Суретін берсеңіз болды, көлігіңіз жарамды – ‘Айқын’ газеті

» Баспасөз жарияланымдар » Суретін берсеңіз болды, көлігіңіз жарамды - 'Айқын' газеті

19.09.2014, 11:50

Техникалық тексеру қызметтерінде жемқорлық асқынып тұр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясының мүшесі Нұрлан Жазылбеков мәлімдеді. 

18.09.2014 20:06 Халима БҰҚАРҚЫЗЫ, Астана
 
Депутаттың дерегіне сүйенсек, өңірлерде техникалық тексеру қосынына көлік емес, көліктің суретін апарса жетіп жатыр екен. 
«Біз бүгінгі жұмыс тобында техникалық байқаудан келетін қауіп-қатерлер туралы мәселені талқыладық. Сонда бүгінгі статис­тика автокөліктің бұзылуынан болатын жол-көлік оқиғаларының саны өте төмен екенін көрсетті. Бүгіндері автокөлік шығарушы яки құрастырушы зауыттар көлік­тің сапасына 2-5 жылға кепілдік береді. Оның үстіне, көлік жүр­гізу­шілер бұзылған машинаға өздері де отырмайды ғой. Ал зауыт­­тан шыққанына 7 жыл бол­ған көлік жаңа болып есепте­летіндіктен, оны техникалық байқаудан өткізудің қажеті жоқ деп санаймыз. Себебі техникалық тексеру жемқорлықтың қанат жаюына ықпал етіп отыр. Тіпті кей­бір аймақтарда көліктің суре­тін ғана әкеліп техбайқаудан өтіп жатқандар бар» деді депутат. 
Нұрлан Жазылбеков «Ақ жол» партиясы фракциясының Пар­ламент қабырғасында көтеріп жүр­ген мәселелер Мемлекет бас­шы­сының көзқарасымен үндес шығып жататынын тілге тиек етті. 
«Ақ жол» партиясының парла­менттік фракциясы Парламент қабырғасында бизнес қауымдас­тықтардың мүддесін қорғап, әр­түр­лі мәселелерді көтереді. Биыл­ғы сессияның ашылуында Мем­­лекет басшысы да Қазақ­станды дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін бизнесті жүргізу, бизнеске қолайлы жағдай жасап, инвестиция ағынын ынтыландыру мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету керектігін еске салды. «Ақ жол» партиясының парламенттік фрак­циясы да үнемі осы мәселелерді қозғап келеді» деді ол.
Депутаттың айтуынша, «Ақ жол» партиясы ұлттық компания­лардың сатып алуы, мемлекеттің қатысуымен кәсіпорын құруға мораторий жариялау, шенеунік­тердің шетелдегі есепшоттарының айқындылығы бойынша техника­лық тексеруді болғызбау, кәсіп­кер­лерді бопсалаудың алдын алу, кеден посттарында, Парламент отырыстары мен сот отырыс­тарын­да бейнебақылау орнату туралы депуттаттық сауалдар жол­дағанын жеткіді. Ол жемқорлық тәуекелдері мемлекеттік сатып алуларда сақталып отырғанын айтады. Сонымен қатар, жекеше­лендірудің екінші толқынын ба­қылау үшін қоғамдық кеңес құру­ды ұсынды. 
«Жекешелендіруге қатысты таласты мәселелер туындап жат­қандықтан, «Ақ жол» партиясы жекешелендірудің екінші толқы­нына мониторинг жүргізу үшін қоғамдық кеңес немес пар­ламент­тік топ құруды ұсынады» деді. 
Мәжіліс депутаты өзінің Се­нат­тағы әріптесі Светлана Жал­мағамбетованың депутаттар жала­қысын көтеруге қатысты депу­таттық сауалына пікірін білдірді. Оның айтуынша, С.Жал­мағамбетова өзі немес депутат­тардың жалақысы туралы мәселе көтерген жоқ. «Светлана Жалма­ғам­бетова Парламент қызмет­керлерінің еңбекақысы туралы мәселені көтеріп еді. Себебі, бүгін Парламентте еңбек ететін біздің қызметкерлерге түсетін салмақ ауыр. Олар да өзгелерден аз еңбек­теніп жатқан жоқ. Меніңше, олардың жалақысы еңбектеріне сәйкес болуы тиіс. Себебі, жас мамандардың 2-3 баласы бар. Ал олар алатын жүз мыңнан сәл ғана асатын жалақы еңбектеріне татымайды» деді депутат. 

    Дерекнама  
 ‘Айқын’газеті19.09.2014ж