«Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев IIМ-нiң полицейлерге ескертусiз қару қолдануға рұқсат беру туралы ұсынысына қарсы шықты

» Санат жоқ » «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев IIМ-нiң полицейлерге ескертусiз қару қолдануға рұқсат беру туралы ұсынысына қарсы шықты

28.03.2013, 00:00

28  наурыз  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
 «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев IIМ-нiң полицейлерге ескертусiз қару қолдануға рұқсат беру туралы ұсынысына қарсы шықты.  ҚДП-ның жетекшiсі тиісті мәлiмдемені бүгін ҚР IIМ-нiң жанындағы Қоғамдық кеңестiң отырысында «ҚР ішкі істер органдары туралы»  Заң жобасының тұсау кесерінде жасады.
Заң жобасының ережелерімен IIО қызметкерлеріне атыс қаруын ескертусiз қолдануына құқық берiледi.  Сондай-ақ құжаттың басқа ережесімен  азаматтардың жарақат салатын патрондары бар өзін-өзі қорғау қаруына (әрі қарай – жарақаттайтын қару) иелiк етуіне тыйым салу енгiзiледi.
 «Ақ жол» парламенттiк фракциясының жетекшiсi Азат Перуашев аталған нормалардың ұсынылған редакцияда бөлек қаралғанына заң жобасының тұсаукесеріне қатысушылардың назарын аударды. Сонымен бiрге, олар тікелей өзара байланысты.
Заң жобасын дайындаушылар  елде соңғы 5 жылда азаматтардың жарақаттайтын қаруды қолданумен 700 шамасында қылмыс жасалғаны туралы статистика келтiредi, бірақ неге екенін белгісіз, полицейлердің негізсіз қару қолданғаны туралы қанша мәліметтер тіркелгенін айтпайды – дедi Азат Перуашев. – Ал мұндай деректер бар. Кейбiр мәліметтер бойынша мұндай құқық бұзушылықтар тәртiп сақшылары тарапынан шамамен 2 есе артық. Мүмкiн мен қателесетін де шығармын, онда салыстыру үшiн нақты мәлiметтер берiңiздер. Бұл ретте қарудың бұл түрлерiнің қауiптіліктерінiң әр түрлi деңгейін ескеру керек. Иә, жарақаттайтын қаруда қауіпті жара салады және кейде тiптi өлтiредi. Алайда, полицейлер қолданатын атыс қаруы, сөзсіз өлтiредi.
Заң жобасының нормасымен егер қызметкер атыс қаруын заңсыз қолданса, онда белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкке тартылатыны қарастырылады.
– Полицейдің «белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкке тартылғанынан» оның қолынан қаза тапқан адам өмiрге қайта келмейді,- деді қазақстандық демократтардың көшбасшысы. Жақында Алматыда полицей бұзақылығы үшін ер адамды атып тастады. Бірақ, бiрiншiден,  адам жазықты болғанның өзінде, кісіні сотсыз өлтiруге кім құқық бердi? Екiншiден, погонды кісі өлтiрушiні мүлкiн тәркiлеп, 7 жылға соттағаннан не қайыр, өлгенді тiрiлте алмайсың!
ҚДП жетекшісінің пікірінше азаматтар үшiн тыйым салу және полицейлер үшін рұқсат беру туралы IIМ-мен ұсынылатын нормалармен құқықтық теңгерiм бұзылады.
Халықаралық тәжiрибе көрсеткендей полицейлерге қаруды ескертусіз қолдану құқығы тек тұрғындары да қаруды еркiн иелену тәжірибесі бар елдерде ғана берілген, мысалы АҚШ-та, азаматтары иір ойықты және автоматты қаруды қолдануға құқығы бар.  Азаматтардың  қару ұстауға құқығы жоқ елдерде, тәртіп сақшыларының да  ескертусіз атуға құқығы жоқ.
Ойға қонымдысы, егер азаматтарды жарақаттайтын қару ұстауға тыйым салатын болса, онда IIБ-нiң қызметкерлерiне қаруды ескертусiз  қолдануға еркіндік беруге болмайды деп жалғастырды «Ақ жол» фракциясының жетекшісі. Егер де соңғыларына бәрі-бір бұл құқық берілетін болса, онда тұрғындарға жарақаттайтын қаруды пайдалану құқығы сақталуы тиіс.
Бүгiн IIМ вице-министрі Ерлiк Кененбаевпен былтырғы жылғы құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн аттестациялаудан кейiн 4 300 полицей қызметтен шығарылғаны туралы айтылды.  Шамасы, бiздi қорғауға тиісті жандардың қатарында, психикалық жағынан қызба мінезді, жеке басының рухани проблемаларымен жүрген тұлғалар да бар,- дейдi Азат Перуашев.  Егер де полицейлердің қаруды қолдануы туралы ереже қолданысқа енсе, бұл кісілер бiзге де оқ ата алар ма едi! Қарапайым адамдардың өмiрі мен қауiпсiздігі үшін қорқынышты.
Азат Перуашев атап көрсеткендей, демократияландыру жағдайында бүгiнгi таңда  бiрiншi кезекте азаматтардың құқығы шыққаны ескеріліп, бұл IIО туралы заң жобасында мәлімделіп отырған тұста құқықтық теңгерiм тіптен қажет.