24
Қыркүйек

Санат жоқ 24.09.2014

Азат Перуашев: «Ақ жол» өңдеуші өнеркәсіпке салықтық ынталандыруды талап етеді

 2014 жылдың 9 қазаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» өңдеуші өнеркәсіпке салықтық ынталандыруды талап етеді– бұл туралы кеше Азат Перуашев Мәжілістің пленарлық отырысының бірінші оқылымында салық салу туралы заң жобасын талқылау барысында жария етті.
Өз сөзінің басында талқыланып жатқан заң жобасының  үдемелі сипаты мен дайындаушылардың төмендегі  бастамаларын фракцияның қолдайтындығын ескертті, олардың қатарында өзін-өзі басқару органдарына бірқатар салық түсімдерін беру, бұл жергілікті билікті шағын бизнесті дамытуда материалдық мүдделлі етеді; сонымен қатар салықтық амнистия жүргізу; ЖК-ті жою және салықтық есептен шығару ретін қысқарту; ЖК жеке шаруашылық кірістерінен босату, фермерлік шаруашылықтарды көлікке және мүлікке салынатын салықтан босату және т.б.                                                                    
 «Өндірушілердің кейбір бастамаларының өзі бір уақытта  соншалықты маңызды емес белгілі бір сұрақтарды айқындайды. Мысалы, біз ұсынылып отырған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге негізгі салықтық мөлшерлемелерді 5 есе, біріңғай жер салығын 1,5 есе өсуін қисынсыз деп санаймыз.              Егер  мұндай тапсырманың тәсілі  жерлердің пайдалануын  тиімсіз етуді көздеген болса, онда жалпы алғанда бұл бағыт дұрыс және «тартып алу  мен бөлу» ұсынысына қарағанда біршама нарыққа лайық. Бірақ, бұлай болған жағдайда салықты тек жерді пайдаланбайтындарға ғана көбейту керек.  Бұл мүмкіндік осы заң жобасында ұсынылған, яғни, мұндай жағдайда жергілікті органдарға жерге салынатын салықты 10 есеге дейін көбейтуге құқық беріледі (!), ал басқа барлық жағдайларда жерге салынатын салықты көбейтпеуді ұсынамыз» - деді А.Перуашев.
Ол сонымен бірге отандық бизнес үшін мүмкін болатын  кейбір жағдайларға қатысты мазасыздықты тудыратын бірқатар қосымшаларға өз әріптестерінің назарын аударды. Ең алдымен бұл – операциялар арқылы  жалған кәсіпкерлерліке салық салу. 115 және 257 баптарының ережелерінің жаңа редакциясы барлық келісім-шарттар бойынша жалған кәсіпорындардың контрагенттерінде қосылған құн салығының (ҚҚС) және корпоративті табыс салығының (КТС) автоматты түрде түзетілуінің теріс тәжірибесіне қайтып келуді білдіреді.
«Аталған тәсіл бұрын да көптеген адал салық төлеушілерге қатысты негізделмеген айыптар мен  қосымша салықтарға әкеп соқтырған еді, сол себепті олардың бірқатары банкротқа ұшырады.  Осы жылы аталған мәселе Қылмыстық кодекстің жаңа редакциямен жұмыс істеу барысындағы шиелісті талқылаулардан да өткен болатын. Оның қорытындылары бойынша нақ осы салықтық заңнама аясында аталған мәселе бойынша туындаған қарама-қайшылықтарды реттеуге шешім қабылданған. Ол шешім орындалған жоқ, яғни мәселе өз шешімін таппады және енгізіліп жатқан ережелер жалған кәсіпкерлік туралы дәлелсіз шешімдер тәжірибесін заңдастырады. Тағы бір рет заңды басқа біреу бұзып, тексеру жүргізудің орнына барлық оның заңсыздықтары заң орындаушылар арқылы салық төлеушілерге берілетін жағдайға қайтып оралуға ұсынылып отыр.                                                    
Аталған сұрақ қарастырылып отырған заң жобасы аясында құрылымдық түрде шешілуі керек», - деп ескертті «Ақ жол» көшбасшысы және түзетулерді болдырмау мен шынайы заң бұзушылардың жауапкершілікке тартылуы үшін «Ақ жол» депутаттары осы мәселені дайындаушылар мен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен талқылап жатқандығы хабарланды. «Екінші оқылымға дейін шешім табылады деп үміттеміз», - деді А.Перуашев.
Заң жобасымен жұмыс істеу барысында салықтық жеңілдіктердің  тексерісі жүргізілген болатын. Олардың санына ауыл шаруашылық техникалары мен жабдықтарды қоспағанда қаржылық лизинг бойынша КТС сыйақыларынан босату енді.                             
«Ұсынылып отырған тәсіл лизингтік операциялардың біршама қысқаруына әкеп соғады. Инвестициялар үшін қаражаттардың жетіспеушілігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында (ел бойынша негізгі қорлардың белсенді бөлігінің тозу деңгейі 47%-ды құрайды) лизинг көбіне кәсіпорындардың техникалық қайта жабдықталуы мен заманауилануының ең тиімді тәсілі болып табылады. БСҰ мен ЕАЭК-да күшейіп жатқан бәсекелестік жағдайларында аталған құралды сақтап қалу өте маңызды»  деп сайнаймыз.                  
А.Перуашев өңдеуші өнеркәсіп саласындағы бірқатар шешілмеген сұрақтарды айрықша атады: «КО пен БСҰ-на кіру Еркін қойма кедендіктәр тәртіптемесін  болдырмауды көздейді. Алайда, осы уақытқа дейін Үкімет тарапынан осы  тәртіптемені пайдаланатын отандық кәсіпорындарды қолдаудың алмастырылған тәсілдері қарастырылмаған, ал олардың саны машина жасау, тағам, химия және т.б. салаларда біршама көп  және олар кәсіпорынның технологиялары мен тиімділігіне қатысты ең сәттілері болып табылады. Олардың көбі президенттік «Алтын сапа» сыйақысының иегерлері. «Алтын сапа» сыйақысы өнімнің ең жақсы сапасы мен индустрияландыру бағдарламасына ерекше үлес қосушыларға беріледі. Еркін қойма  тәртіптемесіне бірдей алмастырушыны енгізуді өте маңызды деп ойлаймыз».             
Фракция басшылығы ҚҚС қайтару мәселесіне де тоқталды: «Өңдеуші сектордың экспортқа бағытталған кәсіпорындары үнемі осы мәселені көтереді. Салық кодексіне сәйкес егер экспорт 70%-дан артық мөлшерді құраса, салық комитеті 60 күн ішінде ҚҚС-ның толық сомасын қайтарады, егер экспорт 70%-дан төмен болса, онда қайтарым 35%-ды құрайды, ал қалған сома жылдар бойғы белгісіз мерзімге «тиым салынған» болып қалады. Экспортқа жіберілетін өнімнің 70%-ын көбіне өндіруші компаниялар беретіні анық, қайта өңдеушілердің арасында ондайлар бірен-саран.  Соңында, ҚҚС-ның «нөлдік» жүктемесінің артықшылықтарын шикізаттық сектор пайдаланады, ал өңдеуші өнеркәсіп айналым қаражаттарының жүйелі түрде алыну мәселесіне тап болады».                    
А.Перуашев «Ақ жол» фракциясы жақында осы жағдай бойынша Үкіметке депутаттық сұраныс жолдағанын айтып өтті: «Біз өңделген және дайын өнімді өндіретін кәсіпорындар пайдасына салық саясатын қайта қарауды ұсынамыз. Атап айтқанда, өндеуші салаларға ҚҚС-ың қайтып келуі жеделдетілген түрде, яғни 30 күн ішінде және толық көлемде жүргізілуі керек. Біздің ұсыныстар жұмыс тобына бағытталған, және олардың бір бөлігі үкіметтің қорытындысына кеткендігі белгілі».                             
«Ақ жол» фракциясының депутаттары жоғарыда айтылған ескертулерді  ескере отырып бірінші оқылымдағы заң жобасын қолдады. 
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұжырымдамасын іске асыру және отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі жұмысын жалғастыра береді.