Кейбір БАҚ-дағы «рейдерлiк» тәрізді және кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы туралы А.Перуашевты кінәлаған жарияланымдарға байланысты

» Санат жоқ » Кейбір БАҚ-дағы «рейдерлiк» тәрізді және кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы туралы А.Перуашевты кінәлаған жарияланымдарға байланысты

27.03.2013, 00:00

Қазақстанның «Ақ жол» Демократикалық партиясының баспасөз қызметі кейбір БАҚ-дағы «рейдерлiк» тәрізді және кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы туралы А.Перуашевты кінәлаған жарияланымдарға байланысты келесіні хабарлайды.
 
1.Олардың «Жайнак и Ко» ЖШС-ін«рейдерлік басып алу» туралы айтқандары шындыққа сәйкес келмейді.  Аталған ЖШС-іүлесін қазіргі оппоненттердің  ұзақ уақыт бойы сұрауымен А.Перуашев ресми түрде алған. Мәміле сомасы толық төленген, бұл құжаттармен, сонымен бiрге үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерiмен расталған.
2.  Депутатты «кәсіпкерлік қызметке» айыптауға қатысты, Перуашев мырза 2009 жылы аталған ЖШС-тің қатысушысы болды, яғни депутаттыққа сайланудан көп бұрын болғанын түсіндіруге тиіспіз деп есептейміз. Сайлаудан кейін, заң талаптарына сәйкес, депутат Перуашев өзіне тиеселі бизнесті, «Жайнак и Ко»  ЖШС-ті қоса алғанда сенiмгерлiк басқаруды басқа тұлғаға берді.  Бұл факт тікелей заңмен қарастырылған ресми рәсімдерге сәйкес куәландырылған.
          
3. Осылайша, Перуашев мырзаның атына тағылған барлық кінәлар жалған болып табылады, бұл Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 8 қазандағы шешімімен және Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2013 жылғы 6 ақпандағы шешімімен, яғни  әртүрлі және бір-біріне тәуелсіз сот инстанцияларымен расталды.
 
4. Сонымен қатар, сот процестерінде жолы болмаған А.Перуашевтің оппоненттері, қабылданған сот шешімдерін жоғары сатыдақайта қарау мақсатында, осы сияқты жарияланымдар арқылы судьяларға психологиялық қысым көрсетуге белсенді түрде талпынуда.  Іс жүзiнде жол беруге болмайтын қарсы шығулар және басқа жақтың тарапына тiл тигiзулер қосарланып сот процесiне заңсыз араласулар жүруде.
Бұл қысымның айқындығы сондай, Ресейлік «REGNUM» ақпараттық агенттігінің тәуелсіз сарапшылары және Қазақстандық саяси шешімдер институты А.Перуашевқа бұл ақпараттық шабуылды ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының көшбасшысы ретіндегі оның қызметіне қысым жасау әрекетімен байланыстырады (REGNUM АА Қазақстан тұрғындарының әлеуметтiк наразылығының өте қызғанына назар аударған: трендтер. 2013 жылдың 25 қаңтары; сондай-ақ Кургинян Орталығының ресейлік сайттарындағы, «Око планеты», Волгаинформ ақпараттық агенттіктеріндегі осындай сілтемелерін, т.б. қараңыз).
Мұндай көзқарастың пайдасына А.Перуашевпен және фракциямен көтерілген тек бірнеше мәселелерді келтірудің өзі-ақ жеткілікті: техникалық бақылау жүйесінің сыбайлас жемқорлықтық сипаты туралы, Жалған кәсіпкерлік үшін ҚК бабының сыбайлас жемқорлықтық сипаты туралы, азаматтық қорғау туралы заң жобасының сыбайлас жемқорлықтық сипаты туралы және т.б.
– 2012 жылы 7 ақпанда – А.Перуашев Парламентте заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізу туралы заң жобасын қатты сынға алды (нәтижесінде жоба қайтарылды);
– 2012 жылы 9 ақпанда – оларға мемлекеттiк сатып алу бойынша тендерлердi жүргiзу кезіндегі откаттардың сомалары  туралы мәлiмдеме жасалды;
– 2012 жылы 17 сәуірде, 16 қарашада және 5 желтоқсанда – «Ақ жолдың» фракциясы кәсіпкерлерден заңсыз алымдар алу, энергетикадағы монополист-компаниялардың  заңсыз тарифтері және талан-таражға салуы туралы мәселелерді көтерді;
– 2012 жылы 23 маусымда, 3 қазанда, 17 қазанда, 20 желтоқсанда және 2013 жылы 15 қаңтарда – кәсіпкерлерді, денсаулық сақтау, мектепке дейінгі білім беру, жұмыспен қамтуды қолдау салаларындағы бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалану, сондай-ақ осындай фактілер үшін шенеуніктердің дербес жауапкершілігі туралы;
– 2012 жылы 25 тамызда және 27 қыркүйекте – Оңтүстік Қазақстан облысының салық органдарындағы сыбайлас жемқорлық туралы (нәтижесінде облыстық комитеттің төрағасы жұмыстан босатылған болатын);
– 2012 жылы  26 қыркүйекте – «Қордай» кедендік бекетіндегі бопсалаушылық туралы (бірнеше айдан кейін бекет бастығы қызметінен босатылды) және т.б.
Тек, 2012 жылы ғана «Ақ жол» ҚДП фракциясымен 47 сауал ресми мәлімделді, министрлердің есеп беру барысында және Парламенттің ресми іс шараларында 118 өзекті мәселе көтерілді. Перуашевтің өзі 2012 жылы азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлық пен бопсалаудың нақты деректеріне қарсы іс-қимылдар жасау үшін Үкіметке, Бас прокуратураға және өзге де меморгандарға  600-ден астам хат және үндеулер жолдады.
Осыған байланысты, кейбір сарапшылар және бақылаушылар «Жайнак и Ко» ЖШС-ның айналасындағы жағдай үшінші бір тұлғалармен жасанды түрде ушықтырылып отыр (REGNUM АА көрсетілген жарияланымды және т.б. қараңыз), ал Перуашев мырзаның басқа біреудің артына жасырынған  оппоненттері негізінен ЖШС-тің дауы емес, тіпті басқа мақсаттарды көздейді. 
Бұған, ТБ орталықтарының иелері үшін заңдастырылған «пайда көзіне» айналған жеке автокөліктер үшін міндетті техникалық байқауды сақтау мәселесі бойынша А.Перуашевтің атына көрсетілген агрессиялық қарсы шығуларды жатқызуға болады. Былтырғы жылдың соңында Ғаламтор арқылы партиядағы «төңкеріс» туралы арандатушылық ақпарат жіберілген. Одан да ертерек осыған ұқсас жалған «өкініш», және көптеген өзгеде оқиғалар болды.
Біз, осындай барлық жаулық әрекеттерді «Ақ жол» ҚДП-ның және оның көшбасшысының өз сайлаушыларының мүдделерін қорғау және сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша жүргізіп жатқан белсенді саясатымен байланыстырамыз. Осы орынсыз шабуылдардың артында нақты кім тұр – қәзір соншалықты маңызды емес, себебі ерте ме кеш пе бүкіл құпия ашылмай қалмайды.
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, А.Перуашевтің жеке  өзі де жұмысын жалғастырады береді, бұған бізді парламенттiк мәртебе және өткен сайлаудағы жарты миллионнан астам қарапайым қазақстандықтардың қолдауы мiндеттейдi деп батыл айта аламыз.