Азат Перуашев: Қазақстан Украинадағы жағдайға байланысты белгілі бір шығындарға ұшырайды

» Санат жоқ » Азат Перуашев: Қазақстан Украинадағы жағдайға байланысты белгілі бір шығындарға ұшырайды

02.09.2014, 00:00

 2 қыркүйек 2014 жыл,  «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
 Қазақстан Украинадағы жағдайға байланысты белгілі бір шығындарға ұшырайды – бұл туралы Азат Перуашев ТДК-42 жеке телеарнадағы «Разговор на чистоту» бағдарламасына жақында берген сұқбатында мәлімдеді.
«Саяси мәселелерді экономикалық санкцияның тілімен шешу беталысының өзі нәтижелілікке қарсы жұмыс істейді, деп атап көрсетті «Ақ жол» көшбасшысы ЕО және Ресейдің өзара санкциялары туралы сұраққа жауап бере отырып, саясат – бұл экономиканың жинақталған көрінісі, сондықтан Украина айналасындағы даудың экономикалық құрамдасының маңызы зор. Бірақ бұл мәселелер бара-бар құралдармен шешілуі тиіс.
Біз Ресеймен Кедендік одақтамыз, ал  бірінші қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа кіреміз деп отырмыз, – әрине, өзара экономикалық санкциялар бізге әсер етеді. Бірақ бұл ықпал әртүрлі бағытта болады: Қазақстаннан Ресейге кері экспортталатын өнімдердің жолы кесіледі, Ресеймен бірлескен кәсіпорындарда өндірілген экспорттық өнім, не Ресейден кері экспорттың өнімдері де – осындай санкциялардың қауіп-қатеріне ұшырауы мүмкін екені әлден-ақ мәлімделді. Мұндай жағдайда Қазақстанның белгілі шығындарға ұшырайтыны анық.
Ресейдің өзінің ішкі нарығын қорғау бөлігіндегі қазіргі қолданып жатқан шаралары, әрине, қауіп-қатерлер тудырады. Біздің арамызда кедендік шекара болмауы тиіс, біз бірыңғай кедендік аймақтамыз. Егер Қазақстаннан келетін жүктерге  ресейлік қызметтер кедендік тексеруді және жүк тиеу тәртібін қайтарса, мұның өзі Кедендік одақтың өмір сүруі үшін үлкен қатер. Сонымен қатар «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Ресейдің санкциялармен алмасу әрекеттері Кедендік одақтың негізгі қағидаларына қауіп төндіретінін айтты.
Сонымен қатар, Перуашев «біздің алдымызда үлкен мүмкіндіктер ашылуда, себебі  бүгінгі таңда импортты алмастыру бағдарламасы Ресейде белсенді түрде жылжиды. Ресейліктердің өз нарығына жеткілікті деңгейде өңделіп кері экспортталатын өнімді кіргізуге дайын екенін ескерсек, бұл тек Ресейлік өндірушілерге ғана емес, сонымен қатар біз үшін де үлкен ынталандыру» деп атап өтті.
Депутаттың пікірі бойынша, бұл экономикамызды, ауыл шаруашылығымызды  көтерудің, өндірісімізді технологиялық модернизациялаудың шынайы мүмкіндігі, өйткені жаңа тауарлар үшін еркін нарық пайда болады. «Өкінішке орай біз бұл мүмкіндіктерді өзіміздің пайдамызға жаратуға дайын болмағанымыз, ол басқа әңгіме.-деп қосты депутат. – Бұл жердегі жағымсыз, бірақ негізді жағдай, Ресейлік шенеуніктермен еуропалық импорттың орнын толтыру үшін ықтимал елдерді санағанда Қырғызстан, Қытай, Монғолия, Тәжікстан, тіпті Бразилия және Перу аталды. Бірақ, иек астындағы Қазақстан туралы бір сөз де айтылмаған.». Қаншалықты ренішті естілсе де, бұл еліміздегі тұтыну тауарларының және азық-түлік өндірісінің объективті бағасы деуге болады, және  үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi бағдарламаның бесжылдығының орындалғанына, «ҚазАгроға» салынған миллиардтарға қарамастан теріс баға беріліп отыр… Бұдан 2-3 жыл бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміз Ресейге 60 мың тонна ет экспорттайтын болады деп мәлімдеді. Мұның бәрі қайда? Іс жүзіне келгенде, ресейліктер біздің бұндай уәделерімізді перспектива ретінде де қарастырмайтын болып отыр ғой. Бізге тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындар қажет: себебі өгізше екі айдың ішінде сойыс салмағына дейін өспейді. Ал көкөніс пен жемістер  екі айдың ішінде піспейді, жеміс беру үшін алма бағына 3-7 жыл қажет.
Сонымен қатар сұхбатта А.Перуашев бірыңғай валюта бойынша мәселеге өзінің ұстанымын білдірді.  «Кеден одағы құрылған кезде бірыңғай валютаны енгізу туралы мәселе де талқыланды. Мен мұндай тәсілдемеге қарсымын, себебі, бүгінгі күні ресейлік экономикаға төнген қауіп-қатерлер біздің қатысуымызсыз пайда болған, енді рубльге түсетін қысым біздің экономикамызға және біздің азаматтарымызға аударылмауы тиіс. Сондықтан валюта саясатының мәселесі егеменді болып табылады, мен Қазақстанға ұлттық валютаны алдағы уақытта сақтау қажет деп есептеймін».