«Ақ жол» фракциясы араласқаннан кейін «Қыпшақ» тұрғын үй кешенінің үлескерлері пәтер кілтін алды

» Санат жоқ » «Ақ жол» фракциясы араласқаннан кейін «Қыпшақ» тұрғын үй кешенінің үлескерлері пәтер кілтін алды

28.02.2013, 00:00

28 ақпан  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
 «Ақ жол» фракциясы араласқанан кейін «Қыпшақ» тұрғын үй кешенінің үлескерлері пәтер кілтін алды.
15 ақпанда «Ақ жол» ҚДП фракциясының Қоғамдық қабылдауына  «Қыпшақ» тұрғын үй кешенінің үлескерлері атынан Бақыт Оралбаева және Айбарша Ерғалиева өтінішпен келді. Олардың айтуынша, құрылыс салушы («Какаду» ЖШС) олардың құнын толығымен төлеп қойғандарына қарамастан, қосымша келісімге қол қоюға мәжбүрлеп, дайын пәтерлерді беруден бас тартып отыр. Бұл келісімде қарастырылған тармаққа сәйкес, сатушы осы пәтерді үшінші тұлғаға сатқаннан кейін түскен қаражаттан үлескердің төлеген сомасының 70 % қайтарып берумен үлестік қатысу Шартын бір жақты бұзуға құқылы.
Осы мәселе бойынша депутат М.Қазбекова  құрылыс салушының заң бөлiмiнiң басшылығына түсiнiктемелер беруін сұрады.
Бүгін фракция атына келіп түскен ақпаратқа сәйкес, «қазіргі уақытта депутат М.Қазбекова араласқаннан кейін азаматтар: Б.Оралбаева, А.Ерғалиева, Н.Құбалиева, С.Мустафиновалардың мәселесі оң шешімін тапты». 
Б.Айтжанова, Н.Кубашева, К.Жүнісова және тағы басқа үлескерлердің мәселелері құрылыс салушымен қаралады және фракция депутаттарының бақылауында болады.
 «Біз, пәтерді алуда қолдап және көрсеткен көмектері үшін
фракцияға және жеке Меруерт Қазбекованың жеке өзіне шынайы ризашылығымызды білдіреміз, баспана  – бұл еліміздің әр азаматы үшін маңызды мәселе ғой», – дейді үлескерлер фракция жетекшісі А.Перуашевтың атына жазған алғыс хатында.  
 «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлаушылардың өтініштері бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.
 
 «Ақ жол» партиясының орталық кеңсесінде «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы депутаттарының Қоғамдық қабылдауы жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз.
Азаматтарды қабылдау апта сайын жұмада 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.
Мекен-жайы: Сарайшық көшесі, 11, кеңсе 5.
Байланыс телефондары: 74-69-32, 51-70-01.