Азат Перуашев – Парламенттік азшылықтағы партияның заң жобалары Парламентке келіп түскенге дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға қатысуға құқысы болуы тиіс

» Санат жоқ » Азат Перуашев - Парламенттік азшылықтағы партияның заң жобалары Парламентке келіп түскенге дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға қатысуға құқысы болуы тиіс

04.03.2013, 00:00

4 наурыз  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Парламенттік азшылықтағы партия заң жобалары Парламентке келіп түскенге дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға қатысуға құқысы болуы тиіс – бұл туралы Қазақстанның «Ақ жол»  Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев өткен бейсенбіде болған   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің отырысында мәлімдеді.
Парламент партияларының атқарушы меморгандармен әзірленетін заң жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы оны Парламентке енгізудің алдында жүргізуі қабылданатын шешімнің ашықтығын және тиімділігін арттырады – деп есептейді қазақстандық демократтардың көшбасшысы.
Қазіргі уақытта басқарушы партия, үкіметті қалыптастыра отырып, заң жобаларының бағытын да анықтайды. Бұдан ары қарай, Парламентте осы заң жобасын талқылау барысында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, парламенттік азшылықтағы партиялардың құжатқа маңызды өзгертулер енгізуге қол жеткізуі өте қиын, себебі парламент регламенті үкімет тұжырымдамасынан ауытқуға жол бермейді. Талқыланып жатқан заң жобалары жөніндегі парламенттік азшылдардың талаптары көбінесе ондағы сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын құрайтын  меморгандарға артық өкілеттіктердің қарастырылуына байланысты болады.
 «Партиялардың тұжырымдаманы дайындау сатысында заң жобаларын әзірлеуге және министрліктер мен ведомствалардың жанындағы сараптамалық кеңестерде талқылауға қатысуы парламенттік фракциялардың барлығының пікірін алдын-ала талқылау кезеңінде ескеруге мүмкіндік береді, бұл көптеген қарама-қайшылықтарды жояды, қабылданатын құжаттың ашықтығын және сапасын жоғарлатады», – деп атап өтті «Ақ жол» ҚДП жетекшісі. Ол «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасын талқылаған кезде, бірінші күні-ақ барлық үш фракцияның депутаттарымен 1200 жуық түзетулер енгізілгені туралы мысал келтірді. Сонымен бірге, осы заң жобасынан еліміздің Конституциясына, «Президент туралы» және «Үкімет туралы» конституциялық заңдарына, азаматтардың және ұйымдардың заңды құқықтарына қарамақайшылықтар табылған болатын; бірқатар нормалардың сыбайлас жемқорлықтың сипаты көрсетілді.
 «Іс жүзінде, әңгіме мүлде басқа заң жобасын жазу туралы болып тұр, ол үшін бұл құжаттың сапасы өте төмен болғандықтан ТЖМ-не қайтару қажет. Бірақ, қазіргі кезде рәсімдік шаралар бойынша бұған қол жеткізу мүмкін емес», – деп мойындады депутат.
Бұл ретте, Азат Перуашев еске салғандай, Қазақстанда заңнамаға алдын ала сараптама жүргізу жөнінде оң тәжірибе бар. Мысалы, ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы барлық меморгандарды экономика мәселелері жөніндегі заңдар мен  бұйрықтар жобаларын бизнес-қауымдастыққа сараптауға жіберуге міндеттейді. Бизнес-қауымдастық өкілдерінің пікірлері келешекте құжаттарды әзірлеу кезінде ескеріледі.