Азат Перуашев Парламенттік Бизнес-омбудсмен лауазымын (кәсіпкерлер құқықтары бойынша уәкіл) құруды ұсынады

» Санат жоқ » Азат Перуашев Парламенттік Бизнес-омбудсмен лауазымын (кәсіпкерлер құқықтары бойынша уәкіл) құруды ұсынады

19.04.2013, 00:00

19 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау парламент қызметінің ерекше түрі болып белгіленуі тиіс – Парламенттік Бизнес-омбудсмен лауазымын (Кәсіпкерлер құқықтары бойынша уәкіл) құру қажет. Бұл туралы Азат Перуашев Сенатта «Қазіргі заманғы парламентаризм: қалыптасу, даму және заңнамалық процесте билік тармақтарының арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру» атты халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінің барысында мәлімдеді.
«Кәсіпкерлердің көптеген үндеу-хаттары көрсетіп отырғандай, соттағы және өзге де дауларда бизнес позициясының көпе-көрінеу тиімсіз жағдайда қалдырылуы аз кездеспейді. Бизнес-ахуалды жақсарту бойынша мемлекет ауқымды күш-жігер жұмсап жатқан кезде жергілікті жерлердегі кәсіпорындар құқықтан тыс қысымға, тексеруші органдардың бопсалаушылықтары мен сыбайлас жемқорлығымен соқтығысуына көптеп ұшырап жатқандары құпия емес»,- деп атап көрсетті парламент фракциясының көшбасшысы.
Ол көптеген дамыған елдердің Парламенттік Бизнес-Омбудсмен институты немесе Кәсіпкерлер құқықтары бойынша уәкілі арқылы көрсетілген мәселелерді ойдағыдай шешу тәжірибесінен мысалдар келтірді. Бизнес-омбудсмен ресми мемлекеттік мәртебеге ие, бизнес-қауымдастықтың өкілі болып табылады және биліктің атқарушы тармағына тәуелді емес. Бизнес-омбудсмен лауазымына, әдетте, тиісті жұмыс тәжірибесі және абырой-беделі бар, Парламент депутаттары тағайындалады.
Оның өкілеттігіне жеке бизнестің заңдық мүдделерін қозғайтын дауларды қарау және кеңес беру кіреді; осы жағдайға өзінің жеке бағасын береді (соның ішінде жариялы) және егер олардан бұзушылықтар тапқан жағдайларда кәсіпкердің құқықтарын қорғау үшін уәкілетті органдарға үндеу-хаттармен шығады. Бизнес-омбудсмен атқарушылық немесе сот шешімдерін жою, қайта қарау немесе қабылдау бойынша өкілеттіктерге ие емес.
«Осындай қызметтің тиімділігінің көрнекі, нақты көрсеткіші ретінде «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының жуырдағы депутаттық сауалын алуға болады, оның нәтижесінде ҚР Бас прокурорының ұйғарымы бойынша Алматы және Алматы облысының ондаған өндірістік кәсіпорындары оларды еркін қойма режімінен айырған кедендік органдардың заңсыз шешімінен қорғалып қалған болатын» – деген мысал келтірді Азат Перуашев
Бизнес-омбудсмен жұмысының маңызды бөлігі кәсіпкерлікті реттеудің олқылықтарын анықтау, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу болып табылады.
Кейбір елдерде Бизнес-омбудсменнің міндетіне сондай-ақ нақты мемлекеттік ведомстволардағы кәсіпкерлердің құқықтарын сақтау туралы жыл сайынғы есептер дайындау жүктеледі.
Осылайша, халықаралық практика кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау жөніндегі бағытты бизнес-омбудсмен немесе кәсіпкерлер құқықтары бойынша уәкілі тұлғасы атынан парламент қызметінің ерекше түрі етіп бөліп шығаруды айғақтайды.
«Бұл көзқарастың «Қазақстан-2050» Стратегиясының 2-ші тарауында баяндалған, ұлттық экономиканың жетекші күші ретінде кәсіпкерлікті жан-жақты қолдаудың мемлекеттік бағытына толықтай сәйкес келетіндігіне»,- қазақстан демократтарының көшбасшысы сенімді.