‘Ақ жол’: ТЖМ-нің таратылуы мемлекеттік органдарды жер сілкіну қауіп-қатері туралы алматылықтарды уақытылы хабарлау жауапкершілігінен босатпайды

» Депутаттық сауалдар » 'Ақ жол': ТЖМ-нің таратылуы мемлекеттік органдарды жер сілкіну қауіп-қатері туралы алматылықтарды уақытылы хабарлау жауапкершілігінен босатпайды

17.09.2014, 00:00

         17 қыркүйек 2014жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
Төменде бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында А.Перуашевпен жарияланған «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутатық сауалының мәтіні келтіріледі. 
                                                  Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.Қ. Мәсімовке 
Депутаттық сауал
 Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! 
Жақында ғана, 2014 жылдың 11 сәуірінде, Мәжілісте қызу талқыланған, «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР Заңы қабылданды. ҚР Парламенті Мәжілісіндегі тек бірінші оқылымда, оған 2000-ға жуық түзетулер енгізілді, мәтіннің әр бетіне 12 ескертулер мен толықтырулардан келеді.
Парламенттің депутаттары мен партиялық фракцияларының, «Ақ жол» ҚДП депутаттарын қоса алғанда, бірігіп күш салуының арқасында азаматтық қорғаныстың бүгінгі уақыт  талаптарына сай азаматтық қорғанысты қамтамасыз етудегі бағыттары мен  тәсілдемелерін айқын анықтаған құжат жасалды.
Талқылау барысында, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің атынан уәкілетті органның басшылығы депутаттар мен жұртшылықтың, өткір сынына  ұшырады, мәселен, Алматы қаласындағы жер сілкінулері кезіндегі азаматтық қорғаныс шараларына қатысты уақытылы әрекеттер мен басқарудың болмағандығы үшін.
Қабылданған заңның нормаларымен, осындай жағдайларда, дүрбелең көңіл-күйді болдырмау және қорғаныс шараларын ұйымдастыру мақсатында, уәкілетті орган төтенше жағдайдың қауіп-қатері туралы тұрғындарды ақпараттандыруды және хабарлауды, сондай-ақ, радио, теледидарды, дауысзорайытқыштарды, смс-хабарламаларды және т.б. қоса алғанда, барлық қолжетімді әдістермен қажетті іс-қимылдардың реті туралы хабарлауды қамтамасыз ету қарастырылған.   
Үкіметтің жүргізгенген реформасының барысында, ТЖМ функциялары басқа ведомстволарға, мәселен, өрт сөндіру функциялары – Ішкі істер министрлігіне, өнеркәсіп қауіпсіздігі функциялары – Инвестиция және даму министрлігіне, мемлекеттік материалдық резерв функциялары – Ұлттық экономика министрлігіне бөлінгені мәлім.
Сонымен қатар, 2014 жылдың 30 тамызында магнитудасы 4,2 балл жерасты дүмпуі айқындалған болатын, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығыста 30 шақырым жерде болған.  
Сол күні бірнеше сағат бұрын, аталған ауданда магнитудасы 3,9 баллға тең жер сілкінісі тіркелген болатын. Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығыста 43 километрде орналасқан болатын.
 Бір апта бұрын, а.ж. 24 тамызында Алматы облысында, бірнеше сағат үзіліспен, магнитудасы 4,3 және 4,1 балл, бірден екі жер сілкіну болды.
Алайда жер дүмпулерінің осы сериясы тұрғындарға оның қайталану ықтималдықтары туралы ескертілмегендігі өз алдына, және тіпті азаматтардың қажетті әрекеттерінің реті туралы аталған оқиғаларға дейін де, болып жатқанда да, кейін де ешқандай ақпараттар берілмеген.
Сонымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және оның салдарларының алдын алу және жою бойынша кешенді шараларды қарастыратын азаматтық қорғанысты ұйымдастыру жөніндегі бұрынғы ТЖМ функциялары туралы мәселе туындайды. Жер сілкінулеріне байланысты келтірілген мысалдардағы тұрғындарды уақытылы хабарлау және ақпараттандыру дәл осы осы кешенді шараларға жатады.
Қандай мемлекеттік органға бұл функциялар берілді және қандай орган олардың тиісті орындалуына, соның ішінде осы сауалда көрсетілген оқиғаларға, жауапты.
Сонымен бірге көрсетілген функцияларды тек қана жергілікті атқарушы органдардың  жауапкершілігіне жүктеу біздің азаматтарымыздың төтенше жағдайлардың әсерінен қорғану деңгейін төмендетуі мүмкін деп пайымдаймыз, өйткені мұндай міндеттер мамандар мен тұрғындарды оқытудың қазіргі заманғы әдістемеліктерін әзірлеу және енгізу, әртүрлі қызметтер мен өңірлердің (аймақаралық сипаттағы ТЖ кезінде) үйлестірілуі және әрекеттестігін қамтамасыз ету, құтқарудың әлемдік жаңа технологиясына мониторинг жүргізу және т.б. жалпымемлекеттік деңгейдегі уәкілетті органмен қамтамасыз етілетін біртұтас саясат сипатында болуы тиіс.  
Құрметпен,
          «Ақ жол» фракциясының депутаттары                       197-ДС жауап