03
Сәуір

Санат жоқ 03.04.2013

«Ақ жол» партиясы құқық қорғау органдарынан полиция қызметкерлерінің қаруынан қаза тапқан азаматтар туралы мәліметтердің берілуін талап етті

3 сәуір  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
«Ақ жол» партиясы құқық қорғау органдарынан полиция қызметкерлерінің қаруынан қаза тапқан азаматтар туралы мәліметтердің берілуін талап етті - бүгінгі Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаты Нұрлан Жазылбеков Бас прокурор мен Ішкі істер министріне тиісті сауалмен шықты.
         Мәлім болғандай, Мәжілістің қарауында полиция қызметкерлеріне атыс қаруын ескертусiз қолдану құқығы қарастырылған «ҚР ішкі істер органдары туралы»  Заң жобасы бар.
 Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспелі Заң жобасымен азаматтық айналымнан жарақат салатын патрондары бар өзін-өзі қорғау қаруын (әрі қарай - жарақаттайтын қару)  алып тастауды, яғни қатардағы азаматтардың жарақаттайтын қаруды иеленуіне және ұстауына толығымен тыйым салу ұсынылады.
Осы нормалар бөлек және әр түрлі заң жобасымен енгізілген. Бірақ та, олар тікелей өзара байланысты деп депутаттық  сауалда көрсетілген.
         Халықаралық тәжiрибе көрсетіп отырғандай, полицейлерге қаруды ескертусіз қолдану құқығы тек атыс қаруын, оның ішінде автоматты қаруды еркін сату тәжірибесі бар елдерде ғана берілген, мысалы АҚШ-та.
         Бірақ, азаматтардың қаруды еркін сатып алуға және алып жүруге құқығы жоқ елдерде, полицияға ескертусіз қару қолдануға рұқсат етілмейді.
         Қазақстанда атыс қаруы еркін сатылмайтынын еске алды «ақжолдықтар». Қарапайым адамның асып кеткенде, өзін-өзі қорғау үшін жарақаттайтын тапанша сатып алуға мүмкіндігі бар.
- Заң жобасын дайындаушымен «жарақаттайтын қаруға» тыйым салуға дәлелдеме үшiн елімізде соңғы 5 жылда азаматтардың жарақаттайтын қаруды қолдануымен 700 шамасында қылмыс жасалғаны туралы статистика келтiріледi. Алайда, қанша адам жарақат алды, және қаншасы – опат болды,  нақты көрсетілмейді,- деп атап өтті демократиялық фракция депутаттары.
-  Одан басқа, жарақаттайтын қаруды қолданған нақты құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне байланысты атышулы деректер туралы неге айтылмайды,- деп ҚДП нақты мысал келтіріп отыр.
 Мәселен, Алматы облысы Талғар ауданында әлеуетті органдарының қызметкерлерiнен, жедел уәкіл Б.Танкеевпен ұйымдастырылған қылмыстық топ, 2011 жылы  жарақаттайтын қаруды қолданып екі және одан да көп адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды ұрлаған; қару колданып тонау және қызмет жағдайын терiс пайдаланған (ҚР ҚК-нің 380-бабы) және т.б. қылмыстарды жасаған. Сондай-ақ Шымкент қаласының Әл-Фараби атындағы ішкі істер басқармасының жедел уәкілі Ш.Т. Мүсілімовпен ұйымдастырылған және жасалған қарақшылық шабуылдар және кісі өлтірулер бұдан кем түспейтін деректер болып табылады.
Қоғамдық қауiп-қатердi нақты бағалау үшiн, парламенттік оппозияның депутаттары  сол 5 жыл ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен азаматтардың табельді қаруды заңсыз қолданып  жасаған қылмыстары бойынша жараланғандардың және опат болған азаматтардың  санын көрсеткен осындай статистиканы келтіру керек деп талап қояды.
         - Жарақаттайтын қару қарсыласын уақытша қатардан шығару үшін ғана, ал ішкі істер органы қаруланған табельді атыс қаруы зақымдау үшін атуға арналғаны белгілі,- деп атап өтті «ақжолдықтар».  - Егер  жарақаттайтын қарумен мүмкін 3 немесе 5 адам өлтірілген болса; ал құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қылмыстық іс-әрекеттерінен, кейбір деректер бойынша, соңғы 5 жылда ҚР-ның заңына мойынсұнушы 26 азаматы көз жұмған.
           Жуырда Ішкі істер Министрлігімен былтырғы жылы бірнеше мың полицейлердің жағымсыз себептермен қызметтен шығарылғаны туралы мәліметтер айтылды. 
                 - Бұл,  табельді қарумен қаруланғандардың ішінде бүгінде адамдарға ескертусіз оқ атуы ықтимал, психикалық жағынан қызба мінезді, жеке басының рухани проблемаларымен жүрген тұлғалардың болуы мүмкін дегенді білдіреді. Демек, мұндай рұқсаттан кейін олардың озбырлығынан құрбандыққа ұшырайтындардың саны едәуiр өсуі мүмкін,- деп «Ақ жол» тұжырым жасайды.
Құқық қорғау органдарының қоғамдық тәртіпті және біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі атқарып жатқан қиын және ауқымды жұмыстарына, қылмысқа және терроризмге қарсы  іс-әрекеттеріне зор құрметпен қарайтынын атап өте отырып, полицейлерге атыс қаруын ескертусiз қолдануына құқық беру және жарақат салатын патрондары бар өзін-өзі қорғау қаруын еркін айналымнан алып тастау туралы мәселені ҚДП депутаттары кешенді түрде қаралуын талап етеді.
        - Егер полицейлерге мұндай құқық берілетін болса – онда азаматтарға «жарақаттайтын қаруды» сатып алу және ұстау құқығын қалдыру керек. Егер азаматтардың бұл құқығына тыйым салынатын болса, онда полицейлерге өз қарауымен атуға мүмкіндік беруге болмайды.
 
Сауалға парламент фракциясының депутаттары Нұрлан Жазылбеков,  Азат Перуашев, Екатерина Никитинская, Азамат Әбілдаев, Талғат Ерғалиев, Меруерт Қазбекова, Алмас Тұртаев қол қойды.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыруды және қазақстандықтардың мүдделерін қорғау  бойынша өз жұмысын жалғастыра береді.