17
Қыркүйек

Санат жоқ 17.09.2014

ҚР Премьер-Министрінің атына депутаттық сауал. «Ақ жол»: Танкілік биатлондағы қосарлас әлем

17 қыркүйек 2014жыл, баспа-қызметі ҚДП «Ақ жол»
 Төменде бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында Т.Ерғалиевпен жарияланған «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутатық сауалының мәтіні келтіріледі.
                                     Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
С.Н.Ахметовке 
Депутаттық сауал
          Құрметті Серік Нығметұлы!
Қазіргі уақытта, әлемдегі күрделі жағдайлардың аясында, әр мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігінің маңызы барған сайын артып келеді, оны елдің Қарулы күштері қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың тамызында өткен мәскеу түбіндегі «Алабино» әскери полигонындағы, 12 мемлекеттің Қарулы күштерінің жауынгерлік қабілеттілігін анықтауға және жауынгерлік ынтымақтастығын  нығайтуға бағытталған, танкілік биатлон бойынша чемпионат жұртшылықтың ерекше қызығушылығын туғызды. 20-дан астам мемлекеттердің өкілдері осы шараның бақылаушылары болды
Әскери сайыстың қорытындылары бойынша, Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарымен, мәселен, «Қазинформ» ақпараттық агенттігімен «Жалпы командалық есепте қазақстандық танкистер құрметті екінші орын алды. Бірінші орында Ресей Федерациясының командасы, үшінші орында – Қытай Халық Республикасының командасы» деген ақпарат берілді.
Одан басқа, отандық БАҚ «ҚР Қорғаныс Министрлігінде екінші орын алған «Танктік биатлон-2014» халықаралық жарысының қатысушыларын марапаттау болды, төрт танк экипажы елдің Қарулы күштер имиджін халықаралық деңгейде көтергені үшін медалдармен марапатталды» деп хабарлады.
Алайда, жарыс иелері – Ресей Федерациясының бұқаралық ақпарат құралдары (РИА-Новости, Интерфакс және т.б.) мүлдем  өзге, экипаждардың жеке біріншілігінде бірінші және екінші орындарды Ресей Федерациясының танкистері алса, Қазақстаннан тек бір танк экипажы жеке сынақта үшінші орынды иеленгені жайлы ақпарат берді.
Ал жалпы командалық есепте, біздің БАҚ мәліметтері бойынша, Қазақстан екінші орын алды, ал ресейлік баспасөздің мағлұматтары бойынша ресейлік танкистер чемпион болды, екінші орында – Армения, үшінші орында – Қытай танкистері.
Қазақстан командасының жалпы командалық есептегі алған орыны туралы бізбен қаралған ресейлік БАҚ ештеңе хабарламайды.
Осыған байланысты: біздің танкистер қандай нәтиже көрсетті деген орынды сұрақ туындайды.
Біз ешқандай да қазақстандық экипаждармен көрсетілген әскери білім-машықтарын бағалап, сол сияқты біздің танкистердің нәтижелеріне орай ҚР қорғаныс министрлігінің медалдарымен марапатталуына күмәнмен қарап мәселе қойып отырған жоқпыз.
Сұрақ тек мұнда, бұл нәтижелердің қайсысы нақты?
-Біз қандай қосарлас әлемді бақылап отырмыз?  
Біз ешкімде армандағанын ақиқатқа балауға ұмтылмағанына сенімдіміз, өйткені мәселе ақпараттың қайшылықтарында немесе оның қатысушыларының шамданушылықтарында ғана емес.
Танктік биатлон соғысқа жарамдылықты көрсету және тіпті біздің Қарулы күштердің әскери бәсекелестікке қабілеттілігі туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандай, аталған тақырыптың, халықаралық жағдайға сәйкес қорғаныс қабілеттілігінің іс жүзіндегі көрсеткіші ретінде, өзектілігі күмән туғызбайды.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты, «Ақ жол» фракциясының депутаттары Сізден танкілік биатлон бойынша жарыстардағы қазақстандық команданың ресми нәтижелері туралы ақпарат беруіңізді сұрайды.
Мұндай ақпарат, егер де кейбір БАҚ-ында шындыққа сай емес және қазақстандық танк экипаждарының нақты нәтижелерін төмендеткен ақпараттар жарияланған жағдайда, тіпті қажет.
«Ақ жол» парламенттік фракциясының депутаттары      Сауалға берілген жауап