«Ақ жол» партиясының депутаттары Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынының алдын алу үшін Үкіметтің шұғыл түрде көмек көрсетуін сұрайды

» Санат жоқ » «Ақ жол» партиясының депутаттары Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынының алдын алу үшін Үкіметтің шұғыл түрде көмек көрсетуін сұрайды

13.03.2013, 00:00

13  наурыз  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
«Ақ жол» партиясының  депутаттары Шығыс-Қазақстан облысындағы түскен қардың еруіне байланысты өте қауіпті жағдай қалыптасуына байланысты Үкіметтің  шұғыл түрде көмек көрсетуін сұрайды – «Ақ жол»  фракциясының  депутаты Нұрлан Жазылбеков Мәжілістің пленарлық отырысында Премьер-министрге тиісті сауалмен шықты.
 «Ақ жол» партиясына түскен қардың еруіне байланысты өте қауіпті жағдай қалыптасқан Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарынан  хаттар келіп түсуде, мұнда кейбір мағлұматтар бойынша биыл түскен қардың көлемі жылдық нормадан үш есеге артып кеткен,- деп көрсетілген депутаттық сауалда.
Бүгінгі күннің өзінде облысты еріген су басуда, бiрнеше кенттер сыртқы әлемнен қатынассыз қалды. Соңғы аптада темiр жол төсемдерін судың басуы әлденеше рет темiр жол құрамдарының тоқтауына әкелген.
Бiрнеше шақырымға созылған мұзды кептелiс Таулы Үлбі өзені арқылы өтетін аспалы көпiрді жұлып кеткен. Облыс өзендеріндегі мұздың қалыңдығы ықтимал нормадан бірнеше есе асады, бұл тасқынға қарсы жұмыстарды тез арада жүргiзуді талап етеді, деп атап көрсетті Нұрлан Жазылбеков.
БАҚ-да тек жеке ауыл, кенттерді ғана емес, сондай-ақ үздiксiз өндiрiс оралымы бар – Қазмырыш,Титан-магний комбинаты, Үлбi металлургиялық зауыты және тағы басқа бірқатар ірі кәсiпорындар орналасқан Өскемен қаласын да су басу қауіпі туралы ашық айтылуда.
Ең қарапайым есептеулер бойынша он мыңдаған қала тұрғындары су басқан аймақтарда қалуы мүмкін.
Облыстың көптеген аудандарында қиын жағдай қалыптасқан. Мәселен, Күршiм, Қалжыр және Маралды өзендерінде судың ауыспалы деңгейі бiр жарым-екi метрге жоғары көтерiледi деп күтiлуде.
– Жалпы алғанда 80 мыңға жуық ауыл тұрғындары тұратын 157 елді мекен су басу қаупінде тұр. Қыстан  кейінгі  азықсыз қалған малдарына қосымша  қорлары  жоқ ондаған шаруашылықтар  орталықпен қатынассыз қалады, – деп өзінің алаңдаушылығын білдіреді ҚДП депутаттары.
Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша су тасқынына қарсы жұмысқа миллиардқа жуық теңге бөлінген. Алайда  бөлінген қаржы, сол сияқты арнайы техникалар да мүлдем жетіспейді.
Сонымен қатар, жуырда облысқа барған төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің басшылығы, министр В.Божконың өзі журналистерге ТЖМ-нің көмекке қажетті көлемдегі 2 млрд. теңгені бөлуге қауқарсыз екенін мәлімдеді.
– Алайда, облыстың қатардағы тұрғындары төтенше жағдайға дейiн, құтқаруға тым кеш болмай тұрғанда жедел және нақты көмекке зәру, деп сауалда ерекше көңіл бөлінеді.
Су тасқынының ауқымы және зардабы аса зор болып, Шығыс Қазақстандық мыңдаған жанұяларды және жүздеген объектiлерді күйреу шегiне әкелуі мүмкін деп есептейді фракция.
 «Ақ жол» партиясының депутаттары Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынының алдын алу үшiн ТЖ  туындаған жағдайда,  үкiметтiң резервiнен қосымша қаржы бөлуді  қоса алғанда, шұғыл түрде қажетті көмек көрсетуді сұрайды.
 
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыруды және қазақстандықтардың мүдделерін қорғауда өз жұмысын жалғастыра береді.