Мәжіліс депутаты Алмас Тұртаев Қазалы кәсіпкерлерімен жүздесті – www.inform.kz

» Баспасөз жарияланымдар » Мәжіліс депутаты Алмас Тұртаев Қазалы кәсіпкерлерімен жүздесті - www.inform.kz

24.07.2014, 00:00

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қазалыда болған Парламент Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаевпен кездесуге облыстық кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалының директоры Е.Аймаханов, Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ә.Әбиев, Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары Қ.Сансызбаев және мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлер қатысты.
Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жүздесу барысында А.Тұртаев «Ақ жол» партиясының бағдарламасымен таныстырды, сондай-ақ көппартиялық жүйенің тиімділігіне тоқталды. Елбасының Қазақстан халқына жолдауы мен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласын жан-жақты түсіндірді.
Депутат жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажы мен ұсыныс-тілектерін тыңдап, сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар аудандағы шешімін таппай отырған күрделі мәселелерді Парламент деңгейінде көтеруге уәдесін берді.
Аудан кәсіпкерлері депутатқа көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, оларға тұжырымды жауаптар алды.