24
Қыркүйек

Әділдік талап етілді /Гүлнұр Өміржанқызы/ - Казак yнi

«Ақ жол» демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалының кеңсесіне жұртшылық әрдайым бас сұғып, түрлі мәселелермен келіп жатады. Партия басшылығы мәселенің мән-жайын анықтап дүйткілді мәселенің түйінін тарқатуға атсалысып келеді. «Ақжолдықтарды» Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны Нина Афанасьеваның мәселесі де бей-жай қалдырмады.
«Ақ жол» демократиялық партиясының Министрлікке жолдаған сауалдарының бірі электр энергиясының қымбаттауына наразылығы Нина Афанасьеваның басты мәселесі болып отыр. Ол кісі 11 жыл бойы тұрмыстық мақсатта жұмсалып отырған электр энергиясына он есе артық ақша төлеп отырған. Осыған байланысты 2011-жылдың 17-қазанында «РудненскаяЭнергоКомпания» ЖШС әкімшілігінің сатушы монополисі және сатып алушы Нина Афанасьева арасын-да халықаралық келісім жасалған. Бұл халықаралық келісім Рудный қалалық сотымен мақұлданады (судья Егембер-диева Г.Н., хатшы Сикирова Д.С., № 2-5164 азаматтық ісі). Алайда бүгінгі күнге дейін халықаралық келісім де, сот шешімі де орындалмаған. Соңғы төрт жыл бойы он есе артық көлемде қаражат төленсе де электр энергиясын қолдану мүмкіндігі болмай отыр. Басты себеп «РудненскаяЭнергоКомпания» ЖШС әкімшілігінің сатушы монополисі алғашында арнайы құралдың көрсеткішін дұрыс жазып алмаған, осылайша өзгеріспен жазылған сандар автоматты түрде төленетін соммаға эсер етеді. «РудненскаяЭнергоКомпания» ЖШС әкімшілігі Рудный қалалық сотының жаңа көрсеткіштермен жазып қарастырған есебін халықаралық келісім мен сот шешіміне сәйкес орындамаған. Сондықтан, бұл кісі Қостанай облысының 15 ұжымына, экс-Премьер-министр С.Ахметовке, Премьер-Министр К.Мәсімовке өтініш жазады, алайда ешқандай нәтиже болмаған. Тіпті айыптылығын сезінбеген «РудненскаяЭнергоКомпания» ЖШС әкімшілігінің қызметкерлері 2013-жылдың маусым айында айлакерлік жолмен Нина Афанасьеваның пәтеріне кіріп, электр энергиясын қосып берген. Бірақ Рудный қалалық сотының судьясы халықаралық келісім мен сот шешімі (17.10.2011 ж.) толық іске аспағанша, электр энергиясын қолданбауды ұсынады. Осы мәселе шешімін тауып, жарыққа қол жеткізсем деген апай ендігі кезекте бар үмітін «Ақ жол» демократиялық партиясына артып отыр.
Партия жәбірленуші тұрғынның шағымымен танысқан соң, толық кеңес беріп, қандай әрекет жасау керектігін түсіндірді. Сонымен қатар Рудный қалалық «РудненскаяЭнергоКомпания» ЖШС-не екінші мәрте ұсыныс-арыз жіберді. Дегенмен нақты жауап әлі келмей отыр.
Дерекнама - Казак yнi (Алматы), № 37 (646), 23.09.2014