29
Қазан

Санат жоқ 29.10.2014

«Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Иса Жазушылар Одақтарының Халықаралық қауымдастығының (ЖОХҚ) С.Есенин атындағы алтын медалімен марапатталды

Баспасөз-құлақтандыруы
БАҚ назарына!
 
           2014 жылдың 29 қазаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары – ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Қазақ үні» газетінің президенті Қазыбек Иса Жазушылар Одақтарының Халықаралық қауымдастығының (ЖОХҚ)
С.Есенин атындағы алтын медалімен марапатталды.
Марапаттау рәсімі ертең, 2014 жылдың 30 қазанында Алматы қаласында өтеді. Марапаттау үшін Мәскеуден ЖОХҚ атқару комитеті төрағасының орынбасары Владимир Середин келеді.
 
Рәсімнің өткізілу орны: Алматы қ. Абай даңғылы 14, Ұлттық кітапхана.
Уақыты: 2014 жылдың 30 қазаны, басталуы сағат: 15.00
Салтанатты жиналыста белгілі жазушылар, ақындар, мәдениет қайраткерлері, Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, саясаткерлер: Дулат Исабеков, Мұхтар Шаханов, Темірхан Медетбек, Исраил Сапарбай, Ибрагим Исаев, Ұлықбек Есдәулет, Азат Перуашев және т.б. қатысады.
 
Іс-шараға БАҚ-қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпараттар алу үшін 8-777-200-9646, 8-701-724-21-246,8701-304-27-70 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.
Анықтама үшін. Жазушылар Одақтарының Халықаралық қауымдастығы (ЖОХҚ) - КСРО жазушылар одағының құқықтық мұрагері (КСРО ЖО), Ресей республикалары және ТМД елдері жазушылар одағын біріктіреді, ТМД аумағындағы тұтас мәдениет кеңістігін сақтауды, бүкіл әлемдегі  жазушылық ұйымдар мен жекелеген әдебиетшілерді қолдау және  ынтымақтастығын дамытуды өзінің басты міндеті деп санайды. Ұйымның құрылтайшылары болып 37 ТМД елдерінің шығармашылық жазушылар одақтары кірген.
ЖЕТЕКШІЛЕР: КСРО ЖО:Максим Горький(1934–1936),Владимир Ставский(1936–1938),Александр Фадеев(1938–1944 и 1946–1954), Николай Тихонов(1944–1946),Алексей Сурков(1954–1959),Константин Федин(1959–1977),Георгий Марков(1977–1986),Владимир Карпов(1986–1991), МСПС: Сергей Михалков(1992–2009),Иван Переверзин(2009–қазірге дейін)
 
Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – белгілі ақын, республикалық «Қазақ үні» газетінің президенті, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Мәдениет қайраткері», «Ақпарат үздігі» атақтарының иегері. «Құрмет» орденімен марапатталған. «Керімсал», «Қызыл жыңғыл», «Тәтті шөл» өлеңдер жинағы жарық көргеннен кейін Қазыбек Исаның шығармашылығы кең танымалдыққа және поэзияны бағалаушылардың жоғарғы бағасына ие болды. Оның 5 томдық шығармалар жинағы «Тұран» баспасынан жарық көрмек. Көптеген Республикалық байқаулардың жүлдегері. Биылғы жылы Мәскеуде «Советский писатель» баспасынан шыққан «Антология казахской поэзии» жинағында оның бірқатар өлеңдері жарияланған.
Қазыбек Иса лирикасында қазақ поэзиясының ерекшелігін айқындайтын өзіндік бағыты бар. Оның шығармашылығын шынайы бағалаушылар Иса поэзиясындағы образдардың тереңдігі мен нәзіктігін үйлестіре білуді, бейнелеу шеберлігін, авторлық өзгешелігін атап өтеді.