушыларына ҚДП-ның төрағасы Азат Перуашев хабарлады.
- Парламент Мәжiлiсiнің Регламентіне маңызды  түзетулерді қажет ететін өзекті мәселелердің бірі, мәжiлiскерлердің өз бастамасымен бастамашылық жасаған заң жобаларын енгiзудiң рәсiмi болып табылады,- деді «Ақ жол» фракциясының жетекшi.
Қолданыстағы Регламентке сәйкес, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, оның ішінде  мемлекеттiк шығыстарды қысқарту немесе мемлекеттiк кiрiстердiң көбейту туралы заң жобалары бойынша қорытынды Үкiметпен Парламентке мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұсынылады.
Заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 15-күндік мерзiмде ведомствоаралық комиссиямен депутаттар бастамашылық еткен заң жобасына оң немесе өзге баға жөніндегі ұсыныстар әзірленеді.
- Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясының 61-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң оң қорытындысы болғанда ғана енгiзiлуi мүмкiн, - деп атап көрсетті Азат Перуашев. – Яғни, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен бастамашылық етiлген заң жобаларының барлығына бірдей ҚР Үкiметінен қорытынды алу талап етілмейді.
Осыған байланысты, «Ақ жол» фракциясы ҚР Парламент депутаттарының заң шығару бастамасының мүмкiндiктерін бекіту және күшейту  қажет деп есептейді.