Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Жазылбеков Алматы облысының Қапал және Қызылағаш ауылының тұрғындарымен кездесті

» Санат жоқ » Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Жазылбеков Алматы облысының Қапал және Қызылағаш ауылының тұрғындарымен кездесті

09.04.2013, 00:00

9 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
9 сәуірде Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков Алматы облысы, Ақсу ауданының Қапал және Қызылағаш ауылында тұрғындармен кездесті.
Осы іс-шараларды өткізудің мақсаты ‘Қазақстан-2050’ Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»  атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының қағидаларын насихаттау мен түсiндіру, сонымен бірге сайлаушыларға «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының заңшығарушылық қызметі туралы ақпарат беру болып табылады. Кездесу барысында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамаға өзгертулер, жүктiлiгi және босануы бойынша жәрдемақыларды төлеудің жаңа ережелері, ‘Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысбанкi’ АҚ-ның желісі бойынша тұрғын үйдің қолжетімділігі туралы ең өзекті мәселелер талқыланды.
Қапал ауылының фермері Э.С.Әділов  ауылды қайта жандандыру мәселесін көтерді, ауылшаруашылық техникумын қалпына келтіру, механизаторларды, темір, ағаш ұсталарын, агрономдарды, трактористерді т.б.  қажетті мамандарды дайындауға мүмкіндік беретін еді дейді. Одан кейін сөйлеген А.Н.Тасбатыров: «Қапалды жандандыру, қайта көтеру керек! Несие алу өте қиын, қағазбастылығы көп. Ауылдық жердегілер үшін несиелік рәсімдерді жеңілдету қажет деді».  Сонымен бірге, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде оқу үшін төлемнің мөлшері туралы да мәселе қозғалды. Ауылдықтардың айтуынша, бүгінгі таңда ЖОО-да оқудың құны ауыл тұрғындары үшін   ауыр тиеді, оның үстіне – жеңілдік жүйесі жоқ.
Кейінірек, депутат Нұрлан Жазылбеков ЗТМО облыстық филиалының директорының орынбасарымен бірге Қызылағаш ауылының тұрғындарымен кездесті, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындардың зейнетақы аударымдарына қатысты түсініктеме берілді. Тұрғындар ауылда жұмыс орындарының жетіспейтінін айтты, өз кезегінде депутат шағын бизнесті қолдауға және азық-түлік базарын ашуға жәрдем көрсетуге уәде берді.
Сайлаушылармен кездесуден кейін, депутат Жазылбеков балабақшаға және қажетті оқу құрал-жабдықтарымен толық қамтылған ауылдық орта мектепке барды.