17
Қазан

Үкімет «айтқаным - ақыл» дейді, мәжіліс «мақұл» дейді... - Казак yнi

Парламент Мәжілісі Еуразиялық экономикалық одақ ' туралы шартты ратификациялау жөніндегі заң жобасын бекітті. Құжатты депутаттар алдында таныстырған Ерболат Досаевтың айтуынша, шартта мемлекеттің алдағы бірнеше жылға арналған сыртқы экономикалық саясатының негіздері айқындалған.
«Еуразиялық экономикалық интеграцияның әлеуеті өте жоғары. Мүше елдері экономикаларының жиынтық көлемі 2 трлн. 200 млрд. долларды құрайды. Үш елдің өнеркәсіп өнімінің шығарылымының жалпы көлемі 1,5 трл. долларға жетті. 2030-жылға қарай жиынтық жалпы ішкі өнім өсімі түріндегі перспективті интеграциялық эсер 900 млрд. долларды құрауы мүмкін»- деді министр алдағы жылдарға батыл болжам жасап. Досаевтың көріпкелдігіне күмән келтірмеген депутаттар құжатты бірауыздан мақұлдап жіберді. Әдеттегідей депутат Азат Перуашев қана өз пікірін іркіп қалмады. «Кедендік одақ құрылғалы бері Ресей тарапы өз нарығына қазақстандық тауарлардың жолын шектеп
келеді. Бұл үшін үнемі бір жаңашылдықтар ойлап табылады. Мәселен, өзгенің .мүддесін қорғаудың нақты мысалы ретінде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесте қаралып жатқан жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау туралы жобаны айтуға болады. Құжат тауарларды сәйкестендіру белгілерімен міндетті таңбалауды қарастырады. Бізде бар ақпарат бойынша, таңбалау барысында әр тауардың бір данасына 20 теңге қосылады. Сонда әр шұлықтың, әр дәптердің, әр алманың бір данасына 20 теңгеден қосылып отырса, кей тауарлар 50 пайызға қымбаттап кетпей ме? Ал таңбалау қондырғылары бір-бірімен байланысы бар жеке компаниялардан сатылып алыну керек. Сонда Қазақстанның әр азаматы кез келген тауар сатып алған кезде сол жалған кәсіпкерлер пайдасының артуына эсер етеді. 20 теңгені 17 млн. халық саны мен сатып алынатын тауарлар санына көбейтсеңіз, олар қанша пайдаға кенелмек?»- деді «Ақ жол» фракциясының жетекшісі.
Қашанда кәсіпкерлердің мәселесін көтеретін Перуашев бүл жолы да кедендік одақтағы кемшіліктерді көрсетіп, еліміздегі қарапайым тұтынушылардың қалтасы қағылып, ойсырай ұтылып отырғанын атап айтты. Өндіріс пен кәсіпкерлік туралы, жалпы экономика жағдайы сөз болғанда Мәжіліс депутаттары тақырыпқа терең бойлай алмайтыны байқалады. Соған қарап депутаттардың арасында экономика саласының мамандары жоқ па деп қаласыз. Халық арасындағы «Мәжіліске «мақұлбектер» жиналған, кез келген ұсынысты мақұлдауды ғана біледі» дегені негізсіз емес сияқты. Ал, шынында халық
қалаулыларының қатарында түрлі саланың мамандары баршылық. Тек талқылауға ұсынылған заң жобасына терең үңіліп, оны сан қырынан жан-жақты зерттеу жағы жоқ. Оған қоса, депутаттардың жоғарғы жаққа жалтақтауы жиі байқалады. Халық қалаулылары емес, биліктің бұғауындағы Мәжіліске жіберген тұрақты өкілдері сияқты көрінеді олар. Қолданысқа тиімсіз Үкімет ұсынған кейбір заң жобаларының еш кедергісіз қабылданып кететіндігі де содан болар.
 
Дерекнама - Казак yнi (Алматы), № 39 (648), 07.10.2014