«Ақ жол» партиясы Президенттің бизнес-ахуалды түбегейлі жақсарту жөніндегі бастамасын қолдайды және кейбір мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерді тексеруді коммерцияландыру талпыныстарына жол беруге болмайды деп есептейді

» Санат жоқ » «Ақ жол» партиясы Президенттің бизнес-ахуалды түбегейлі жақсарту жөніндегі бастамасын қолдайды және кейбір мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерді тексеруді коммерцияландыру талпыныстарына жол беруге болмайды деп есептейді

04.03.2014, 00:00

4 наурыз 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
        «Ақ жол» партиясы Президенттің бизнес-ахуалды түбегейлі жақсарту жөніндегі бастамасын қолдайды және кейбір мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерді тексеруді коммерцияландыруға талпыныстарына жол беруге болмайды деп есептейді – бұл туралы ҚДП төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев   кешегі Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде сөйлегенде мәлімдеді.
«Мұндай әрекеттер тәуекелдіктерді бағалауды кейбір «тәуелсіздерге», ал іс жүзінде – коммерциялық ұйымдарға беру жолымен болып жатыр – дейді депутат, осындай заң жобалары сондай-ақ Парламентке де келіп түсуде, тек депутаттардың табандылығымен және Бас прокуратураның қолдауымен ғана, мысалы, «Азаматтық қорғау туралы» заңнан  осындай баптарды алып тастау мүмкін болды».
Тәуекелдерді бағалауды «бәсекелестік» деп аталатын, іс жүзінде  – коммерциялық аймаққа беру туралы ұсыныстар – кәсіпкерлердің алдына – тәуекелдерді тәуелсіз бағалау үшін ресми төлеу, немесе мемлекеттік органның тексеруіне ұшырау деген таңдау қояды. Бұл сонысымен кәсіпкерлерді тексерулерден құтылуы үшін төлеуге итермелейтіні түсінікті. Бірақ, бұл сыбайлас жемқорлықтық жағдайларды туындатады: мысалы, тәуекелдерді бағалау жөніндегі ұйымдарды тексерулерге жауап беретін мемлекеттік органның өзімен анықталсын деп ұсынылды. Бұл кәсіпкердің сол немесе басқа қылықтарындағы тікелей мүдделілігін құратын мүдделер жанжалына әкелуі сөзсіз – деп есептейді «Ақ жолда».
Сондықтан, Президент тапсырғандай тәуекелдерді бағалау, мемлекеттік органдардың тікелей лауазымдық міндеті болуы тиіс, ол коммерцияландырылмауы керек, ал пайда болған шығындар бизнес жауапкершілігін сақтандыру арқылы шешілуі керек – деп мәлімдеді А.Перуашев.