03
Қыркүйек

Санат жоқ 03.09.2014

Президент жеке автокөліктердің техникалық байқауын жоюды тапсырды

3 қыркүйек 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Кеше, Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Президент пайдалану мерзімі 7 жылға дейінгі, коммерциялық мақсаттарға қолданылмайтын жеке автокөліктердің техникалық байқауын жоюды тапсырды.
Еске салайық, жеке қолдануға арналған жеңіл автомобильдер және мотоциклдердің техникалық байқауын жоюды «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары қол жеткізуге күш салған еді. Тиісті ұсыныстар заң жобаларымен жұмыс  барысында фракциямен бірнеше рет енгізілген: рұқсат үшін құжаттарды қысқарту мәселелер бойынша (2012 ж.), көлік мәселелері бойынша (2012-2013 ж.ж.), жол қозғалысы туралы (2013-2014 ж.ж.), алайда ІІМ және көлiк және коммуникация министрлiгiнің теріс ұстанымдарына байланысты  қабылданбады.
Мәселен, 2013 жылдың 9 қаңтарында «Ақ жолдың» бастамасынан кейін, әсіресе жеке құрылымдарға функцияларының берілуіне байланысты мағынасыз және жемқорлыққа жол ашатын жеке автокөліктің міндетті техникалық байқауын болдырмау туралы фракцияның отырысында көлiк және коммуникация министрлiгi басшылығының қатысуымен кеңінен талқылау болды. Бұл мәселе сонымен қатар Мәжілістегі «Ақ жол» фракциясы депутаттарымен «Жол жүрісі туралы» заң жобасын талқылау кезінде 2013 ж. 13 ақпанында және 2013 ж. 19 ақпанында көтерілген болатын. «Ақ жолдың» ұсыныстары Үкіметтен қолдау таппаған еді.
Сол кезде «Ақ жол» партиясына түскен дабылдар бойынша, осы салада сыбайлас жемқорлықтың көрінуі күшейген.
Бұған байланысты «Техникалық байқаудың жекешеленуі тек осы рәсімнің күрт қымбаттауына алып келді, ал техникалық жаңарулардан тек фотоға түсіру ғана пайда болды» - деп атап өтті Азат Перуашев.
Өткізіліп отырған техникалық байқау көлік құралдарының жарамдылығына кепілдік бермейді деп есептейді «Ақ жолдықтар». Техникалық байқау Орталығынан шығысымен шұңқырға түсіп кетіп, рулдік күшті жұлып алсаңыз, немесе басқа бір бөлшектерін сындырсаңыз –автомобиль пайдалануға жарамсыз ғой, бірақ сіздердің құжаттарыңыз бойынша тағы бір жылға жарамды болып есептеледі» - деп мысал келтірді ҚДП төрағасы.
Интернет-сауалнамалар көрсеткендей, қазақстандықтардың 95%-нан астамы жеке көлік үшін техникалық байқауды болдырмауды қолдады, ол туралы «Время» газеті пікірсайыстар барысында жазған еді. Одан басқа, техникалық байқауды жою туралы қол жинау ұйымдастырылды, оның барысында «Ақ жолдықтардың» ұсынысын қолдаған 200 мыңнан астам қол жиналды.
Фракция депутаттарының пікірінше, «формальді түрде жүргізілетін, техникалық байқау, әдетте көлік құралдарының  техникалық жарамдылығына маңызды ықпал етпейді. Көбінесе, бұл көрсеткіштер көлік иесінің жеке көлігінің техникалық жарамдылық жағдайына алаңдауы есебінен қамтамасыз етіледі». Сонымен қатар, жеке көліктің  техникалық жағдайының нашарлығы  салдарынан болатын жол көлік апаттары жөнінде статистикалық деректердің жоқ екендігін талдау көрсетті.
Іс жүзінде  техникалық бақылау ақша мен автомобильдердің фотосуреттерін берумен шектелді, жеке орталықтар техникалық бақылау өткені туралы құжатты, көлікті тіпті қарамай-ақ беретін болды.
         «Біз ұсынып отырған  жеке пайдаланудағы жеңіл автокөліктер мен мотоциклдар үшін техникалық байқауды алып тастау,  әуесқой автомобильшілерді пайдасыз рәсімдерден босатады және соған байланысты әкімшілік кедергілерді жояды», - деп «Ақ жол» фракциясының көшбасшысы  Азат Перуашев 2012 жылдан бастап мәлімдеген.
 «Ақ жол» партиясының техникалық байқауды жою бастамасы  арандатушылық әрекеттермен қоса жүрді: мысалы, техникалық байқаудың сипатын  сыбайлас жемқорлықпен байланыстырған «Ақ жол» ҚДП-ның Заң департаментінің директоры Тимур Нұғмановтың теледидарға берген сұхбатынан кейін оның жеке автомобиліне белгісіз адамдар қышқылдың қоспасын құйды. Бұл вандализм фактісі бойынша жүргізілген тергеу әрекеттері нәтижесіз аяқталды. 
Сонымен қатар Көлік және коммуникация министрлігі «Ақ жолдың» ұсыныстарына жауап ретінде, техникалық бақылауды жою белгілі бір тұлғалардың және компаниялардың «қаржылық мүдделерін»  қозғайды деп хабарлады.
Нәтижесінде, «Ақ жол» партиясының жеке автокөліктер үшін міндетті техникалық байқауды болдырмауға байланысты «Жол жүрісі туралы» заңына енгізген ұсыныстарын қарастырған кезде,  «Ақ жол» партиясының фракциясы азшылықта қалды, және тек ақжолдықтар бұл  заң жобасын қолдамады.
Алайда Мемлекет басшысының кешегі тапсырмасы ұзаққа созылған пікірталасқа шешуші нүкте қойды. «2015 жылдан бастап коммерциялық мақсаттарда қолданылмайтын, пайдалану мерзімі 7 жылдан аспайтын жеке автокөліктерге техникалық байқау өткізуді тоқтату керек. Егер коммерциялық емес мақсаттарда қолданылса, онда көліктерді 7 жылға дейін тексеру керек емес», - деп мәлімдеді Елбасы.
«Ақ жол» ҚДП депутаттары Елбасының бұл тапсырмасын мыңдаған қарапайым казақстандықтар үшін үлкен жеңілдік ретінде толығымен қолдайды.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және өз сайлаушыларының аманаттарын орындау бойынша жұмысын жалғастыра береді.