ҚР Премьер-минисрінің атына депутаттық сауал. «Ақ жол» партиясының депутаттары Қазақстанды синтетикалық есірткілердің қоқыс тастайтын жеріне айналдырмауды талап етеді

» Санат жоқ » ҚР Премьер-минисрінің атына депутаттық сауал. «Ақ жол» партиясының депутаттары Қазақстанды синтетикалық есірткілердің қоқыс тастайтын жеріне айналдырмауды талап етеді

17.09.2014, 15:30

 
2014 жылдың 18  қыркүйегі, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Төменде кеше Мәжілістің пленарлық отырысында М.Қазбековамен жарияланған «Ақ жол» ҚДП фракциясы депутаттық сауалының мәтіні келтіріледі
 
17.09.2014 ж. жарияланды                                                    
                                                                                                                          
Қазақстан  Республикасының
                                                                                                                Премьер-Министрі
             К.Қ. Мәсімовке
 
 
Депутаттық сауал
   Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
 Қазақастан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және біздің елімізбен 1998 жылы ратификацияланған «Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы» (ары қарай –Конвенция), Конвенцияның халықаралық талаптарын бұза отырып, елге жеті жыл бойы есірткіге тәуелді пациенттерді емдеу үшін күшті синтетикалық «Метадон» есірткісі  тасымалдануда.  
 «Метадон» күшті синтетикалық есірткі болып табылады және өзінің әсері бойынша белгілі есірткі – героиннен де асып түседі, тез әдеттенуге және тәуелділікке түсіреді, ал «Метадонды» мөлшерден тыс қолданған жағдайда өліп кету ықтималдығы өте жоғары. 
Жоғарыда көрсетілген Конвенцияның талаптарына сай, «Метадон» есірткісі медициналық мақсаттарда қолдануға тыйым салынған препараттардың – І Тізіміне енгізілген, ал қазақстандық заңнамада аталған препарат медициналық мақсаттарға қолдануға рұқсат етілген ІІ Тізімде тұр.
БҰҰ-ның есірткілер және қылмыскерлік бойынша UNODC басқармасымен ҚР денсаулық министрлігі ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі Республикалық орталық арқылы «Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдары опиоидтық ауыстыру терапиясының қолжетімділігін кеңейту: оны енгізудің жағдайына шолу, іс-қимыл жоспары және операциялық жоспары» құжаты әзірленді және опиоидтік-ауыстыру терапиясын енгізу жөніндегі Ведомствааралық жұмыс тобының отырысында қаралды.
Осы құжатты жасаушылар, соның ішінде UNODC өкілдері, біздің елімізде «Метадонның» енгізу салдарлары үшін қандай да болмасын жауапкершілігін сақтықпен алып тастап, оны орындаушыларға жүктей отырып, «Метадонның» жеткізілуінің бір күнге ғана кешігуі елімізге қоғамдық-саяси тәртіпсіздіктерге әкеледі деп қорқытуда.
1989 жылы Еуроопалық Кеңестің Парламенттік Ассаблеясы әлемнің барлық елдерінің үкіметтерін «Метадонды» кез келген қолдануға тыйым салуға шақырған үндеу қабылдады, өйткені одан героинға қарағанда нашақорлар аөп өлген. «Метадонды» пайдалану есірткіге тәуелді адамға емделу болып табылмайды, тек оның апаттық салдарлары бұрынғыдан да ауыр есірткіге ауысуына әсер етеді.
Ресейде «Метадон», бақылауға жататын есірткі заты есебінде заңмен тыйым салынған және І Тізімге жатқызылған.
Өзбекстанда пилоттық жоба тоқтатылған, ал препараттың қалғаны гуманитарлық жүк ретінде Қазақстанға қайырымдылық көмек түрінде жөнелтілген, бұл Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының бұзылуы болып табылады.
Қырғызстанда депутаттар бұл есірткіні шығару бойынша зауыттың құрылысы туралы «Метадон» лоббистері өткізбек болған идеяны қолдамады. 
2011 жылы пилоттық жобаны енгізуді тексеру нәтижелерінен кейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне мұның есірткіге тәуелділерді емдеуде тиімсіз әдіс және ел үшін қауіпті тәсілдеме екендігін анықтаған тәуелсіз комиссияның теріс қорытындысы берілді. Түсініксіз себептер бойынша, бұл тексерудің қорытындылары айтылмай келеді.
Қазіргі уақытта «Метадонның» лоббистерімен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің шеңберінде, яғни салық төлеушілердің қаражаты есебінен, мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру алу үшін, оны өмірлік маңызды препараттардың тізіміне енгізу әрекеттері жасалуда.   
Конвенцияның 3 бабына сәйкес, мемлекет оның шығарылуын, дайындалуын, таратылуын, сатылуын, кез келген жағдайлармен жеткізілуін, делдалдықты, алып өтушілерді, транзиттік өткізіп жіберушілерді, тасымалдауды, импортты немесе кез келген есірткі немесе психотроптық заттардың экспортын қылмыстық тәртіппен қуғындау керек.
Біздің елімізде Конвенциясының осы бабын ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылдар шаралары туралы» Заңының 9 бабының, 3 тармағын бұзушылық орын алып отыр, өйткені «Метадон»  Қазақстан Республикасында тіркелмеген.
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Жоғарыда баяндалғанға байланысты және елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп-қатерді ескере отырып, Сізден:
– Қазақстан Республикасында «Метадон» есірткісін қолдануға тыйым салу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауыңызды және  
– Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, «Метадон» препаратын медициналық мақсаттарға қолдануға тыйым салынған препараттардың І Тізіміне енгізу жолымен, сәйкестендіруіңізді сұраймыз.
Сауалды қарастырудың нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен хабарлауыңызды сұраймыз.
 
 
«Ақ жол» ҚДП парламенттік
фракциясының депутаттары