«Ақ жол» мүгедектерді мемлекеттік қызметке және ұлттық компанияларға жұмысқа орналастыру нормаларын ұсынады

» Санат жоқ » «Ақ жол» мүгедектерді мемлекеттік қызметке және ұлттық компанияларға жұмысқа орналастыру нормаларын ұсынады

22.01.2014, 00:00

22 қаңтар 2014 жыл, «Ақ жол» ДПК баспасөз қызметі
Мүгедектерді мемлекеттік қызметке және ұлттық компанияларға жұмысқа орналастыру нормаларын белгілеу қажет – «Ақ жол» партиясының депутаттары осындай ұсыныспен премьер-министр С. Ахметовке сауал жолдады.
Мәжілістің пленарлық отырысында Светлана Қадралиевамен жарияланған фракцияның депутаттық сауалында мүгедектердің құқығын кеңейту туралы сөз болды.
«Жақындағы Елбасының Жолдауында мүгедектерге қолдау көрсету қажеттігі ерекше аталып өткен. «Ақ жол» ҚДП депутаттары бұл көзқарасқа ынтымақтастық білдіреді. Біздің партия тіпті 2012 жылғы мәслихаттар сайлауы кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасынан депутаттыққа кандидаттар ұсынған еді – делінген сауалда. – Және де мемлекеттік деңгейде де бұл мәселені шешуде белгілі бір шаралар қабылданып жатыр».
Алайда, «ақжолдықтар» бұл шараларды жеткіліксіз деп санайды.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы мүгедектер саны 600 мыңнан астам адамды құрап отыр, солардың ішінде 60% жоғары білімі бар, бірақ бұл да олардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік бере алмайды.
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес мүгедектер үшін кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленген. Сондай-ақ үкімет мүгедектердің кәсіпорындары және қоғамдары өндірген өнімдерді мемлекеттік сатып алуға да белгілі бір квота тағайындап отыр. Сонысымен осындай кәсіпорындарға жұмысбастылықтың біршама деңгейін және ондағы жұмыс орындарын сақтауына қолдау көрсетілуде.
Бұл қазіргі тәжірибе және талап етілген заңнама талаптары бойынша аталған тұлғаларды жұмыспен қамтуда негізгі жүктеменің кәсіпкерлерге жүктелгенін не шектеу арқылы тауарлардың бәсекелестігін қамтамасыз етілгенін білдіреді, бұл тағы да жеке бизнестің мүдделерін қозғайды.
«Қазақстан кәсіпкерлері Президенттің мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауды күшейту туралы тапсырмасын түсіністікпен қабылдап, оны өздерінің әлеуметтік жауапкершілігі ретінде қарастырады» – деп атап өтті С. Қадралиева.
Фракция депутаттары мұндай тәсілдемелерді кеңейту керек деп есептейді, өйткені мүгедектер үшін жұмыс орындарының квоталарын орындау талаптары әдеттегідей жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және жекелеген жағдайларда – бюджеттік мекемелерге (мектептер, емханалар) қолданылады. Бұл депутаттың пікірінше, мүгедектерді әлеуметтік және еңбекпен толыққанды оңалтуға жеткіліксіз.
«Өкінішке орай, қазіргі заңнамамен мүгедектерді мемлекеттік қызметке және ұлттық компанияларға жұмысқа орналастыру бойынша құқықтық механизмдер қарастырылмаған. ҚР Конституциясының 33 бабының 4 тармағына сәйкес азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы белгіленген – деп атап өтті депутат. Ал қоғамда ұлттық компаниялар және холдингтер ең тартымды болып саналады. Алайда жеке кәсіпорындардан өзгешелігі мемлекеттік қызметке және ұлттық компанияларға ешқандай заңдармен немесе заңға тәуелді актілерімен мүгедектерді орналастыру нормалары белгіленбеген».
«Бұл жағдай, БҰҰ Конвенциясының мүгедектердің құқықтары туралы талаптарымен және 2008 жылғы Қазақстан қол қойған оның Факультативті хаттамасымен үйлеспейді, оларға сәйкес қатысушы-мемлекет ретінде мүгедектердің басқалармен бірдей еңбек ету құқығын және мүгедектерді мемлекеттік секторға жалдауын мойындайды» – деп есептейді «Ақ жол» депутаттары. Олар үкіметке мүгедектердің мүдделерін бизнестің мемлекеттік секторында да және мемлекеттік басқару органдарында да қорғау жөнінде тиісті шаралар қабылдауды ұсынады.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және өз сайлаушыларының мүддесін қорғау жұмысын жалғастыра береді.