29
Қазан

Санат жоқ 29.10.2014

Азат Перуашев: мемлекет есебінен көптеген дәрменсіз банктерді құтқаруға қарамастан, олардың бір де біреуі өздерінің тәбеттерін басуды ойламады – «Ақ жол» фракциясының депутаттары банктерге үмітсіз несиелерді жоюды ұсынады

2014 жылдың 30 қазаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Азат Перуашев: мемлекет есебінен көптеген дәрменсіз банктерді құтқаруға қарамастан, олардың бір де біреуі өздерінің тәбеттерін басуды ойламады – «Ақ жол» фракциясының депутаттары банктерге үмітсіз несиелерді жоюды ұсынады.Бұл туралы кеше Азат Перуашев 2014-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді талқылау кезінде  Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеді.
Естеріңізге салайық, бюджетті нақтылаудағы түсіндірме жазбада көрсетілгендей, оның негізіне Мемлекет басшысының Ұлттық қордан экономиканы қолдау мен дамыту үшін қаржы тарту туралы тапсырмасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына түзетулер алынды.
Әлбетте, болжамдық мәліметтерді нақтылау тек кірісті ғана емес, сонымен қатар бюджеттің шығыс бөлігін де айқындауға мүмкіндік беруі тиіс.
Кірістің 420,7 млрд. теңгеге қысқарту негізінде шығысты 65,5 млрд. теңгеге көтеру ұсынылады, ал бюджет тапшылығын ұлттық қордан мақсатты трансферттің есебінен 325 млрд.тг. көлемінде жабу ұсынылады.
Оның 75 млрд. теңгесі «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорының» АҚ жарғылық капиталын көбейтуге және «ҰБХ Бәйтерек» АҚ капиталдандыруға ҮИИМДБ 2015-2019 жылдардағы жобаларын қаржыландыру үшін бағыттау ұсынылған.
250 млр. теңгенің негізгі бөлігі – банктік секторды сауықтыру үшін «Проблемалы несиелер қоры» АҚ-ын капиталдандыруға жіберіледі.
 
Осыған байланысты демократиялық фракцияның көшбасшысы жеткілікті сыни пікір білдірді: «Самұрық-Қазына ҰӘҚ және Бәйтерек ҰБХ капиталдандыруына қатысты қарсылық білдіру қиын, өйткені олардың қаржыландырылуы орта және ұзақ мерзімдік келешекте мультипликативті экономикалық тиімділік әкелуін қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Бірақ біз проблемалық несиелердің Қоры туралы тура солай сенімділікпен айта алмаймыз».
Азат Перуашев бір апта бұрынғы фракцияның Ұлттық банктің БҰЗҚ-дан кейбір екінші деңгейлік банктерге болашақ зейнеткерлердің қаржысын  өздерінің капиталдарынан артық, барабар емес бөлетін практикасын сынға алған депутаттық сауалды еске салды.
«Енді оны Ұлттық қор есебінен де қолдау ұсынылып отыр – деп қосты «Ақ жол» жетекшісі». – Сонымен қатар көптеген дәрменсіз банктерді мемлекет есебінен құтқаруға қарамастан, олардың бір де біреуі өздерінің несиелері бойынша пайыздарын төмендетуді және өздерінің тәбеттерін басуды ойламады».
Осыған байланысты, «Ақ жол» депутаттары ЕДБ-терден проблемалық несиелерді сатып алу қандай экономикалық өсуді қамтамасыз ете алатынын бағалау маңызды деп санайды. Статистикалық мәліметтерді талдау, қаржылық және сақтандыру қызметінің үлесі төленген салықтардың жалпы көлемінің тек 0,2% ғана құрағанын көрсетті.
«Егер де ол кәсіпорын айналымдарында жүк болып ілініп тұрса, бюджетке шұбатылған соңы бар 0 пайыз төлесе, және шынайы қосымша құн құрайтын бүкіл өндірістік сектордан артық тұрақты құйып отыруды талап етсе, экономика үшін бұл сектор қаншалықты маңызды» - деп «ақ жолдықтар» сұрақ қояды. Салыстыру үшін А.Перуашев келесі мәліметтерді келтірді: ҮИИМДБ күллі екінші кезеңіне 225 млрд. теңге бөлінген, яғни,  банктердің проблемалы несиелеріне қарағанда 25 млрд. аз.
«Жұмыс жасамайтын несиелердің үлкен көлемін (а.ж. 1 қаңтарына 31 %), сондай-ақ онда әжептәуір үлесті ипотекалық несиелер және займдар алып отырғанын, ал мұның кәсіпорындардағы жұмыс орындарының сақталып қалуына әсері барын есепке алсақ, бәлкім мұндай тәсілдеменің байсалды негізі бар болар.
Бірақ мәселе, банктік сектордың реттеушісі (Ұлттық банк) әрі қарай банктердің өздерін, мемлекеттік қаржылар олардың өздері үшін емес, олардың әлеуметтік функцияларын орындау үшін бөлінетіндігіне сендіре ала ма, міне осында.
Тұтастай алғанда проблемалық несиелер Қорының өзінің жобасы стресстік активтік Қорының осындай «римейкісі» болып көрінеді, оның жарғылық капиталына дағдарысқа қарсы  70 млрд. теңге жіберілген болатын. Алайда кезінде бұл қор көп ұзамай күмәнді несиелерді сатып алмай жатып-ақ жойылған», - деп атап өтілді А.Перуашевтің сөзінде. 
«Ақ жол» депутаттарының пікірінше, проблеманың басқа мүмкін шешімі болып банктердің үмітсіз қарыздарын шығысқа шығару, оған қатысты қажетті құқықтық және салықтық шарттар біздің елде жасалған, соның ішінде салықтық заңнамаға тиісінше өзгертулер бар. Бұл мәселелерде,  «Ақ жолды» қоса алғанда, барлық фракциялар банктердің мүдделерін  қолдаған.
А.Перуашев сондай-ақ, әлемдік нарықтағы қолайсыз конъюнктураға байланысты, Ұлттық қорға түсім 148,1 млрд. теңгеге төмендеуі болжанып отырғанын атап өтті. Бұл бюджеттік саясатты оңтайландыруды және Ұлттық қордың бюджетін және қаражатын тиімді пайдалану бөлігіне жаңа талаптар қоюды талап етеді.