«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы фракциясының депутаттары кәсіпкерліктегі адам құқығы жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты

» Санат жоқ » «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы фракциясының депутаттары кәсіпкерліктегі адам құқығы жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты

21.02.2013, 00:00

21 ақпан  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары Нұрлан Жазылбеков және Меруерт Қазбекова кәсіпкерліктегі адам құқығы жөніндегі сараптама-тәжірибелік халықаралық конференцияға қатысты.
Құқықтық саясатты зерттеу отралығының ұйымдастыруымен «Қазақстанда адам құқығы аспектісінің кәсіпкерлік қызметтегі басқару қағидаттарын іске асыру: «Құқықтық қорғаудың қорғау, сыйлау және қамтамасыз ету құралдары» БҰҰ-ның құжаттары шеңберінде  орындалуы» атты Конференция ү. ж. 21 ақпанда Алматы қ. өтті.
Шара барысында кәсіпкерлік қызметтегі адам құқығын қорғау, мемлекеттік және жеке меншік серіктестік, адам құқықтарын қорғаудың нормативтік реттелуі, жанжал туындаған аймақтарда адам құқығының  қорғалуы, кәсіпкерлік қызмет субъектілері тарапынан адам құқықтары қорғалуының корпоративті жауапкершілігі мәселелері талқыланды.
Конференция жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, халықаралық сарапшылар,  азаматтық қоғамның жетекші сарапшылары, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіпкерлік құрылымдар өкілдері қатысты.