08
Сәуір

Санат жоқ 08.04.2013

«Ақ жолдың» кезекті жеңісі: Алматы қаласы және Алматы облысындағы кәсіпорындарға еркін қойма режімін қайтарып берді

8 сәуір  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
 «Ақ жолдың» кезекті жеңісі: Алматы қаласы және Алматы облысындағы кәсіпорындарға еркін қойма режімін қайтарып берді. Бұл туралы Бас прокурор Асқат Дауылбаевтың «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттық сауалына ресми жауабында хабарланады.
Ағымдағы жылдың басында «Ақ жол» ҚДП-ның Парламент Мәжілісінің депутаттарына кеден органдарының шешімімен еркін қойма мәртебесінен айырылған Алматы қаласы және Алматы облысының қазақстандық өндіріс компанияларының өтініш білдіргенін естеріңізге саламыз. Мәселен, Президенттік «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты болып табылатын «Қайнар-АКБ» ЖШС-і, «Компания Фудмастер» АҚ, «Кока-кола Алматы Боттлерс» ЖШС, «DOLCE» ЖШС, «Raimbek-Agro» ЖШС,  «BosforMotors» (Босфор Моторс) ЖШС, «Хамле Компани ЛТД» ЖШС, «КазгеоСинтетика» ЖШС және т.б. компаниялар бойынша осындай ақпараттар келіп түсті.
Отандық компанияларды еркін қойма режімінен айыру оларды өткізім нарықтарын жоғалту қауіпіне әкеледі, себебі әкелінетін шикізаттарды кедендік тазалауға және өнімдерді өңдеуге кететін компанияның шығыстары күрт өседі, оның өзіндік құны көтеріледі. Бұл, «ақжолдықтар» атап көрсеткендей, мемлекеттік бағдарламаларға және Президеттің тапсырмаларына қарамастан,  көптеген жаңа озық жобаларды болдырмауға, жоспарланған инвестициялардың төмендеуіне, шығарылатын өнімдердің көлемінің кемуіне және жұмыс орындарын қысқартуға әкелуі мүмкін. Оның үстіне, Кедендік одақ шеңберінде және Қазақстан ДСҰ-на кіретін кезде қазақстандық тауар өндірушілердің  бәсекеге қабілеттілігі нақты төмендейтін еді.
А.ж. 6 ақпанындағы Бас Прокуратура және Кеден комитеті басшыларының атына жолданған сауалда ҚДП фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, тексеруші органдардың заңсыз іс-әрекеттері   іс жүзінде тұтас аймаққа деиндустриаландыру қауіпін туғызды.
Бас Прокуратураның жауабы кеден органдарының іс-әрекеттерінің заңсыздығын дәлелдеді.
 «Бұйрық (еркін қойма иелерін Тізілімінен алып тастау туралы – Баспасөз қызметінің ескертуі) шығарудағы заңдылықты сақтауды талдауда Кедендік бақылау комитетімен кеден заңнамасын және әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманы бірқатар бұзушылықтар анықталды. 2013 жылы 20 наурызда Комитет атына заңдылықтарды бұзушылықтарды жою жөнінде тапсырма берілді», - деп хабарлайды хатта Бас Прокуратура.
«Ақ жол» партиясының араласуының арқасында отандық кәсіпорындардың құқықтары заңсыз бұзушылықтардан ойдағыдай қорғалды. Жоғарыда көрсетілген бұйрық 2013 жылдың 27 наурызында күшін жойды, қазіргі уақытта, Бас прокуратурада хабарлағандай депутаттық сауалда көрсетілген компаниялардың еркін қоймаларының иесі мәртебесі қалпына келтірілді.
Бұрын хабарланғандай, қазақстандық кәсіпорындардан еркін қойма режімін қайтару мәселесін шешуде көрсеткен көмегі үшін ҚДП фракциясының жетекшісі Азат Перуашевтің атына алғыс хаттар келіп түсе бастады, мәселен, «Фудмастер» компаниясынан және Талдықорғанның «Қайнар» аккумулятор зауытынан  (қосымшаны қараңыз).
 «Ақ жол» партиясының депутаттары өз сайлаушыларының және ұлттық экономиканың мүдделеріне жұмысын жалғастыра береді.