25
Тамыз

Санат жоқ 25.08.2014

«Ақжолдық» кәсіпкерлер «Мектепке жол» акциясына қатысты

25.08.2014ж. «Ақжол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
 
22.08.2014ж. «Ақжол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі Б.Абулхайров және партия заңгері Қ.Кушбаев Түпқараған ауданында өткізілген «Мектепке жол» акциясына қатысып қайтты. Бұл акцияның мақсаты әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына оқу жылы қарсаңында қажетті көмек көрсету.  Бұл жолы да «Ақжол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалының бірнеше кәсіпкер азаматтары жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын  «Мектепке жол» акциясына қатысып, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына қаржылай көмек көрсетті. Аталмыш акция Маңғыстау облысына қарасты Түпқараған ауданының орталығында болып өтті. Оқу жылының қарсаңында «ақжолдық» азаматтардан сый-сияпат алған отызға жуық балалар мен олардың ата-аналары риза болып, өз алғыстарын білдірді. Шара соңы жергілікті өнерпаздар мен балалардың мерекелік концертіне ұласты.