«Деловая Неделя» газетінің Бас редакторы М. Әуезовке ‘Ақ жол’ Партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты А. Перуашевтың жазған ашық хаты

» Баспасөз жарияланымдар » «Деловая Неделя» газетінің Бас редакторы М. Әуезовке 'Ақ жол' Партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты А. Перуашевтың жазған ашық хаты

15.08.2014, 16:51

              Деловая Неделя (Алматы), № 31 (1105), 15.08.2014

         «Деловая Неделя» газетінде 2014 жылдың 11 шілдесіндегі № 26 санында А. Кеңестің «Еще раз о политических партиях» атты мақала жарияланды, авторы – Амир Кеңес деген біреу. 

Көрсетілген мақалада «Нұр Отан» партиясының қызметі оң беріліп, бірақ басқа парламенттік партиялардың, мәселен «Ақ жол» партиясының қызметі жағымсыз түрде еске салынады. Сонымен бірге мақаланың авторы деректерді бұрмалайды және дәйектемесіз ақпаратқа сілтеме жасайды, мұның өзі жарияланымның күні бұрын кесіліп-пішілген сипатын көрсетеді.

1. Мәселен, партияның қаржылық есептілігі туралы мәселені көтере отырып, журналист: «жуырда басқарушы партия төрағасының  бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Нұр Отанның» қаржылық есептілігі жақын арадағы айда жариялау ниеті туралы мәлімдеді…билік партиясының  жағымды тренд жасауға мүмкіндігі бар, оны партиялық алаңдағы бәсекелестер жай ғана қостап кетуге міндетті» деп бекіте түседі.

         Ал қаржылық есептілік – ешкімнің де «ноу-хауы» емес, айта кетейін, сонау 2002 жыл қабылданған «Саяси партиялар туралы» ҚР Заңының 18 бабының, 5 тармағының міндетті талабы. Егер билік партиясы бұл талапты қазірге дейін орындамаса, таң қаларлығы осы. Біз бұлай емес деп ойлаймыз. Алайда бұл шатпақ, шала таныс тақырыпты әңгімесіне арқау етіп алған, автордың «біліктілік» деңгейін өзінен-өзі көрсетіп тұр. 

Өз жағынан «Ақ жол» ҚДП тұрақты түрде жылдық қаржылық есептерін жариялап тұрады. Мәселен, Парламентке өткеннен кейін бұл есептер республикалық «Қазақ Үні» газетінде (09.04.2013 жылдың №  13,  22.04.2014 жылдың № 16) жарияланған. Сол себепті ешкімнің трендін бұл мәселеде бізге «қостап алып кетудің» қажеті жоқ.

 

2. Сондай-ақ, «Ақ жол» партиясының ағымдағы жұмысыбіржақты көрініс тапқан. Мысалы, «Екі басқа парламенттік партияларға қатысты айтсақ, олардың әзірге, толыққанды  ұйымдық және бастысы, идеологиялық бағдарлары байқалмайды. Біз ҚКХП  және «Ақжолдың» мәлімделген ұстанымдары мен нақты істерінің арасындағы сенделуді жиі көреміз», деп мығымдай түседі. Қосымша ретінде П.Своиктың «Время» газетіндегі сөздерін дәйексөз етіп алады: «Ақ жолдың» қазіргі басшылығының  өздерінің бағдарламасымен жаман атқа қалдыратын саяси байланысы білінбейді… «Нұр Отанның» нақты оппоненті болуға ҚКХП-сы мен «Ақ жол» үшін ең тиімді әдіс өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен жүру болып табылады деп ойлаймыз…».

Одан басқа, Сіздің авторыңыз «осы партиямен [«Ақ жол» – А.П.] байланысты, жылдың ең есте қаларлық оқиғасы оның құрамынан партия төрағасының орынбасары Людмила Жуланованың кетуі», деп сендірмекші болады және т.б.

А.Кенестің де, және сол П.Своиктың да бұл мәлімдемелері шындыққа жанаспайды. Мәселен, Л.Жуланова партиядан кетер уақытта (2013 жылдың 27 желтоқсанында) төрағаның орынбасары болып табылмаған, себебі ол партиямен байланысты үзгені үшін 13 желтоқсанда партияның съезінде бұл қызметке қайтадан сайланбаған. Бірақ ренжіп және баспасөзге жанжалды сұхбат беріп, Л.Жуланова ханым қоғамдық өмірден тағы да жоғалып кетті. Егер де ол партия мен ел тағдыры үшін «уайымдаса», неге ол тағы да көрінбей, тіпті естілмей де кетті? Мәселе мынада, ол соңғы жылдары негізінен Ресейде тұрып жатыр, ал Қазақстанға аракідік ғана көрініп кетеді. Және бұл партияның Л.Жуланованың ҚДП басшылығынан шығару туралы шешімінің дұрыстығын дәлелдейді.

Сонымен бірге соңғы жылдары партияның іс-шараларында көрінбеген адамның партиядан кетуін «ең есте қаларлық оқиға» деп атай отырып, А.Кенес «Ақ жол» ҚДП жүргізіп отырған ауқымды жұмысының рөлін саналы түрде төмендетеді.

  Қарапайым талдау П. Своиктың біздің қызметіміздің сайлауалды бағдарламаға сәйкес келмеуі туралы тұжырымының да жалғандығын көрсетеді. «Ақ жол» ҚДП-ның 2012 ж. сайлауалды бағдарламасында келесі бөлімдер ұсынылған: 

1. Жұмыссыздықты азайту, әлеуметтік әділеттілік және халықтың табысын арттыру;

2. Көпшілікке қолжетімді тұрғын үй;

3. Қолжетімді әрі ізгілікті медициналық көмек;

4. Қазіргі заманғы және сапалы білім беру;

5. Қазіргі заманғы өндірістік экономиканы құру, бизнеске қысымды төмендету және кәсіпкерлікке бұқаралық сипат беру;

6. Тек ірі қалаларға ғана емес, өңірлер мен ауылдарға да – лайықты өмір;

7. Биліктің қоғам алдында ашықтығы және есеп беруі;

8. Қазақстан халқының рухани-мәдени саласын дамыту;

9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сот – құқықтық реформа;

10. Әркімнің қауіпсіздігі, экстремизм мен терроризмге сенімді тосқауыл; тиімді сыртқы саясат. 

Тіпті Үкіметке ұсынған «Ақ жол» партиясының кейбір бастамаларын жай ғана санап шығу осы бағдарламада белгіленген салалар бойынша мақсатты жұмыстарды көрсетеді. Мәселен, бірінші бағыт бойынша (жұмыссыздық, әлеуметтік әділеттілік) – 2012 ж. 15 желтоқсанында «Ақ жол» ҚДП еңбек министріне «Ақжол» партиясымен дайындалған жұмыспен қамту мәселелері бойынша заң жобасын ұсынды, өйткені бұл саладағы қазіргі саясат көбіне формалды көреткіштерге бағдарланған, жұмыс берушілердің мүдделерінен алшақ және жұмыс орындарының нақты көбеюін ынталандырмайды.

Біздің заң жобамыз орын алып отырған кемшіліктерді жоюды және кәсіпорындар үшін ынталандыру жүйесін жасауды көздейді. Заң жобасының негізгі ережелерін «Ақ жолдың» депутаттары сондай-ақ 2013 жылдың 20 ақпанында Сенаттағы конференцияда таныстырған.

2013 жылдың 28 наурызында «Ақ жол» ҚДП басшылығы партиямен дайындалған жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң жобасын үкіметтің ведомствоаралық комиссиясына ұсынды, ондағы талқылау баяндалған тәсілдемелердің маңыздылығын көрсетті. Алайда ұзаққа созылған Еңбек министрлігі тарапынан үнсіздік 2013 жылдың 25 сәуірінде «Ақ жолдықтардың» қатаң сынына ұшыраған. 2013 ж. 3 мамырында Үкіметтен жауап алынған болатын, онда «Ақ жолдың» Заң жобасында баяндалған жұмыспен қамтуды шешудің жолдары оң бағаланды. Алайда оның қағидаларын кешірек дайындалатын үкіметтің басқа заң жобасына кіргізу ұсынылды. Қазіргі уақытта, бізге белгілі болғандай, ішінде «Ақ жолдың» жобасынан алынған бірқатар бастамалары да енген мұндай заң жобасы Парламентке енгізілу үшін дайындалып жатыр, біз оны тек қана құптаймыз.

2013 жылдың 15 мамырында, 18 қарашасында және 20 қарашасында «Ақ жол» депутаттары өткір талқылау үстінде  «Банкроттық туралы» үкіметтік заң жобасына қарсы шықты, себебі онда негізгі екпін кәсіпорындардың жойылуына жасалды, ал «Ақ жол» фракциясының кәсіпорындарды сауықтыру (жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік берер еді) туралы ұсыныстары қабылданбады.

2012 жылдың 31 мамырында фракция Үкіметке еңбек дауларын уақытылы алдын алуға бағытталған еңбек қарым-қатынастары туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын жіберді.        2013 жылдың 18 қарашасында «Ақ жол» партиясы өндірістің дәстүрлі «әйелдер» салаларын – тоқыма, тігін, азық-түлік өнеркәсібін және ауылшаруашылығын жан-жақты қолдау ұсыныстарымен шықты. Өйткені,  олардың өзектілігі әйелдердің зейнет жасының ұзартылуына байланысты күрт көтерілді.

2014 жылдың 22 қаңтарында ҚДП фракциясы Үкіметке ұлттық компанияларға және мемлекеттік қызметке мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін нормалар белгілеуді ұсынды. Үкіметтің жауабы теріс болғандықтан, 10 ақпан күні «Ақ жол» тиісті заң жобасын дербес жасап енгізген еді, оны да Үкімет қабылдамай тастады. 16 сәуірде біз азаматтардың көпжылдық еңбегі үшін «Еңбек ардагері» атағын жандандыруды ұсындық,  28 мамырда бұл ұсынысты Үкімет қолдады. Мұндай мысалдарды онан әрі де жалғастыра беруге болады.,

 Екінші бағыт бойынша (көпшілікке қолжетімді тұрғын үй) – 2013 жылы «Ақ жол» фракциясы Үй құрылысы жинақ банкісінің қызметіндегі заң бұзушылықтар туралы ұзаққа созылған пікірталастардың (2013 ж. 13 ақпанынындағы сауалдар, 2013 ж. 25 маусымындағы Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкісіне үндеухат, 2013 ж. 24 қыркүйегіндегі ҚДП мәлімдемесі, 2013 ж. 29 қазанындағы «Байтерек» холдингі үндеухат) қисынды аяқталуына қол жеткізді, онда қарапайым азаматтарға арналған «Қолжетімді баспана» бағдарламасын банкирлердің өздері пайдаланған. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жұмысында заң  бұзушылықтардың жоқтығы туралы Үкіметтің екі жауабына қарамастан, Президент Н.Ә.Назарбаевтың араласуынан кейін банк басшылығы қызметтерінен шеттетіліп, бағдарламаға қатысу тәртібі қайта қаралғаны белгілі.

2013 ж. 31 қаңтарда үлескерлер тобының үндеухатынан кейін және «Ақ жол» партиясының араласуымен «Алтын ғасыр», «Байқоңыр», «Европейский», «Үміт» және т.б. тұрғын үй кешендерінен мәжбүрлеп көшіру тоқтатылды.

2013 жылы 15 ақпанда «Ақ жол» партиясына «Қыпшақ» тұрғын үй кешенінің үлескерлер тобы салушының заңсыз қосымша талаптарына және оларға дайын пәтерлерді беруден бас тарту шағымымен келді. «Ақ жол» депутаттарының араласуынан кейін 2013 жылдың 28 ақпанында пәтерлер үлескерлерге беріліп, салушының заңсыз кіна қоюлары алынып тасталды.
     2013 жылдың 6 наурызында «Ақ жол» ҚДП-сы мемлекеттік органдар жоюды ұсынған азаматтардың тегін 10 сотық жер алу құқығын қорғауға  шықты. Депутаттардың жарты жыл бойы сыни бой көрсетулерінен кейін 2013 жылдың қарашасына қарай норманы қорғап қалудың сәті түсті, өңірлік даму министрі Б.Жәмішев азаматтардың 10 сотық жерге құқығын сақтауға келісті.

2013 жылдың 6 қарашасында «Ақ жол» депутаттары Үкіметке отбасылар үшін ипотекалық несиелерді субсидиялау енгізуді ұсынып, сауал жолдады, бірінші баланы туған кезде – несие сомасының 30 % мөлшерінде, екінші балаға – 50 %, үшіншіде – 80 %. Төртінші баланы туған кезде  ипотекалық несиені мемлекеттің есебінен толық төлеу ұсынылған болатын. Үкіметтен теріс жауап түсті.
       2013 жылдың 11 желтоқсанында және 2014 жылдың 22 қаңтарында «Ақ жол» фракциясы «Банкроттық туралы»  заң жобасын сынға алды, өйткені оған Үкімет «Ақ жол» партиясы әзірлеген «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» бөлімді қосудан бас тартты, ал ол ипотекашылдарды күйзелуден құтқаратын еді.

 «Банктер бүгін де тұтастай отбасыларын балаларымен бірге көшеге лақтырып тастап, тіпті жұмыс істеп жүрген адамдарды мүсәпір қылады.  Бұған жол берілмеу керек, оларға тым болмаса аздаған жағдайларды,  әйтеуір бір үйдің төбесі секілді баспанасын сақтау керек. «Ақ жолда» жеке тұлғалардың банкроттығын енгізіп мұны жүзеге асыруға болатынын мәлімдеді. Бірақ біздің ұсыныстарымыз Үкіметпен қабылданбады. «Ақ жол» партиясы мемлекеттік органдарға өзінің наразылығы туралы мәлімдеді және дауыс беру кезінде парламенттік фракциялардан жалғыз өзі оны қолдаудан бас тартты. Бұдан басқа «Ақ жол» депутаттары өздерінің «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасын әзірлегенін хабарлады, оның негізіне ипотекашыларды қорғау нормалары алынды. Бұл мәселеде «Ақ жол» партиясы көзқарастарының Президент Н.Назарбаевтың 2014 жылы 6 тамызда Үкіметке берген жеке тұлғалардың банкроттығы тетігін енгізу жөніндегі тапсырмаларымен үндес келгендігін айта кету керек.

Ағымдағы жылдың 8 қаңтарында «Ақ жол» партиясының депутаттары мемлекеттің қажеттілігі үшін бау-бақша телімдеріндегі жеке үйлерді алу кезінде азаматтардың құқығының бұзылуы жайында Үкіметке шықты. 2014 жылдың 31 наурызында осы мәселелер «Ақ жол» партиясымен Бас прокуратураның коллегиясында көтерілді. Оның үстіне, «Ақ жол» фракциясы «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға түзетулер даярлады, олар бау-бақша телімдеріндегі үй құрылысын тұрғын үйлерге теңестіруге мүмкіндік беретін еді, ал ол жерлерге тіркелу бұрыннан рұқсат етілген. Сонымен азаматтар алынып қоятын тұрғын үй үшін лайықты өтемақыға құқық алар еді. Өкінішке орай, мемлекеттік органдар бұл ұсыныстарға да тосқауыл қойды. Аталған заң жобасын 2014 ж. 21 мамырында болған Мәжілістің пленарлық отырысының екінші оқылымында талқылаған кезде барлық депутаттар азаматтық құқық бұзушылыққа ашынғандай болған, бірақ дауыс беру кезінде тек «Ақ жол» ҚДП ғана принципті ұстанымымен қалғаны әрине таң қалдырады. Қалған депутаттар үкіметтік тәсілдемеге дауыс берді.

2014 жылдың 2 сәуірінде «Ақ жол» ҚДП-сы Үкіметке ауыл тұрғындарын «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасына қосу туралы депутаттық сауал жіберді.

Үшінші бағыт бойынша (Қолжетімді және ізгілікті медициналық көмек) – 2013 ж. 11 қыркүйекте «Ақ жол» фракциясы денсаулық сақтау министріне жіберген депутаттық сауалында гепатитті диагностикалау және емдеу кезіндегі қалыптасқан жағдайды сынады (халықтың 70% -ының сапалы диагностикаға қолы жетпейді және науқастардың тек 7%-ы ғана тегін ем қабылдауға есептей алады).

2012 ж. 23 қазанында «Ақ жол» партиясы денсаулық сақтау министрлігі жүйесінде мүгедектерді куәландырудың бюрократтық және ізгілікті емес практикасын сынға алды. 

2012 ж. 3 қазанында, 2013 ж. 29 наурызында және 2013 ж. 16 қазанында біздің депутаттар денсаулық сақтау министрлігінен гардасил мен церварикс препараттарының балалар денсаулығына әсерін зерттеудің толық нәтижелерін алмай тұрып бұл препараттарды жарнамалауға тиым салуды талап етті. Берілген препараттармен вакцинация жасауды «Ақ жол» партиясы бұлардың мүмкін болатын ықтимал жағымсыз салдарлары туралы ескерте отырып, тек ерікті түрде ғана өткізуді ұсынды. БАҚ хабарлағандай 2013 ж. 9 қазанында, «Ақ жолдың» денсаулық сақтау министрлігіне аталған егулердің тәуекелділіктері туралы ескерту жасағанынан кейін де оларды қолданудан Екібастұз қаласында екі қыз бала комаға түскен.

2013 жылдың 6 ақпанында және 2014 жылдың 24 қаңтарында «Ақ жол» партиясы фармацевтикалық саланы дамыту бағдарламасының сәтсіздікке ұшырағанын сынады, 2014 жылдың 12 наурызында «СК-Фармация» қызметінде бұзушылықтардың жоқ екені туралы Үкіметтің жауабын теріске шығаратын қайтадан сауал жасалды. Қазіргі уақытта Мәжілісте «Халық денсаулығы туралы» Кодекс бойынша пікірталастар жүріп жатыр, оған да «Ақ жол» депутаттарымен бірқатар өзекті ұсыныстар енгізілген.

Төртінші бағыт бойынша (Білім) – 2012 ж. 16 мамырында «Ақ жол» фракциясы білім беру министрлігіне техникалық және кәсіби білім беруді дамытудағы проблемалар туралы сауал жолдады; 2012 ж. 21 маусымында партия депутаттары оған гранттарды әділ бөлу қажеттілігі туралы, дәл сол күні халықаралық білім олимпиадаларының қатысушыларының құқығын қорғау туралы сауалдар жіберді.

 2012 ж. 26 қыркүйегінде Ақмола облысының балабақшаларын қаржыландыру туралы «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалы жасалды, 2013 ж. қаңтарында қаржыландыру мәселесі шешілді.

2013 ж. 13 наурызында бір аймаққа бір жеке ЖОО-дан басқаларының бәрін жабу туралы білім министрлігінің бастамасына жауап ретінде бізбен білім министріне жеке ЖОО-ын қайта бөлісумен емес, сапалы білім берумен айналысуларын талап еткен сауал жарияланды.

2013 ж. 16 мамырында «Ақ жол» депутаттары Кедендік одаққа келіп түсетін оқу жабдықтарын және құралдарын кедендік рәсімдеу бойынша жаңа талаптарды енгізумен байланысты туындаған Қазақ-Түрік университетінің мүдделерін қорғау мәселесін көтерді және т.б.  

Бесінші бағыт бойынша (Қазіргі заманғы өндірістік экономиканы құру, бизнеске қысым көрсетуді төмендету және кәсіпкерлікке бұқаралық сипат беру) – 2013 ж. 6 ақпанында «Ақ жол» фракциясы Алматы облысының бірқатар  кәсіпорындарын «еркін қойма» режімінен заңсыз айыру жөнінде бас прокуратураға және кедендік бақылау комитетіне сауалмен шықты, бұл олардың шығындарының және өңірдің индустриясыздандыру қаупінің едәуір өсуіне әкеліп соқты. Нәтижесінде 2013 ж. 8 сәуірінде бас прокурор Асхат Даулбаев кедендік органдардың  көрсетілген шешімі тоқтатылды деп хабарлады. 2013 ж. 2 мамырында «Ақ жол» депутаттары болашақта мұндай бұзушылықтардан қорғау үшін еркін қойма режімін реттеуді жетілдіру туралы ұсыныстарын енгізді.

2013 ж. 12 қыркүйекте «Ақ жол» партиясы кезекті мәрте жасаған депутаттық сауалында Үкіметке, Еуроодақ тәжірибесі бойынша, ҚҚС салалық мөлшерлемелерін, әр салада орташа табыстылығының жартысынан жоғары емес деңгейде, енгізуді табандылықпен ұсынды.  Үкімет жауабы – теріс. 2013 ж. 16 қыркүйегі,  23 қазаны және 2014 жылдың 28 қаңтарында фракция азаматтардың мүлігіне мөлшерлемелерді көбейтетін Салық кодексінің жобасын қатты сынға алды. 2009 ж. 18 қыркүйегінде «Ақ жол» Үкіметке Алматының заттық базарларында болған өрттерден зардап шеккен кәсіпкерлерге жәрдемдесуді сұрап, өтінішпен шықты. 2013 ж. 2 қазанында «Ақ жол» ҚДП Үкіметке «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының орындалуына қауіп төніп тұрғаны туралы хабар берді, мұндағы 100-ден астам мақұлданған жобалар мемлекеттік қолдаусыз қалған. 2013 жылдың 6 қараша, 25 қараша және 18 желтоқсан күндері фракция «Сатып алулар туралы» заң жобасын отандық өндірушілердің мүдделерін қорғаудан бас тартқаны үшін сынға алды.

  2013 жылдың 30 қыркүйегінде және 7 қазанында «Ақ жол» фракциясы кәсіпкерлерге арта түскен қысым жасаушылыққа байланысты Қаржы полициясын жоюды ұсынды. 2014 жылдың тамызында Қаржы полициясы таратылды.

2012 жылдың 17 мамырында және 2013 ж. 18 желтоқсанында «Ақ жол» депутаттары Үкіметке ШОБ-тің қайтадан құрылатын кәсіпорындары үшін алғашқы үш жылда салықтық демалыстар енгізу, және дәл осы мерзімде тексерулерден бас тарту жөнінде ұсыныстарын берді. Бұл бастамалар Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылдың 20 желтоқсанында индустрияландыру күнінің барысында Үкіметке берген тапсырмаларымен үндес болып шықты. Алайда «Ақ жолдың» депутаттық сауалына жауабында Үкімет орта бизнесті алғашқы 3 жылда тексеруден бас тартуды мақсатқа сай емес деп тапты, және бұл жеңілдікті тек шағын бизнес үшін қолдануға дайындығын хабарлады.

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында ҚДП жекеменшікті қорғауды және рейдерлікке қарсы әрекет етуді күшейту туралы ұсыныстарын жариялады. 2013 ж. 11 және 25 желтоқсанында, а.ж. 24, 29 қаңтарында және 16 маусымында «Ақ жол» фракциясы индустриаландыру бағдарламасының (ҮИИДБ) салалық және мақсатты көрсеткіштерінің орындалу барысы туралы Үкіметтің Парламент алдында есеп беру тәжірибесін енгізуді табандылықпен  талап етті. А.ж. 26 ақпанында және 4 наурызында ҚДП Үкіметті бизнесті тексеру саласында тәртіп орнатуға және кәсіпкерлерді бақылауды коммерцияландыруға жол бермеуге шақырды, себебі мұндай әрекеттер кейбір заң жобаларында көрінген болатын.

2014 ж. 31 қаңтарында «Ақ жол» партиясы «Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау» атты бастамашылдық заң жобасын енгізді, оны Үкімет қолдамады. Жоба ШОБ-ті қолдау туралы сөздермен қатар, сол келеңсіздіктерді жою үшін жасалған, нақты жеңілдіктерді (салық салуда, қаржылық есептілікте және т.б) мемлекеттік органдар тек шағын бизнеске береді. Дегенмен шағын бизнес сауда және қызмет көрсету салаларында шоғырланған. Өндірістік кәсіпорындардың, тіпті өңдеуші сектордың өзінде де, негізгі көпшілігі орта бизнеске жатады, оны «Ақ жол» депутаттары заңнамалық артықшылықтар кешенімен қолдауды ұсынды. Өкінішке орай, жоба қорытындысында Үкімет орта бизнесті қорғау бойынша шаралар жеткілікті деп шешті. «Осылайша біз өндірістік емес, сауда экономикасын ынталандырамыз» – «Ақ жолда» мемлекеттік органдардың жауабына осындай түсіндірмелер берілді. 2014 жылдың 4 наурызында «Ақ жол» партиясының басшылығы ресми брифингте  жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың жүйелік проблемасы  ретінде орта бизнеске назар аударылмай отырғанын атап өтуге мәжбүр болды.

2014 жылдың 2 сәуірінде фракция депутаттары  Үкіметке, экономикаға араласуды азайту мақсатында, мемлекеттік қатысумен жаңа кәсіпорындар құруға мораторий енгізуді ұсынды. БАҚ-ынан белгілі болғандай, 2014 ж. 26 маусымында Үкімет Парламентке  енгізу үшін тиісті заң жобасын мақұлдады. 

2014 ж. 29 сәуірінде «Ақ жол» партиясы мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұзақ уақыт көтеріп келе жатқан жалған кәсіпкерлік үшін қаржылық санкцияларды адал бизнеске көшіру проблемасы бойынша пікірталастардың нәтижесінде, ҚР Президенті әкімшілігі басшылығының тапсырмасы бойынша, бизнес үшін жанға бататын осы мәселенің шешімін табатын ведомствоаралық жұмыс тобы жұмысын бастады.

2014 ж. 21 мамырында «Ақ жол» депутаттары еркін экономикалық аймақтардың тиімділігінің төмендігін сынға алды және олардың тартымдылығын әлемнің табысты экономикаларының тәжірибесі бойынша, салық салу және инфрақұрылым саласында инвесторларға  алдыңғы қатарлы  артықшылықтарды беру есебінен көтеруді ұсынды.

 2014 ж. 11 маусымында «Ақ жол» басшылығы ресми брифинг барысында отандық өндірушілер үшін квазимемлекеттік секторды, ұлттық компанияларды және ірі жер қойнауын пайдаланушыларды сатып алуларына артықшылықтарын сақтау қажеттілігі туралы мәлімдеді.

2014 ж. 25 маусымында «Ақ жол» фракциясы Үкіметке үлескерлердің шағын және орта кәсіпорындар ашу үшін алған коммерциялық үй-жайларына қатысты мәселелерінің шешімін табу туралы өтінішін білдірді. 2008-2009 ж.ж. дағдарыстан кейін олардың жекеменшігі қалалық қызметтерге берілді, ал қалыптаспаған кәсіпкерлер олардан алынған жылжымайтын мүлік үшін әлі күнге дейін несиелерін төлеуді жалғастыруда. «Ақ жолда» бұл мәселені жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде, үй-жайларды оларды адал  сатып алушыларға мақсатты түрде беру жолымен шешуді ұсынды.

Алтыншы бағыт бойынша (Ауылдар мен өңірлерге лайықты өмір) 2012 жылдың 24 сәуірінде «Ақ жол» партиясы Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарын газдандыру бағдарламасына енгізуді талап етіп, оған қол жеткізді. 2012 ж. 2 мамырында біз Үкіметке ауылдағы жас мамандарды әлеуметтік қорғау туралы сауал жібердік.

2012 ж. 10 мамырында – тек ірі қалаларда ғана емес, сонымен қатар ҚР барлық аумағындағы соғыс ардагерлерінің тең құқықтарын қамтамасыз ету және оларды қолдау шаралары туралы. 2012 ж. 6 маусымында – аймақтарды ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері туралы.

2012 жылдың  13 маусымында «Ақ жол» Үкіметке ауылшаруашылық техникасы өндірісін қолдау туралы сауал жіберді. 27 маусымда – астық өнімдерін қабылдау мен сақтауға аграрлық-өндірістік кешеннің дайындығы туралы сауал.

2013 ж. 16 мамырында ҚДП депутаттары батыс аймақтардағы тауарлық бекіре балық өсіруді қолдау туралы сауал жолдады. 2013 ж. 11 қыркүйегінде партия өңірлер тұрғындары үшін газ бағасын төмендету мәселесін көтерді. 2013 ж. 18 қыркүйегінде «Ақ жол» фракциясы ауылшаруашылығы министрлігінен, «ҚазАгро» холдингінен және «Азық-түліккорпорация» АҚ-нан алыпсатарлардың айла-шарғысынан қорғау үшін шаруа қожалықтарынан астық сатып алуды шұғыл бастауды талап етті. 2014 жылдың 19 ақпаны мен 19 наурызында «Ақ жол» депутаттары ауылшаруашылығының мал өсіру саласы үшін субсидияларды кідіртуді тоқтатуды талап етті, және т.б.

Жетінші бағыт бойынша (Биліктің қоғам алдындағы ашықтығы және  есептілігі 2012 ж. 26 қыркүйегінде «Ақ жол» депутаттары ҚР-ның кедендік бақылау комитетінің төрағасына берген сауалында Жамбыл облысы мен басқа өңірлерде кедендік бекеттерді өту кезінде азаматтарды кемсітуді және бопсалаушылықты тоқтатуды талап етті. 2012 жылдың 25 желтоқсанында біз кеден қызметкерлерінің жұмысының мониторингін көпшілік алдында көрсету үшін кедендік бақылаудың барлық бекеттеріне тікелей интернет-трансляция орнатуды ұсындық.

2012 жылдың 1 қазанында «Ақ жол» ҚДП бюджетті қозғамайтын депутаттардың заң жобаларына Үкіметтің қорытындысынан бас тарту арқылы Парламенттің өкілеттілігін күшейту мақсатында Мәжіліс регламентіне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарын жіберді. Партиялық фракциялардың өкілеттілігін күшейту бойынша, Парламент палаталарының, комитеттер мен жұмыс топтарының  отырыстарын интернет арқылы тікелей трансляция жасауды енгізу, парламенттік тергеу институтын енгізу және т.б. бойынша қадамдар белгіленді.

2012 ж. 17 қазанында ҚДП фракциясы кәсіпкерлікті қолдау бойынша бағдарламаларда бюджеттік қаражаттардың төменгі тиімділігіне және ұтымсыз пайдалануына әкеліп соғатын мемлекеттік органдардың функцияларының қайталануын сынға алды.

2013 ж. 4 наурызында «Ақ жол» ҚДП-сы парламенттік азшылықтағы партияларға заң жобалары Парламентке келіп түскенге дейін оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамалар жасау құқығын беруді ұсынды.

2013 жылдың 19 сәуірінде «Ақ жол» партиясы кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен дауларында олардың заңдық мүдделерін қорғау үшін  Қазақстанда бизнес-омбудсмен ұстанымын құруды ұсынды. 2014 жылы Мемлекет Басшысы кәсіпкерлердің Ұлттық палатасына бизнес-омбудсмен лауазымын енгізуді тапсырғаны белгілі.

Сондай-ақ 2013 жылдың 19 сәуірінде «Ақ жол» фракциясы екінші рет (2012 жылдың 1 қазанынан кейін) электрондық Парламент қағидасын іске асыруды және парламенттік тексеру институтын енгізуді ұсынды. Электрондық Парламенттің негізгі идеясы нақты заң жобаларын  қарау бойынша отырыстан тікелей трансляцияны жүзеге асыру болып табылады. 2013 жылдың 30 мамырында Мәжіліс басшылығы палаталардың пленарлық отырыстарынан тікелей интернет-трансляцияның  басталғанын  хабарлады.

2013 ж. 6 мамырында ҚДП Парламенттік «өзін-өзі бақылау»  тәжірибесін сынады, «Ақ жол» партиясы депутаттарының нақты ұсыныстары бойынша пікірталастарда қарсы дәлелдердің болмауынан Үкіметтің теріс қорытындыларымен «Ақ жол» ұсыныстарына шектеу қойылып жүр. Осыған байланысты «Ақ жол» тағы да Үкіметпен өзара қарым-қатынаста Парламенттік фракциялардың мәртебесін нығайту және Парламенттің өкілеттілігін  кеңейтудің қажеттілігін мәлімдеді. 2013 жылғы 28 мамырда бұл мәселе   Мәжілістің Бюро отырысында талқыланған, оның барысында спикер Нұрлан Нығматуллин қорытынды талап етілмеген кездің өзінде Парламенттік пікірталастарды Үкіметтің қорытындыларымен алмастыруды тоқтатуды тапсырды.

2013 жылдың 30 мамырында «Ақ жол» фракциясы Үкіметтің жұмысын қанағаттанарлықсыз деп тапты және 2012 жылғы бюджеттің орындалуы туралы есепті қолдаудан бас тартты.

2013 жылдың 5 маусымында ҚДП депутаттары  «А» корпусына сынақтан өте алмаған,  бірақ  аталған санаттағы лауазымын атқаруды жалғастырған шенеуніктерді жұмыстан шығаруды талап етті.

2013 жылы 27 қыркүйекте  «Ақ жол» ҚДП төрағасы Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконы «Ақ жолды» заң жобасына орай   негізсіз сынға алған айыптауларына байланысты «Азаматтық қорғау туралы» туралы заң жобасы бойынша тікелей эфирдегі ашық пікірталасқа шақырды. Министр одан тартынды, заң жобасына  барлық фракциялардың депутаттарымен  2 мыңнан астам түзетулер  енгізілді, жобаның 80 пайызынан астамы қайта өңдеуге ұшырады. 2014 жылдың тамызында Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік таратылды, оның функциялары әртүрлі басқа мемлекеттік органдарға берілгені белгілі.

2013 ж. 23 қазанында «Ақ жол» фракциясы бюджеттік қаржыларды шенеуніктердің қарауы бойынша қайта бөлуге мүмкіндіктер тудыруына  байланысты бюджеттік заңнамаға өзгерістер енгізетін үкіметтік жобаны сынға алды және қолдау көрсетуден бас тартты. Сондай-ақ  2013 жылдың 23 қазанында «Ақ жол» депутаттары Ұлттық қордағы трансферттер туралы заң жобасын қолдамады және оның қаржыларын басқарудың ашықтығын қамтамасыз етуге шақырды.

2013 ж. 11 желтоқсанда «Ақ жол» партиясы өзінің депутаттық сауалында атқарушы органдардың қызметіне парламенттік бақылауды күшейту мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың барысы туралы жыл сайынғы ұлттық баяндамалар жасау тәжірибесін енгізуді ұсынды. 2014 ж. 15 қаңтарында ҚДП фракциясы Үкіметтің депутаттық сауалдарға жауаптарының қанағаттанарлықсыз сапасы туралы мәлімдеді және кейбір өздерінің сауалдарын  қайта қарауды  талап етті.

2014 жылдың 24 қаңтарында  «Ақ жолдың» депутаттары,  фармацевтикалық саладағы жағдайға ұқсас сәтсіздіктер жібермеу үшін, министрліктердің Президент Жолдауының орындалуы туралы есеп беруін енгізуді талап етті. 2014 жылдың 29 қаңтарында «Ақ жол» партиясының депутаттық сауалында  индустрияландыру бағдарламасының (ҮИИДБ) мақсатты көрсеткіштеріне жетуі туралы Үкіметтің Парламент алдында  жыл сайынғы  есебін енгізудің қажеттілігі туралы мәлімдеді.

2014 ж. 12 наурызында ҚДП фракциясы партияның депутаттық сауалдарына жауап әзірлеуге жауапты шенеуніктерді немқұрайлығы және көзбояушылықтары үшін жауапкершілікке тартуды талап етті.

2014 ж. 9 сәуірінде «Ақ жол» депутаттық сауалында мемлекет Басшысының  экономиканы және кәсіпкерлікті қолдауға Ұлттық Қордан бөлген 1 трлн. теңгенің пайдаланылуына жариялы бақылау енгізуді талап етті. А.ж. 18 сәуірінде ҚР Ұлттық банкі төрағасының басқаруымен осындай комиссия құрылды, алайда Ұлттық банктің ойдан шығарылған қарсылықтарына байланысты «Ақ жол» партиясының өкілдерін Комиссия құрамына жібермеді.

 26 маусымында «Ақ жол» ҚДП оның депутаттарының маңызды мәселелерді талқылау кезінде пленарлық және Парламент палаталарының бірлескен отырыстарында сөйлеу құқығынан  оқтын-оқтын айырылуына байланысты наразылығын білдірді және кезекті рет Мәжіліс регламентіне партиялық фракциялардың құқықтарын бекітуді ұсынды.

Сегізінші бағыт бойынша  (Қазақстан халқының рухани-мәдени саласын дамыту)2012 жылдың 26 мамырында  «Ақ жол»  ҚДП ересектер үшін  қазақ тілін оқытудың үздік методикасы  байқауының қорытындысын шығарды.

2012 жылдың 23 қарашасында  «Ақ жол»  партиясы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің қолдауымен «XXI ғасырда Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы Алаш қозғалысы  идеяларының өзектілігі» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді. 2012 жылдың 24 желтоқсанында «Ақ жол»  ҚДП-сы Халықаралық бизнес академиясымен бірлесе отырып «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің қазіргі Қазақстан қоғамындағы экономикалық көзқарастарының  өзектілігі атты конференция өткізді. Бұл конференциялар жыл сайын өткізіліп келеді.

 2013 жылдың 23 қаңтарында  «Ақ жол» депутаттары 2017 жылы «Алаш»  ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығын лайықты ұлықтау жөнінде мемлекеттік комиссия құру туралы Үкіметке сауал жолдады.

 2013 жылдың 15 мамырында  «Ақ жол»  фракциясы  Сарайшық қаласының археологиялық кешенін сақтау туралы Үкіметке сауал жіберді; 2013 жылдың 19 маусымында  партия  Үкіметке халқымыздың тарихи құндылықтарын және раритеттерін Қазақстанға қайтару жұмыстарын ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады. 2013 жылдың 22 мамырында партия Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-імен бірлесіп жас ғалымдардың инновациялық жобаларының форумын өткізді.

2013 жылы 31 мамырда «Ақ жол» партиясы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған бірқатар іс-шаралар өткізді.  Мәселен, бұл  күні «Ақ жол»  ҚДП депутаттары және қызметкерлері  жұмысқа ҚР мемлекеттік туының түсіндей ленталармен шықты. Партия көгілдір ақық түсті ленталарды, мемлекеттік тудың бөлшегі ретінде – Тәуелсіздік күні және Жеңіс күні сияқты даталардың бұлжымас белгісі етіп, дәстүрлі түрде тағып жүруді ұсынды.
         2013 жылы 28 маусымда бір топ журналистер  «Қазақ» газетінің 100 жылдығы құрметіне орай «Ақ жол» партиясының  сыйақысымен марапатталды.

2014 жылы 12 наурызда фракция депутаттары Күлаш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры ұжымын қорғау туралы Үкіметке сауалмен шықты.

2014 жылдың 28 наурызында «Ақ жол» партиясының фракциясы Қазақстан халқы ассамблеясының  депутаттық тобымен ынтымақтастық меморандумына қол қойды, осының негізінде ағымдағы жылдың 8 сәуірінен бастап Ассамблея депутаттары фракцияның отырыстарына еркін кіруге және мәселелерді талқылауға қатысуда.

2014 жылдың 19 наурызында «Ақ жол» партиясы Қазақстан халықтарының материалдық емес мәдени мұраларының Ұлттық тізімін үнемі кеңейтіп және нақтылау жолымен  мәдениетті сақтау және дамыту туралы Үкіметке сауал жолдады.

2014 жылдың 14 мамырында «Ақ жолдың» депутаттары Үкіметке халықтың қалың топтарының арасында хат жазудың сауаттылығы мен мәдениетін көтеру мақсатында сынақ тапсырушылардың өзі қалаған тілінде «Жаппай диктант» жазу халықаралық акциясына қосылуды ұсынды. Бастама Үкімет тарапынан қолдау тапты.

А.ж. маусымында «Ақ жол»   ҚДП-сы Қазақстандық тарихшылардың экспедициясын ұйымдастырды және қаржыландырды, соның арқасында бұрын белгісіз болып келген «Алаш»  қозғалысы қайраткерлерінің бірқатар құжаттары Ресейден табылды., және т.б.
         Тоғызыншы бағыт бойынша  (Сыбайлас жемқорлықпен күрес) 2012 жылдың 14 наурызында «Ақ жол»  депутаттары несие алу кезінде екінші деңгейлі банк қызметкерлері тарапынан кәсіпкерлерді бопсалау мен алым-салық алу проблемасы бойынша ҚР Ұлттық банкіне  мәселе қойды

2013 жылдың 14 қаңтарында азаматтардың банктердегі  құқықтарының  бұзылуына қарсы әрекет ету үшін, фракция банк қарыздарының типтік шартын заңнамамен бекітуді ұсынды. Типтік шартпен қарастырылмаған банктің шарттарын заңсыз деп табу ұсынылды. Алайда «Ақ жолдың» бастамасымен Ұлттық банк келіспеді.

2012 жылдың тамызында Шымкент қаласында кәсіпкерлермен болған кездесуден кейін, «Ақ жол» фракциясымен қаржы министріне Оңтүстік Қазақстан облыстық  салық комитетінің бастығын орнынан алуды талап еткен хат жолданды, өйткені, оның қоластындағылардың жалған кәсіпкерлік және сыбайлас жемқорлық жасауын қанатының астына алуы сот органдарымен әшкереленген. 2012 жылы 27 қыркүйекте партияға шенеуніктің лауазымдық қызметінен босатылғаны жөнінде министрдің жауабы келді.

2012 жылы 8 қарашада Мәжілісте өткізілген Үкіметтік сағат барысында  «Ақ жол» Қостанай облысының жер қатынастары бойынша агенттік органдарының басқа коммерциялық құрылымның мүдделеріне заңсыз жолмен кәсіпкерлерден жер телімдерін алып қойғаны жөнінде мәлімдеді. «Ақ жол» партиясы заңгерлерінің жәрдемдесуімен аталған талас сотта оң шешімін тапты.

2012 жылдың 20 желтоқсанында фракция депутаттарының өтінішінен кейін, қаржылық бақылау комитетімен Ақмола облысының мектепке дейінгі мекемелер жүйесі басшылығының бюджет қаражаттарын негізсіз пайдаланғаны жайлы деректер табылды.

2013 жылдың 11 желтоқсанында «Ақ жолдың» жеке автокөліктерге міндетті техникалық байқауды алып тастау туралы бастамасынан кейін, Көлік және коммуникациялар министрлігі басшылығының қатысуымен өткізілген фракция отырысында, әсіресе бұл функцияны жеке құрылымдарға беруге байланысты мағынасыздық және сыбайлас жемқорлықтық тудыратындықтан, кеңінен талқылауға түсті. Сондай-ақ бұл мәселе «Ақ жол» фракциясының депутаттарымен 2013 жылы 13 ақпанда және 2013 жылы 19 маусымда Мәжілісте «Жол қозғалысы туралы» заң жобасын талқылау кезінде көтерілген.  «Ақ жолдың» ұсыныстары Үкіметтен қолдау таппады.

2013 жылы 4 наурызда «Ақ жол» партиясы отандық сыбайлас жемқорлық ауқымының сараптамалық бағалауын жариялады – тәуелсіздіктің 20 жылында Қазақстаннан оффшорларға 138 млрд-тан астам доллар шығарылған; мемлекеттік кәсіпорындар өнімді нарықтық бағадан 3-4 есе қымбат бағаларға сатып алады. Бұл ақшалар елден сыртқа шығарылғандықтан экономикаға жұмыс істемейді және әлеуметтік теңсіздікті қалыптастырады. Сыбайлас жемқорлық барлық жерді жайлаған: оңтүстік өңірден партияға, мектепке – директордан еден жуушыға дейін, жұмысқа орналасудың ресми емес бағаларын жіберді, тиісті қызметтерге алудың орташа мөлшерлемесі – жарты жылдық жалақыны құрайды.

2013 жылы 3 сәуірде «Ақ жол» Кипрде тыйым салынған есепшоттардағы Қазақстандық  ақшаның бар жоғына қатысты сауалмен шықты, және бұл жағдайды заңсыз шығарылған ақшаларды елге қайтару үшін  пайдалануды ұсынды.

2013 жылы 6 мамырда «Ақ жол» депутаттары  «Жергілікті өзін-өзі басқару» туралы заң жобасында ұсынылған мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамадан жергілікті әкімдердің қызметін алып тастауға қарсы шықты. Мұндай шешім сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылықтар және жергілікті бюджетті бақылаусыз пайдалану үшін жол ашады. 2013 жылы 15 мамырда жауап келді, Үкімет «Ақ жолдың» бұл мәселені заңнамамен реттеу туралы ұсыныстарымен келісті. 

2013 жылдың 16 мамыр және 9 қазанында «Ақ жол» фракциясы Үкіметке кәсіпорынды оңалту және банкроттығы жөніндегі уәкілетті органның функцияларын салық комитетіне бермеу туралы талап қойды,  өйткені бұл кредиторлардың құқықтарына қысым жасауға әкеледі және сыбайлас жемқорлық үшін шарттар жасайды. Салық комитетінің бастамасымен кәсіпорындардың өздерінің жеке активтерінен 1%-дан  төмен қарыздарымен күйзеліске ұшырағаны туралы мысалдар келтірді. «Ақ жолдың» ұстанымы естілмей қалды.

2013 жылы 20 мамырда «Ақ жол» депутаттары  астық нарығын реттеу туралы заң жобасын талқылау кезінде қолда бар астық туралы дәйексіз мәліметтер бергені үшін элеваторлардың қызметкерлеріне айыппұлдарды көтеруге қарсы шықты. Көтеріңкі мәліметтер жергілікті әкімдердің нұсқауы бойынша көрсетіледі, сондықтан ҚДП депутаттары ауылдықтарды емес, қосып жазуға түрткі болып отырған шенеуніктерді жазалау керек деп санайды.

2013 жылы 30 мамырда  Мәжілістің пленарлық отырысында Үкіметтің 2012 жылғы есебін талқылау кезінде «Ақ жол» фракциясы жұмсалынған соманың және алынған нәтижелердің сәйкеспейтінін сынға алды. Мәселен, ҮИИМДБ-на 842 млрд. теңге бөлінген, бірақ  өңдеу саласының  өндірген өнімінің көлемі 7%-ға төмендеген. Жұмыспен қамту бағдарламасына 90 млрд. теңге жұмсалған, ал жұмыссыздық 320 мың адамға өскен. Осыған байланысты, «Ақ жол» партиясы сұрақ қойды: егер қаржы игерілген болса, олар әйтеуір бір жерден көрінуі тиіс емес пе, жаңа өндіріс және жұмыс орындары ашылуы түрінде ме немесе оффшорлық аймақтарға кетіп жатыр ма?

   Мәселен, одан әрі талқылау барысында белгілі болғандай ҮИИМДБ іске асыруға әлдеқайда аз сома бөлінгендігі белгілі болды.

   2013 ж. 19 маусымда «Ақ жолдың» депутаттары ТЖМ-інің еншілес құрылымдардың қаржылық мүддесін лоббилендіруін айыптады: мәжілістің пленарлық отырысында «Азаматтық қорғау туралы» заңды талқылау кезінде министр Божко «Өрт сөндіруші» АҚ жұмысы туралы айта келе: «Біз тендерлерді ұттық…» « Біз объектілерді алдық..» деп атап көрсете берді. «Ақ жол» министрдің өзін бизнесмен санайтынын аңғарды. 

2013 жылдың 19 қарашасында «Ақ жолдың» депутаттары өңірлік даму вице-министрі С.Нокинді Үй құрылысы жинақ банкісін бетінен қақпай мақұлдай бергенін айыптады, оның қызметкерлері «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы қаржысын өздерінің жеке пәтерлерін алу үшін пайдаланған. Тіпті Президенттің банкирлерді сынағанынан кейін де Нокин мырза іс жүзінде заңсыз сызбаларды жасыра отырып, олардың  әрекеттерін ақтауын жалғастыра берді. Осыған байланысты ҚДП депутаттары шенеуніктің атқаратын қызметіне сәйкес еместігі туралы мәселе қойды.

2014 жылдың 26 ақпанында «Ақ жол» фракциясы Үкіметке «Мемлекеттік бақылау және қадағалау» заңының күшінен тексеруші мемлекеттік органдарды шығаруды тоқтату талабын қойған сауалын жолдады. Бұл беталыс көптеген жағдайларда байқалуда, министрліктер заңда жазылған рәсімдерден әр түрлі сылтаулармен қашқысы келеді. Нәтижесінде, заңсыз тексерістер деректері бойынша кәсіпкерлерлердің өтініш-шағымдарының 75%-ы расталуда. Дәл осындай тексерістер жемқорлықпен, бопсалаушылықтармен, алым-салықтарымен байланысты.

2014 жылдың 4 наурызында «Ақ жол» партиясы брифинг барысында кейбір мемлекеттік органдардың тәуекелділікті бағалау жөніндегі функцияларды «тәуелсіз» деп аталатын, ал іс жүзінде – коммерциялық ұйымдарға беру жолымен кәсіпкерлерді тексеруді коммерцияландыру талпыныстарына жол беруге болмайтынын айтты. Сонымен, бизнес таңдаудың алдына тұр: «тәуекелдіктерді тәуелсіз бағалау» үшін ресми төлеу, немесе мемлекеттік органның толық масштабты тексерісіне ұшырау. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын құрайды, сондықтан тәуекелділіктерді бағалау тәуекелділіктерді басқару жүйесі бойынша бақылау аясында мемлекеттік органдардың өздерінің тікелей міндеті болуы тиіс – деп мәлімдеді «Ақ жол» партиясының басшылығы.

2014 жылдың 16 сәуірінде «Ақ жол» депутаттары Үкіметке қазақстандық экономиканы оффшорсыздандыруды жүргізуге және жоғарғы қызметтегі шенеуніктердің шет елдік шоттарына қатысты банктік құпияны болдырмау ұсыныстарымен сауал жолдады. Осы тақырып бойынша бұрын жіберілген екі сауалға үкімет бұл мәліметтердің банктік құпия болып табылатыны жайлы жауап берген.  Алайда «Ақ жол» фракциясы аса ауқымды бюджеттік қаржыға билік жүргізетін шенеуніктердің банктік шоттарына банктік құпия таралмауы тиіс деп есептейді. Барлық өркениетті әлемде осындай тұлғалардың кірістер туралы декларациялары ашық  ақпаратқа жатады. Осыған байланысты, «Ақ жол» партиясы «Оффшорлық аймақтар арқылы жүзеге асырылатын қызметті реттеу туралы» заң шығаруды ұсынды. А.ж. 17 маусымында Қазақстанның экономикасын оффшорсыздандыру туралы кешенді шаралар әзірлеу туралы Үкіметтің жауабы алынды.

2014 ж. 30 сәуірінде «Ақ жол» ҚДП фракциясы алкоголь айналымын реттеу туралы заңды оның жемқорлық тудыруы мүмкін сипатына  байланысты қолдамады. Ондағы бекітілген ең төменгі жүктеменің 20% болуы  (алкоголді ішімдік өндіруге лицензия алу үшін) ақылға сыймайды, шығынға ешкім жұмыс істемейді. Яғни, қалған 80% қуат көлеңкелі нарыққа өнім шығару үшін пайдаланылатын болады. «Ақ жолдың» алкоголді кәсіпорындардың ең төменгі жүктемесін 50%-ға дейінгі арттыру туралы ұсынысы мемлекеттік органдармен, тіпті оның бюджетке түсімдердің күрт (2,5 есе) өсуін және алкоголдің көлеңкелі нарықта азаюын қамтамасыз ететініне  қарамастан, қолдау таппады.

2014 жылдың 19-22 мамыры аралығында Астанада «Ақ жол» партиясының шақыруы бойынша Швейцарияның парламенттік делегациясы болды. Швейцарлық депутаттар Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы көлеңкелі экономикаға және жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі (ҚДП төрағасы басқаратын) кеңестің отырысына қатысты, фракция мүшелерімен, «Kazakhstanfinancialintegrity» қаржылық ашықтық қорының басшылығымен кездесті; сыбайласқан шенеуніктердің іс-әрекетінен зардап шеккен азаматтармен жемқорларды іздеу және қаржыны қайтаруға қатысты соттық тәжірибе талқыланады.

2014 жылдың 11 маусымында «Ақ жол» фракциясы Үкіметке жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекет басшысының отандық автоөндірісті  қолдау туралы  талабын елемеуі жайында сауалын жолдады. Мынадай нақты мысалдар келтірілді, мемлекеттің есебінен қымбат шетелдік маркалы автомобильдер сатып алынады, ал Қазақстандық құрастырудағы сапалы және қымбат емес автокөліктер шенеуніктердің жеке қалауымен еленбейді. Мұндай деректер қорғаныс министрлігі жүйесінде, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола, Атырау облыстарында тіркелген. «Ақ жол» депутаттары осындай сатып алулардың негізділігіне қызметтік тергеу  жүргізуді талап етті. Проблеманың өзектілігін келесі дерек те растайды, «Агромашхолдинг» АҚ және «Caрыарка-Автопром» ЖШС-нің мәліметтері бойынша 2014 жылы қазақстандық автокөліктерге мемлекеттік тапсырыс 2013 жылмен салыстырғанда бірден 2 есеге төмендеген.

2014 жылдың 23 мамырында «Ақ жол» партиясының делегациясы Швейцария парламентінде сол елдің үкіметінің шақыртуымен жемқорлыққа қарсы ҚДП бастамаларының тұсаукесерін өткізді. Швейцарияға жемқорлық жолымен жеткен, өзге елдердің қаржысын аударуларды оқшаулау туралы Швейцарияда қаралатын заң жобасына «Ақ жол» партиясының ұсыныстарын жіберу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Мұның бірден-бір мысалы ретінде күдікті тегіне байланысты тұтқындалған Храпуновтар отбасыларының капиталының жайы талқыланды.

 25 маусымда Мәжілістің экономикалық реформа жөніндегі комитетінің отырысында «Ақ жол» партиясы елде квази-мемлекеттік сектор саласында теріс пайдаланушылыққа әкелетін корпоративтік жемқорлық тәжірибесінің қалыптасқаны туралы мәлімдеді. Осы саладағы сатып алулардың көлемі  мемлекеттік сатып алудан 6 есеге артық болғанына қарамастан, мұнда тендерлер және конкурстар рәсімдері заңнамалық тұрғыдан реттелмеген, ал ол айла-шарғылар үшін кең өріс ашады. Осыған байланысты, «Ақ жол» мемлекеттік органдардан ұлттық компаниялардың, мемлекеттік қатысуымен кәсіпорындардың және ірі жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін реттейтін «Сатып алулар туралы» заң жобасын әзірлеу және енгізуді талап етті, және т.б.

 Оныншы бағыт бойынша (Әркімнің қауіпсіздігі, экстремизм мен терроризмге сенімді тосқауыл, тиімді сыртқы саясат) – 2012 жылдың 5 қыркүйегінде «Ақ жол» партиясы Шығыс-Қазақстан облысындағы радиоактивтік ластануды жою туралы қоршаған ортаны қорғау министрлігіне талаптар қойып шықты.

2012 ж. 9 қыркүйегінде «Ақ жол» партиясы Үкіметті «Протон» зымыранын ұшыруды осындай әуе кемесінің 2012 жылдың 2 шілдесінде құлау себептерін тексеріп болғанша және мұндай апатты келешекте болдырмау жөнінде шаралар қабылдағанша тоқтата тұруға шақырды.

2012 ж. 19 қыркүйегінде Іле-Алатауы ұлттық қорығында экстремистермен жасалған жаппай адам өлтіру секілді жан түршігерлік оқиғалардың алдын алу мақсатында қорықшыларға иір ойықты қару ұстауына салынған тыйымды алып тастауды және қорықшылық қызметтеріне өзге де қауіпсіздік және байланыс құралдарымен қажетті көмек көрсетуді ұсынды. 

Сондай-ақ 2012 жылдың 19 қыркүйегінде жол-көлік оқиғалары кезіндегі адам өлімінің өте көптігіне байланысты «Ақ жол» фракциясы Үкіметке Алматы-Астана трассасын және өзге де ірі жол желілерін 4 жолаққа дейін кеңейту және қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс жолақтарын бөліп тұратын тосқауыл қою жолымен жаңғыртуды ұсынды. «Көлік жолдарында біздің азаматтарға қарсы зор құрбандықтармен толастамайтын соғыс жүріп жатыр. Жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқан қазақстандықтардың саны Кеңес әскерінің Ауғанстандағы соғысындағы шығынынан екі еседен астам артық: онда 10 жылдағы ұрыстарда 14 мың жауынгер өлді, ал біздің елде соңғы 10 жылда 32 мың бейбіт азаматтар көз жұмды» – деп атап көрсетілді сауалда. 2012 жылдың 23 қазанында Алматы-Астана және басқа да бірқатар трассаларды тиісінше жаңғырту жобасының Үкіметпен дайындалып жатқаны туралы жауап алынды.

2012 ж. 3 қазанында «Ақ жол» партиясы СІМ-іне Ертіс пен Іле өзендерін пайдалану жөнінде ҚХР-мен келіссөздерде Қазақстанның ұлттық мүдделерін белсенді қорғау талабын қойды.

2012 жылдың 6 қарашасында ҚДП фракциясымен кәмелет жасына толмағандардан жауап алу уақытының ұзақтығын бұрынғы 4 сағаттың орнына 45 минутке дейін қысқарту жөнінде ювеналдық әділет туралы заң жобасына ұсыныстар жіберілді.

2012 жылдың 21 қарашасында «Ақ жол» депутаттары Үкіметке бекіре тұқымдас балықтардың табиғи уылдырық шашу орындарын қорғау және Қазақстан экономикасы және табиғаты үшін өзендердің су шаруашылығындағы маңызын сақтау мақсатында Үкіметке  Орал өзенін пайдалануды Ресеймен реттеу туралы сауал жолдады.

2012 ж. 5 желтоқсанында Еуразиялық экономикалық комиссиясымен Кедендік одақтың ҚҚС мөлшерлемелерін жақындату жөнінде конкурс жариялануына байланысты «Ақ жол» фракциясы салықтарды ресейлік деңгейде үйлестіру және көтеруге ҚР Үкіметі келісім берді ме деп сауал жолдады. «Ақ жол» басшылығы ЕЭК тарапынан Қазақстанға бөтен фискальдық көзқарастарды таңу әрекеттеріне қатты сыни бағасын берді. Экономикалық саясатты анықтау қазақстандық мемлекеттің бұлжымайтын құқығы, ал ол өзінің ұлттық мүдделерін басшылыққа алуы тиіс екендігін атап көрсетті. Үкімет ЕЭК-ға салықтарды үйлестіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге уәкілдік бермегенін хабарлады.

2012 жылдың 24 желтоқсанында «Ақ жол» партиясының басшылығы Мемлекет басшысының 2050-Стратегиясында берген ұлттық мүдделерді ілгерілетудің құралы ретінде Қазақстанның сыртқы саясатын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын қолдайтынын мәлімдеді. «Ақ жол» партиясы үшін бұл принципті сәт, өйткені біз тұрақты түрде біздің ұлттық заңнамамызға қысым жасауға жол беруге болмайтыны туралы мәселені қойып жүрміз. Бұған байланысты біз ресейлік әріптестеріміздің кедендік одақтың «ұлттықтан жоғары тұратын» парламент құру туралы ұсыныстарымен үзілді-кесілді келіспейміз. Қазақстанның тағдыры мен тәуелсіздігі біздің халқымыздың және мемлекеттің қолында болуы тиіс» – деп атап өтілді ҚДП басшылығында. Тәуелсіздігімізге қатер төндіруге жол берілмейтіні туралы осындай мәлімдемелер партия басшылығымен 2013 жылдың 22 қарашасында., 2014 жылдың 22 қаңтарында және 9 маусымында жасалды. 

2013 жылдың 30 қаңтарында «Ақ жол» депутаттары Үкіметке сауалында 2013 жылдың 28 қаңтарынан 29-на қараған түні Алматыдағы жер сілкінісінде ТЖМ қызметтерінің әрекетсіздігін өткір сынға алды. Бірқатар жер асты дүмпулері ресми органдардан ақпараттардың болмауынан тұрғындардың көңіл-күйлеріне үрей туғызуға әкеліп, дүрбелеңге салды. Сол кезде ТЖМ басшылығы  мобилдік байланыстың операторларын қорғаныс іс-шаралары туралы смс хабарламалары үшін төлемақы сұрады деп көрсетіп айыптады. Алайда мобильді байланыс операторлары мұндай кінәлауды теріске шығарды, ТЖМ тарапынан ешқандай сұраныс болмағанын мәлімдеді.

2013 жылдың 28 ақпанында «Ақ жол» партиясы «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасын оның қазіргі заманның жағдайларына сәйкессіздігіне байланысты Үкіметке қайта өңдеу үшін қайтарылуын талап етті. Заң жобасын сынау «Ақ жол» депутаттарының сөздерінде 2013 жылдың 5,12,28 наурызында, 18 сәуірінде, 16 мамырында, 9 қыркүйегінде, 6,18 қарашасында., 2014 жылдың 19 ақпанында жалғасты.

2013 жылдың 13 наурызында «Ақ жол» фракциясы Үкіметке Шығыс-Қазақстан облысында су тасқынының алдын-алу үшін шұғыл көмек көрсету өтінішімен шықты. 157 елді мекендерді су басып қалу қауіпі туындаған еді.

2013 жылдың сәуірінде травматикалық қаруға тыйым салуды енгізу туралы пікірсайыстар аясында «Ақ жол» фракциясы ІІМ-нен полицейлердің қару қолданғанынан азаматтық тұлғалардың қаншасының және қандай жағдайларда өлгені туралы мәліметтерді жариялауды талап етті.

2013 жылдың 19 маусымында «Ақ жол» депутаттары «Ішкі істер органдары таралы» заң жобасын оған азаматтарға травматикалық қаруды иемденуге тыйым салатын, және сонымен бір мезетте – полицияға ешқандай  ескертусіз атыс қаруын қолдануға рұқсат беретін нормалар енгізілуіне байланысты қолдаудан бас тартты. Травматикалық қарудан 2008-2012 жылдары 22 адамның өлгені туралы статистикаға сүйенген ІІМ дәл осы кезеңде полицейлердің өздерімен 23 адам өлтірілгені туралы жақ ашпады, бұл олармен азаматтарды тонаулар және қарақшылық шабуылдарын жасаған кезіндегісі ғана, ал  олардың өкілеттіктерін және қызметтік міндеттерін асыра пайдаланған кезде өлтіргендері есепке алынып отырған жоқ. Сол себепті «Ақ жол» партиясы азаматтарды өзін-өзі қорғау құралдарынан айыра отырып, сонымен бір мезгілде полицейлермен атыс қаруымен бақылаусыз қолдануын заңдастыруға болмайды деп санайды. Пікірталастар нәтижесінде полициямен қаруды ескертусіз қолдану туралы нормалар алынып тасталды.

2014 ж. 7 наурызында, 2 және 28 мамырында «Ақ жол» партиясының басшылығы Украинада бірлік және келісімді сақтаудың қажеттігі туралы мәлімдеді, достық қатынастағы елде қантөгісті тоқтатуға  және азаматтық бейбітшілікті қалпына келтіруге шақырды.

2014 жылдың 9 сәуірінде «Ақ жол» фракциясы Үкіметке есірткі саудасымен айналысқаны және жастарды нашақорлыққа тартқаны үшін жауапкершілікті қатайту қажеттілігі туралы сауалмен шықты.

 2014 ж. 30 сәуірінде «Ақ жол» фракциясы ҚР Қарулы күштерінде мерзімді әскери қызметін өтеген жас адамдарды, ведомстволық марапаттарды, жоғары білім алуға арнайы гранттарды, жұмысқа орналастыру кепілдемесі және т.б. қоса алғанда, көтермелеу шараларын кеңейтуді ұсынды. Алайда Үкімет қолданыстағы ынталандыруларды жеткілікті деп тапты.

2014 жылдың 9 маусымында «Ақ жол» партиясы Қазақстанның салық саясатына Кедендік одақ және ЕЭО бойынша серіктестеріміз тарапынан араласуына жол беруге болмайтындығы туралы өз ұстанымын  қайталады.

2014 ж. 11 маусымында «Ақ жол» депутаттары ішкі істер министріне жолдаған сауалында бір айдан кейін ерікті іздеушілер өлі тапқан Қостанай облысындағы жоғалған қызды іздестіру кезіндегі полицейлердің немқұрайлығына өздерінің наразылықтарын білдірді. Осы уақыт бойы баланы әкеткен кісі өлтірушінің бейнежазбасы полицияның иелігінде болған. Депутаттар бұл мәселе бойынша қызметтік тергеу жүргізуді талап етті.

 А.ж. 13 маусымында «Ақ жол» партиясының басшылығы Бас прокуратураға автоәуесқойларға жол-көліктік оқиғаларының олардың бейнетіркеуіштерінің кадрларына  түсіп қалған бейнежазбалары үшін ақша төлеуді ұсынды. Сонымен жол-көліктік оқиғалардың кінәлілерін анықтау бойынша айла-шарғылар жасаудың мүмкіндіктерінің жолы кесіледі, сарапшылар мен  тергеушілердің жұмысында әжәптәуір уақыт және бюджеттік қаржы үнемделеді – деп есептейді «Ақ жолда»., және т.б.

***

Бұл жасалған жұмыстардың толық тізбесіне маңайламайды да, оның үстіне бұл  орталық деңгейдегі ғана. Және әрбір бағыт бойынша осылай. Бұдан «Ақ жол» ҚДП-ның бастамалары тікелей сайлауалды бағдарламадан шығып отырғанын аңғаруға болады. Тілек білдірушілер партия сайтына жәй ғана көз жүгіртіп, «Ақ жолдың» ағымдағы жұмысын сайлауалды міндеттерімен салыстыруына болады. Сол себепті біздің іс-әрекеттеріміздің бағдарламаға «сәйкессіздігі» туралы мәлімдеу – яғни оқырмандарды қасақана алдау.

П.Своик мырзаның «Ақ жол» партиясының бағдарламасы іске асырылмай қалады деп кінәлауына келсек, бұл біздің бастамаларымыздан әртүрлі сылтаулармен бас тартып жүрген мемлекеттік органдарға қойылатын сұрақ. Парламенттік азшылықта естіртетін құқық бар, бірақ шешімдерді басқарушы көпшіліктің қабылдайтыны мәлім. Кез келген жағдайда, «Ақ жол» партиясы өз бастамаларын заңда қарастырылған барлық әдістермен: Үкіметке практикалық сауалдар жіберу, заңнамаға ұсыныстар немесе дербес заң жобалары түрінде іске асыруға ұмтылады. Бұл күш-жігердің табандылық деңгейін, жоғарыда атап өтілгендей, ең болмағанда, қайталанып (екінші, үшінші және кейде тіпті төртінші мәрте) жолданып жатқан сауалдардан, көп ай және тіпті көп жыл (ҚҚС салалық мөлшерлемелері, жалған кәсіпкерлік, ипотекашылар, жеке тұлғалардың банкроттығы жағдайларындай) бойында жүргізілген пікірталастардан байқауға болады.   

Баяндалған ақпарат «Ақ жол» партиясының сайтында ашық қолжетімділікте тұрғанын, сондай-ақ көрсетілген кезеңдерде әртүрлі басылымдармен жарияланғанын тағы бір атап өтеміз. Сол П.Своик мырзаның өзі 2014 жылдың 30 қаңтарында «Время» газетінде «Майдан – слово тюркское, или Что нам делать, чтобы не стать украинцами» мақаласында іс-әрекетке қабілетті көппартиялы Парламент қалыптастырудың қажеттілігі туралы айта келе, көп те емес, аз да емес, тура келесіні: «Экономиканы… қазірден-ақ тамаша кәсіпқой Азат Перуашев басқарған «Ақ жол» ұсына алады  – мұнда ештеңені айырбастау да керек емес», деп мәлімдеуі кездейсоқтық емес.

Мұндай көңіл-күйдің маусымдық буырқанулары көп жағдайда П.Своик мырзаның өзін сипаттайды, көріп отырғандай, тіпті өзімен-өзі де көбінесе келісе бермейді. Алайда ҚДП жұмысы туралы ақпаратты «білмеуді», немесе оны А.Кеңес тарапынан саналы түрде елемеуді мәселені баяндаудағы күні бұрын кесіп-пішілген ой дегеннен өзге ештеңемен түсіндіру мүмкін емес.

Сонымен, «Еще раз о политических партиях» мақаласындағы «Ақ жол» партиясы туралы мәліметтердің шындыққа сәйкессіздігіне байланысты осы хатты ҚР «Бұқаралық ақпараттық құралдары туралы» Заңының 19 бабының, 2 тармағына сәйкес көрсетілген жарияланымды теріске шығару ретінде жариялауыңызды талап етеміз.

 

            

Құрметпен,

            «Ақ жол» демократиялық

Партиясының төрағасы                                                                 А. Перуашев