Бизнестiң дамуы оның иесiнiң дамуынан басталады – «Ақ жол» ҚДП-да бизнес жүргiзудің жаңа әдiстемелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

» Санат жоқ » Бизнестiң дамуы оның иесiнiң дамуынан басталады – «Ақ жол» ҚДП-да бизнес жүргiзудің жаңа әдiстемелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

27.03.2013, 00:00

27  наурыз  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі.
 
 Бизнестiң дамуы оның иесiнiң дамуынан басталады – «Ақ жол» ҚДП-да бизнес жүргiзудің  жаңа әдiстемелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті.
 «Дөңгелек үстелге» шағын және орта бизнестің,  индустрия және жаңа технологиялар, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, астаналық өнеркәсіп және кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдері қатысты. Кездесудің модераторы ретінде «Ақ жол» парламенттік фракциясының депутаты Талғат Ерғалиев сөйледі.
Кездесуде қаралған тұжырымдама  басқару, сату, қызметкерлер құрамы, қаржы сияқты және өзге де бизнесті дамытудағы проблемалық мәселелердің технологиялық шешiмдерiн енгiзу және дамытуды қамтиды. Осы технологияны өмірде  ойдағыдай қалай iске асыруға болады,  бұл туралы Қазақстанның Құрылысшылар Одағының атқарушы директоры Ринат Рамазанов, «TEF» ЖШС-нің Бас директоры Амангелді Мағзамов, «ҚР кадр орталығы» ЖШС-нің басқарушы директоры Еркебұлан Тілеулин баяндады.
АҚШ-нан шақырылған сарапшы Константин Новиков бәсекеге қабілетті бизнес құрудың қағидаттарын ұсынды.
– Бизнес оның иесінің деңгейінен жоғары дамымайды. Сіздің табыстарыңыз сіздің қабiлеттiлiктерiңiзбен деңгейлес. Егер сiз өз қабiлеттiлiктерiңізді көтерсеңіздер – сіздер өз табыстарыңызды арттырасыздар – деп есептейді бизнес-жаттықтырушы.
Семинарға қатысушылар мойындағандай, қазіргі заман болмысында бизнес-қоғамдастықтың  өздiгiнен дамуы – жетiстiктiң қайнар бұлағы, сондықтан да өздігінен білім алуға белсендi ұмтылыстың қажеттiлiгі туралы уәделестi. Мемлекет Басшысы аса назар аударған отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру әлеметтік жаңғыртудың маңызды кезеңі болып табылады. «Ақ жол» партиясы осы бағытқа жәрдемдесуді  өзінің парламенттен тыс қызметінiң негiзгi аспектiлерiнiң бiрi ретінде қарайды.