Қылмыстық сипаттан арылту туралы заң жобасы бизнес-қоғамдастықтың күткен үмітін ақтамады – «Ақ жол» ҚДП фракциясы Мәжіліспен қабылданған құжатты қолдаудан бас тартты

» Санат жоқ » Қылмыстық сипаттан арылту туралы заң жобасы бизнес-қоғамдастықтың күткен үмітін ақтамады - «Ақ жол» ҚДП фракциясы Мәжіліспен қабылданған құжатты қолдаудан бас тартты

25.03.2013, 00:00

25 наурыз  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту жөніндегі заң жобасын Мәжілісте екінші оқылымда қарау барысында   «Ақ жол» ҚДП фракциясы құжатты қолдаудан бас тартты.
– Қаралып жатқан жобадан бизнес-қоғамдастығы кәсіпкерлердің мүдделерін нақты қозғайтын көптен мерзімі жеткен мәселелердің шешімін күткен, – деп атап көрсетті демократиялық фракцияның жетекшісі Азат Перуашев және «Ақ жол» партиясынан депутаттар кәсіпкерлердің мүдделеріне  қатысты дайындалған тұтас ұсыныстар пакетін енгізгенін еске салды. – Мәселен, Қылмыстық кодекстен 192-бабын  (жалған кәсіпкерлік) алып тастау, 190-бабын  (заңсыз кәсіпкерлік) қылмыстық сипаттан арылту туралы, заңсыз кәсiпкерлiк қызметтiң нәтижесінде өндірілуге жататын зиянды анықтау тәртібі бойынша және т.б.
«Ақ жол» депутаттары талап еткен осы және басқа да бірқатар тұжырымдамалық нормаларсыз, бұл заң жобасы шағын және орта бизнеске ешқандай принципті маңызы жоқ және ешбір жеңілдіктер әкелмейді.
«Ақ жол» депутаттары құжаттың декларативті және  формальды сипаты туралы  бұрында айтқан. Мәселен, жалған кәсіпкерлік туралы бапты алып тастаудың қажеттілігі туралы айтып, демократтар көшбасшысы:
– Мұндай «жалған кәсіпкерлік» деген қылмыс жоқ, бұл елес, тоғышарлар үшін құбыжық. Біздің құқық қорғау органдары бұл сөзбен – қолма-қол ақша аудару және алып кету, мемлекеттік қаржылармен астыртын әрекет жасау және т.б. деп атайтын барлық қылмыстың құрамы – шын мәнінде Қылмыстық кодекстің басқа баптарындағы  салық төлеуден жалтару, бөтен мүлікті ұрлау, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық және т.б. жатады. 192 бапты жоюға айырбас ретінде бұл баптар бойынша біз тіпті қаржылық жазалауды күшейтуді де ұсынғанбыз.
Міне алтыншы жыл «Атамекен» Одағына, ал қазір «Ақ жол» партиясына да меморгандар тиісті түзетулерді «жақын арадағы» заң жобасына енгізіуді уәде беріп келеді. Бірақ, әлі сол баяғы жартас, бір жар тас қалпында. Бірақ, бұл баптарды сақтау арқылы салық органдары таба алмайтын немесе іздегісі келмейтін жалған алаяқтар жасаған қылмыстар үшін адал бизнесті заңсыз қаржылық жазалау жалғастырылуда. Сонымен қатар, мұндай жалған кәсіпорындармен салық органдарының өздері де байланыста болатыны жиі кездеседі. Нәтижесінде,  соттар кінәлі деп біреулерді танып, ал мүлде басқаларды олардың бұзушылықтары үшін жазалайды.
«Ақ жолдың» ұсыныстарының барлық тізімінде осындай байыпты дәлелдер бар. Алайда, бұл бастамалар Үкіметтен теріс қорытынды алды және  сол үшін жұмыс тобымен қабылданбаған болатын.
– Біздің ұсыныстарымыз есепке алынбаса бұл құжат заң дайындаушылар тарапынан заң жобаларының жұмыс жоспарын орындау үшін ғана жасалған формалды жазба болып табылады. Және құжат нақты экономиканы қылмыстық сипаттан арылтуда, еліміздегі бизнес-ахуалды жақсартуда жұмыс істемейді, жаңасын жасамағанмен де, бар проблемаларды шешпейді. Сондықтан «Ақ жол» фракциясы бұл заң жобасын қолдаудан бас тартады, – деп қорытындылады Азат Перуашев.
Нәтижесінде осы заң жобасын дауысқа салғанда 8 депутат қалыс қалды.