«Ақ жол» ҚДП фракциясы Парламенттiң және парламенттiк фракциялардың өкiлеттiктерiн кеңейту бойынша заңнамаға түзетулер енгiзедi

» Санат жоқ » «Ақ жол» ҚДП фракциясы Парламенттiң және парламенттiк фракциялардың өкiлеттiктерiн кеңейту бойынша заңнамаға түзетулер енгiзедi

28.03.2013, 00:00

28  наурыз  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі.
 
 «Ақ жол» ҚДП фракциясы Парламенттiң және парламенттiк фракциялардың өкiлеттiктерiн кеңейту бойынша заңнамаға түзетулер енгiзедi.
 «Ақ жол» ҚДП фракциясының жетекшісі Азат Перуашев хабарлағандай, Әділет Министрлігімен Парламенттiң өкiлеттiктерiн кеңейту туралы заң жобасы әзірленуде. Осыған байланысты ҚДП Орталық аппаратының заң бөлiмiне партиямен дайындалған  парламенттiк оппозиция туралы,  олардың қызметін БАҚ-да жариялағанда парламенттiк партиялардың теңдiгiне кепiлдiктер туралы, Мәжiлiстiң Регламентiне түзетулер енгiзу туралы және өзге де заң жобаларын жинақтап қорытып және Әдiлет министрлігiне «Ақ жолдың»  ұсыныстарын енгізуге тапсырма берілген болатын.
Осы ережелермен Парламенттегі саяси партиялардың фракцияларының ерекшелiктерін, мәртебесiн және өкiлеттiктерiн қарастыруды, парламенттік фракциялардың үкiметтің заң жобаларына, оларды Парламентке енгізбей тұрып сараптамаға қатысу құқығын бекітуді ұсынады. Мәселен, атқарушы мемлекеттiк органдар дайындаған заң жобаларына  оларды Парламентке енгізуге дейінгі кезеңде парламенттік партиялармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу  қабылданған шешімдердің ашықтығын және тиімділігін арттырады, деп есептейді «Ақ жол» фракциясының көшбасшысы Азат Перуашев.
Қазіргі уақытта басқарушы партия, үкіметті құра отырып, заң жобаларының бағытын да анықтайды.  Бұдан былай, Парламентте осы заң жобаларын талқылаған кезде келіспеушілік болған жағдайда, парламенттiк азшылықтағы партиялардың құжаттардың маңызды өзгерiстеріне қол жеткізуі өте қиын, себебi Парламенттiң Регламентi үкiмет тұжырымдамасынан ауытқуларға жол бермейдi. Сонымен бiрге, талқыланатын заң жобалары бойынша парламенттiк оппозицияның талаптары, көбіне, сыбайлас жемқорлық көрінісінің алғышарттарын құратын мемлекеттiк органдардың басы артық өкiлеттiктерiне байланысты болады.
Соның салдарынан заң жобаларының нормаларымен теріс қорытынды алған заң жобаларын түзеуге, Үкіметке, оларды қабылмауға шейін, қайтарып беруге, сондай-ақ баламалы заң жобаларын енгізуге Парламенттің құқығын күшейту қарастырылады.
Сондай-ақ, Парламент депутаттарының заң шығаруға бастамашылық мүмкіндіктері бекітіледі және күшейтіледі. Қазіргі таңда депутаттардың өз бастамасымен әзірленген заң жобалары үкіметтің қорытындысынсыз Парламенттің қарауына қабылдануы мүмкін емес.
Сонымен бірге, ҚР Коституциясының 61-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн заңдарға ғана қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң оң қорытындысы талап етіледі. Осыған байланысты, «Ақ жол» партиясы депутаттардың өздерінің заң жобаларын Үкіметтің келісімінсіз енгізу рәсімін Палата Регламентінде бекітуді ұсынады.
Осымен қатар, Парламент Мәжілісімен ҚР Үкіметінің және министрліктердің есептерін мақұлдау тәртібін, ҚР Үкіметінің жекелеген мүшелерінің қызметтен кетіру рәсімдеріне бастамашылық жасауға дейін, заңнамалық бекіту қарастырылады.
Сондай-ақ, «Ақ жол» фракциясы қолданыстағы заңнамаларда қарастырылғандай, Үкімет мүшелерінің Парламентте депутаттық сауалдар бойынша жеке есептер берумен сөйлеуіне іс жүзінде өтуді ұсынады. Қазіргі уақытта  осы бағыттағы жұмыстың үлгісі жазбаша түрде үстiрт жауаптар беруге жиi апарады.
Одан басқа, «акжолдықтар» парламенттiк тексеру институтын енгiзуге бастамашылық етедi, оның міндеті қоғам үшін өте өзекті мәселелердің айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.  Бұл ретте парламенттiк комиссиялардың өздеріне қарастыратын мәселелер бойынша түпкiлiктi шешiм қабылдауына өкiлеттiктер берілмейді, себебi бұл соттың айрықша құзыретіне жатады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы. Депутат Екатерина Никитинская хабарлағандай, «Ақ жол» фракциясымен бұл құжатқа 38 ұсыныс енгізілген. Заң жобасы тұжырымдардың сыбайлас жемқорлықты құрайтын ықтималдықтарын алып тастайды, анықтамаларды нақтылайды, мемлекеттiк сатып алулар туралы заңнама бұзушылыққа айыппұлдың көбеюiн бағамдайды. «Ақжолдықтардың» негізгі ұсыныстарының бірі парламенттік азшылықтағы партиялардың заң жобаларын және нормативтік-құқықтық актілерді қарайтын орталық мемлекеттік органдардың жанындағы барлық сараптамалық кеңестерге қатысуы, шенеуніктерге және ұлттық компаниялардың менеджерлеріне шетелде банктік есеп шоттарға және мүліктерге  ие болуға, оффшорлық аймақтар арқылы қаржылар аударуға тыйым салуы болып табылады.
 «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және қазақстандықтардың мүдделерін қорғау жұмысын жалғастыра береді.  3-14 сәуiр аралығында «Ақ жол» фракциясы депутаттарының республиканың аймақтарында көшпелі кездесулері өтеді.  Депутаттардың жоспарларында – кәсiпорындардың еңбек ұжымдарымен, кәсiпкерлермен кездесу өткізу, партия филиалдарындағы Қоғамдық қабылдауларда азаматтарды қабылдау бар.