Партия ұйымына жаңа төраға сайланды – ‘Қазақ Үні’ Газеті

» Баспасөз жарияланымдар » Партия ұйымына жаңа төраға сайланды - 'Қазақ Үні' Газеті

26.08.2014, 00:00

Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалының қалалық бастауыш партия ұйымына жаңа басшы тағайындалды. Қалалық партия ұйымының кезектен тыс конференциясында алдымен жаңа басшының есімі таныстырылды. Партия филиалының бастығы Асқар Садықов Мұхтар Әбілхаировтың кандидатурасын ұсынғанда оған қарсылық білдіргендер болған жоқ. Бірауыздан ұсыныс қабылданып, партия ұйымының басшысы болып, 51 жастағы Мұхтар Әбілхаиров тағайындалды.
Елге есімі белгілі кәсіпкер партияға өз еркімен келген болатын. Мұхтар Құттыбайұлы өзі туып-өскен Әлия ауылында зәулім мешіт салдырып, ел ықыласына бөленген азамат. Әртүрлі қайырымдылық шараларына қатысып, жоқ жұтаңға қол соза білетін жүрегінің жылуы мол азамат өзі түлеп ұшқан батыр қыздың есімімен аталатын ауылды гүлдендіруге де өз үлесін қосып келеді. Енді, «Ақ жол» ҚДП арқылы да қоғамдағы азаматтық міндетімді абыроймен атқаруға тырысамын – деді өз сөзінде Мұхтар Құттыбайұлы. Ол партия ұйымына басшы болып келген күні-ақ партияға өз командасындағы 71 адамды бірден ала келді.
«Хабар Сервис» ЖШС-да облыстық партия филиалының басшысы Асқар Садықов 71 қызметкерге партия билеттерін табыстады. Тағы да дәл осы мекемеден 60 адам партияға өз еркімен кіруге ұсыныс жасап отыр екен. Сондықтан, «Хабар Сервис» ЖШС де бастауыш партия ұйымы құрылды. Мұхтар Әбілхаировтың қарамағындағы «Хабар Сервис» ЖШС жұмысшыларының көңіл-күйі көтеріңкі. Айлық жалақылары көңіл көншітетіндей, ақшаларын уақытында алады. Жұмысшының құқығы қатаң қорғалады. Сондықтан бұл жерде баспахана ашылғалы бері жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлер де бар. Тұрақты жұмыспен қамтылған қызметкерлердің мекемеден кететін ойлары да болмаған сияқты. Қалалық конференцияға осы мекемеден сайланған делегаттар саны да біршама көп болды. Ақтөбе облыстық «Ақ жол» ҚДП филиалының басышысы Асқар Садықов қызметіне кіріскелі бір жылдай ғана уақыт болыпты. Дегенмен осы аз уақыттың ішінде ғана филиалда 25 бастауыш партия ұйымы құрылып, сол азаматтардан қалалық конференцияға 30 шақты адам делегат болып қатысты. «Мені осы конференцияға жастардың көп қатысып отырғандығы қуантады. Аудандандарда да іс қарқынды жүріп жатыр. Өзінің алғашқы еңбек жолын мектеп мұғалімі болып бастаған Мұхтар Әбілхаиров облысқа танымал азамат. Мен оның партияның қаладағы бастауыш ұйымының жұмысын жандандыратындығына сенімім мол» деді өз сөзінде облыстық партия филиалының жетекшісі Асқар Садықов.
Мұхтар Әбілхаиров 1963 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Ақтөбе педагогика институтының түлегі. 1984-87 жылдары Әлия ауылындағы орта мектепте химия биология пәндерінен сабақ берген. 90-жылдары алғашқылардың бірі болып кәсіпкерлік ісіне бет бұрады. Бұл ісі де нәтижелі болып, қазір өз қарамағында бірнеше мекемесі бар. Компаниялары әртүрлі бағытта қызмет атқарады. Қалалық партия ұйымының конференциясында алдымен жетекші сайланып, соңынан партия ұйымының саяси Кеңесі құрылды. Сол кеңестің қасынан ақсақалдар алқасы да бекітілді.
Қорытынды сөзінде жаңадан сайланған партия ұйымының төрағасы Мұхтар Әбілхаиров: «Маған сенім білдіргендеріңізге ризашылығымды білдіремін. Қала халқының әлеуметтік мәдени жағдайын жақсартуға күш саламын. Жақында қалалық филиал кеңсесі ашылады. Оған арнайы жалақы тағайындап, төрт адамды жұмысқа аламын. Азаматтық қоғамға айналып, елге қызмет көрсетуде жастарды белсенділік танытуға шақырамын. Партия ұйымы жанынан “Жас қанат” ұйымы құрылатын болады. Партия жұмысына белсенді білімді сауатты жастарды көптеп тартамыз» деді.
          Ақпарат көзі  Қазақ үнi (Алматы), № 32 (641), 19.08-26.08.2014