Еңбек Министрлігінің қатысумен болған «Ақ жол» ҚДП фракциясының отырысы – жұмыспен қамту бағдарламасы жұмыс орындарын құрудың орнына жасырын жұмыссыздықты өсіреді және бюджеттiк қаржыларды шашады

» Санат жоқ » Еңбек Министрлігінің қатысумен болған «Ақ жол» ҚДП фракциясының отырысы - жұмыспен қамту бағдарламасы жұмыс орындарын құрудың орнына жасырын жұмыссыздықты өсіреді және бюджеттiк қаржыларды шашады

25.04.2013, 00:00

   25 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
  «Ақ жол» ҚДП фракциясының кезектi отырысында аймақтардағы партияның барлық филиалдарына он-лайн режімінде таратылуымен «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы жобасының таныстырылымы болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі  Ерғали Егемберді бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны іске асыру құралдары туралы айтып берді.
Бағдарламаны іске асыру құралдарының ішінде, шағын несилерді беру жолымен  кәсiпкерлердi қолдау арқылы жұмыс орындарын құру және бизнестiң негiздерiне үйрету көрсетеілді. Алайда, мұндай тәсiл «Ақ жол» депутаттарының өткір сынына ұшырады.
– Бүгiн «Атамекен» одағының арқасында кәсiпкерлiктi қолдау өте сәнге айналды – деді осыған байланысты ҚДП фракция жетекшісі Азат Перуашев.  – Содан кейін соны сылтау етіп оларды игеру үшін  жаңа министрлiктер бюджеттен  жаңа қаржы сұрайды. Ал бұл функцияға  уәкiлетті меморган біреу ғана, ол Аймақтық даму министрлігіндегі тиiстi комитет.
– Бірақ, шындығында сіздердің бизнесті жүргiзудiң негiздерiн үйрету жөніндегі бағдарламаларыңыздың барлығы  – жалған. Ешқашан кәсіпкер болмаған, бизнесте бір тиын таппаған кісі бизнеске қалай үйренеді?! , – деп жалғастырды депутат – және Сіздер не өз қаражаты, не кепілі, ал жиі кездесетіні жеке баспанасы да жоқ адамдардан қалай кәсiпкерлер жасайын деп жатырсыздар? Олар 1-2 млн. теңгеге қандай бизнес ұйымдастыра алады? Үш бас  сиыр сатып алуға, жем дайындауға болады. Алайда бұл, бизнес емес, кәдімгі шаруашылық! Бұл кісілерге дәріс оқытудың қажеті жоқ, оларды жұмысқа тұрғызу керек!
Фракция жетекшісінің орынбасары Екатерина Никитинская өзін-өзі жұмыспен қамтитындар жинақтаушы зейнетақыға төлемейді, демек бұл санаттардағы азаматтарды  ынталандыру болашақ зейнетақы ахуалын нашарлатады.
– Сонда қалай болғаны, сiз бiр қолыңызбен зейнетақыны реформалауды өткiзесiз, ал басқасымен – жинақталған зейнетақысыз қалатындардың қатарын көбейтуге ынталандырасыздар?
Одан басқа, «акжолдықтардың» ойынша, меморгандар осындай бағдарламалары арқылы «кәсiпкерлiктi қолдау» ұранымен нақты жұмыссыздықты жасырып отыр.
– Сіздердің бағдарлама бойынша қаржының негізгі бөлігі өзін-өзі қамтитындарды қолдауға бағытталған,  бұл шын мәнінде жасырын жұмыссыздықтың өсуіне жағдай жасау болып табылады, – деп атап көрсетті ҚДП көшбасшысы.
Сiздер негізінде, адамдар одан әрі де жұмыс іздемей, зейнетақы жинақтамай, қарапайым шаруашылықпен өмір сүруі үшін ақшаны лақтырып отырсыздар. Өкінішке орай, қазіргі қолданыстағы жұмыспен қамту жүйесінің барлығы – оларды жұмыс орнын құратын және нақты жұмыссыздық мәселесін шешетін кәсіпорындарды қолдауға мақсатты бағыттаудың орнына қаржыларды шашу қағидасы бойынша құрылған.
– Мүмкін, нақты жобаларға қарағанда шашылған қаржының тиімділігін тексеру күрделірек, әрі орындалмай қалғаны үшін жауаптыларды табу  қиындау болады деген есеп болар,  – деп пайымдады «Ақ жолда».
А.Перуашев «Ақ жол» парламенттік фрациясымен әзірленген жұмыспен қамту жөніндегі заң жобасы туралы еске салды. Осы уақытқа дейін жұмыспен қамтуда мемлекеттiк органдар үстем,  сонымен бірге кәсiпкерлер бұл процестен шығып қалғаны, оларға біреулердің шешімін орындаушының екінші деңгейдегі рөлі берілген. Біз әзірлеген  заң жобасы бойынша сол жұмыс беруші бұл саясаттың негізгі бағыттарын анықтайды, тек қана ол, жұмыс орындарын көбейту үшін оған не қажет екенін айта алады.
Осыған байланысты,  жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша алғаш рет Шығыс-Қазақстан облысында кәсіпкерлердің қажетті кадрларға тапсырысын ескеруді бастағаны туралы Еңбек министрлігінің жауапты хатшысы Тамара Дүйсенованың келтірген мысалын, Азат Перуашев өте жақсы, бірақ өкінішке орай тым сирек кездесетін ерекшелік деді.
Жұмыспен қамту орталықтары да проблемаларды шешпейді деп есептейді ҚДП, олар бюрократиямен айналысады, мыңдаған адамдарды жұмысқа орналастырғандары туралы есептердің суретін салады, бірақ жұмыссыздар бұдан азаймайды. – Егер кімде-кім мұндай орталықтар арқылы жұмыс тапса, ол көбінесе қысқа мерзімді, әрі еңбек ақысы төмен болып келеді. Ірі компаниялар оларға кадр іздеп өтініш білдірмейді, ал сауатты мамандар өздері-ақ мұндай Орталықтар арқылы жұмыс іздеуге тырыспайды, – дейді «ақжолдықтар».
ҚДП депутаттары шенеунiктерге өз қалауы бойынша несие беруге мүмкіндік беретін шағын несиелер арқылы кәсіпкерлікті қолдау жүйесінің өзін сыбайлас жемқорлық жайлаған деп атады: – Сiздер, шағын несие беруге миллиардтар саласыздар, ал содан кейін нәтижесін бақыламай, оларды жай ғана есептен шығарып тастайсыздар – деді ҚДП жетекшісі. Дегенмен, бiр рет берiлген несие, қайта оралуға және ендi басқа алушыларға бағытталуы тиіс емес пе?
Бұдан салынған қаржы экономикада айналымға түсетін әрі қосымша құн жасайтын мультипликативтік әсер ғана болады. Ал сіздердің есептеріңіз бойынша бұл миллиардтар «бiр реттiк» пайдалануға жарайды  – таратып берілді және ұмытылды. Сондықтан да оларды көбінесе нақты кәсiпкерлер емес, әкімдердің жақындары алады.
Сонымен бiрге, жұмыспен қамту мәселелерінiң шешiмiнiң пәрмендi құралы ретінде өндiрiстiк құрылымдарды мемлекеттiк қолдау мысалы, әлеуметтiк-маңызды салалар үшiн ҚҚС салалық мөлшерлемелерiн енгiзу жолымен қызмет етуі мүмкiн. Зейнетақыны реформалауды есепке алғанда, демократтардың пікірінше, бұл шараларды, дәстүрлі «әйелдер»  істейтін – жеңіл, тамақ, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты қолдану өте маңызды. Бұған байланысты, Азат Перуашев Еуроодақ елдерінің тәжірибесінен мысал келтірді, әлеуметтік маңызы бар салалар үшін жалпы 21-28% ҚҚС мөлшерлемесінде,  салалық сараланған ҚҚС-тың 0-5 пайыздық мөлшерлемелерi қолданылады.
– Ал, бізде олар үшін ҚҚС-тың мөлшерлемесі  – 12 пайыз, шет елдік инвесторлар және экспорттаушылар үшін  0%,  және бұған қоса ҚҚС-ты бюджеттен өтеу – оның ішінде біздің әйелдердің, шағын және орта бизнестің есебінен, – деді бұл жағдайға қынжылған депутат – міне, қағаз жүзінде емес, іс жүзінде кәсіпкерлікке қолдау қайда керек! 
– Жұмыспен қамту бағдарламасы, онда оңды сәттері де болса да, қазіргі жағдайда маңызды түзетулерді талап етедi. Барлық мұндай құжаттардың түпкі мақсаты – әдемі таныстырылым емес, ал  жұмыссыздық мәселесін нақты шешу, кәсіпорындарды қолдау, жұмыс орындарын сақтау және кеңейту екенін есте сақтау керек, – деп атап көрсетті отырыстың қорытындысы бойынша қазақстандық демократтардың көшбасшысы.