Салық саясатын түбегейлі өзгерту қажет – Казак yнi

» Баспасөз жарияланымдар » Салық саясатын түбегейлі өзгерту қажет - Казак yнi

07.10.2014, 00:00

«Еуроодақ елдерінің тәжірибесі бойынша сараланған салық салуға көшу басым салаларды нақты ынталандыруға және асырауда болушылық бизнесі беталысын төмендетуге мүмкіндік бере алады» – деп мәлімдеді Азат Перуашев ТДУ-42 жеке телеарнасына жақында берген сұқбатында. Естеріңізге салайық, ә, дегеннен нарық қажеттіліктеріне емес, субсидиялар мен дотацияларға сүйеніп ойластырылған жобаларды Азат Перуашев «асырауда болушылық бизнесі» деп атаған болатын.
Оның пікірінше, бұл тұйыққа тірейтін жол, оған Еуроодақта және басқа дамыған елдерде кеңінен қолданылатын сараланған салық салуды енгізу балама бола алады. «Субсидия немесе дотация деген не? Бұл мемлекет кәсіпорындардан салық жинап алады да, ал содан кейін оларды басқа біреулерге қайта бөледі. Мұндай тәсілдемеде кімге және қанша беруді өз қарастыруы бойынша шешетін шенеунік негізгі рөл атқарады.
Бірақ бизнесті басқаша: ақшаны сұрағанға емес, тапқанға қалдыра отырып, Қосымша құн салығы мөлшерлемесін басым салалардан жай ғана азайтып» ынталандыруға да болады ғой.
Мұндай тәсілдемеде сыбайлас жемқорлық үшін шарттардың төмендейтініне Перуашев сенімді: кәсіпкерге не үшін оған субсидиялар керек деп кабинеттердің баспалдақтарын тоздырып дәлелдеудің қажеті жоқ, субъективтік факторға жол қалмайды, өйткені салықтық мөлшерлеме жеке кәсіпорындар үшін емес, бүкіл сала үшін қойылады. Егер бұл тиімділігі төмен басым секторда жұмыс істесе, оның мемлекеттік қолдауды тікелей өзінің табыстарын сақтау есебінен алуына мүмкіндігі болар еді.
«Атамекенді» басқарғанда да, «Ақ жол» партиясына келгенде де, мен Үкіметке Еуроодақ мысалы бойынша осы Қосымша құн салығының салалық сараланған мөлшерлемелер жүйесін енгізуді бірнеше рет ұсындым, онда Қосымша құн салығы мөлшерлемесі салалардың әрбір тобына, оның ішінде, аталған сектордың орташа тиімділігін ескере отырып, жеке анықталады. Салық салушылар бізде онсыз да Қосымша құн салығы төмен деп маған қарсылығын білдіреді, – деп атап өтті ол. – Келісемін, Қосымша құн салығынының біздегі мөлшерлемесі әжептәуір төмен. Бірақ, базалық жағынан, ол мұнайшылар үшін де, машина жасаушылар үшін де, малшы үшін де, кондитер үшін де бірдей. Оның үстіне экспортшылар Қосымша құн салығы бойынша қайтарымды да толық көлемінде алады, ал біз нені экспортқа шығарамыз? Мұнай, газ, кен, металл, астық – бірыңғай шикізаттық тауарлар. Осылайша, өңдеу өнеркәсібін және ШОБ қолдап жатырмыз деп мәлімдеп жатқанымызбен, салық саясаты біздің ұрандарымызға тікелей қарама-қайшы, себебі ол ірі шикізаттық бизнесті қолдауға бағытталған. Ал барлық жүктемелер дәл осы шағын және орта кәсіпорындарға және өңдеуші салаларға түседі».
«Салық саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды бөлігі, парламенттік фракцияның көшбасшысы осылай деп атап өтті. – Яғни, оны шұғыл және түбегейлі ауыстыру керек. Еуропа елдерінде бес-алты және одан да жоғары ҚҚС мөлшерлемелері болуы мүмкін. Әрдайым пайдасы мол сауда саласы үшін ол 18-24 пайыз болса, ауылшаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, балалар тауарлары өндірісі сияқты салалар үшін Қосымша құн салығы, әдетте, 0 ден 5 пайызға дейін. Машина құрылысы үшін ол 7-10 және т.б. болуы ықтимал. Мұндай градация инвестицияны ынталандырады, ол бизнеске ақшаны қайда салуға пайдалы екенін көрсетеді».
Сонымен бірге, ол Еуропада салалық мөлшерлеме жеңілдік болып саналмайтынын атап өтті. Бұл мақсатты көзқарас, ол азық-түліктік, тұтынушылық, балалардың тауарларын, инновациялық тауарларды, тұрғын үй құрылысы және т.б. аталмыш елдегі қоғамдық көңіл-күйді және технологиялық даму деңгейін анықтайтын барлық салаларды ынталандырады.
«Өкінішке орай, біздің былтырғы жылғы бұл тақырыптағы депутаттық сауалымызға салалық мөлшерлемелерге көшу мүмкін емес, өйткені, оны салық органдары қызметкерлеріне әкімшілендіру күрделі деген жауап алдық. Бұл жағдайды аяғынан басына қойғанмен бірдей жауап.
Сонда біздің салық саясаты туралы міндетіміз, шенеуніктерге салықтарды оңай жинауға тіреледі ме? Бұл олардың жұмысы емес пе, олар бұл үшін жалақы алмай ма? Салықтар кәсіпорындар үшін, экономика үшін ыңғайлы болуы тиіс, – деп қосты депутат. – Ал біз бизнеске өнім өндіріп жатырсың ба немесе қайдан болса да «пайда тап», мемлекетке бәрібір деп отырмыз. Ақырында ақауланған экономиканы иемденеміз. Сол себепті нарықтағы өнім қазақстандық емес. Ал бізге керегі бөтендікін сатуға қарағанда, өнім өндірген тиімді екеніне басымдық беру, ал мұны тек ҚҚС-ның салалық мөлшерлемелері арқылы жасауға болады.
Дерекнама – Казак yнi (Алматы), № 37 (646), 07.10.2014