«Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесі С.Сәрсеновтің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын доғару туралы өтініш қанағаттандырды

» Санат жоқ » «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесі С.Сәрсеновтің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын доғару туралы өтініш қанағаттандырды

05.03.2013, 00:00

5 наурыз  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
«Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесі С.Сәрсеновтің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын доғару туралы өтінішін қанағаттандырды.
А.ж. 27 ақпанында «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі С.О.Сәрсенов отбасының жағдайына байланысты 2013 жылдың 1 наурызынан бастап депутаттық өкілеттігін  мерзімінен бұрын доғару туралы өтініш берген болатын.
Партияның Жарғысына сәйкес, депутат С.О.Сәрсеновтің өтініші партияның Орталық кеңесінің қарауына шығарылып, 2013 жылғы 4 наурыздағы қаулысымен қанағаттандырылды.
Тиісті хаттама Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.