24
Қазан

«Сбербанкті» кім асырап отыр? /Дуанабай Жолдасбек/ - www.aikyn.kz

Бірыңғай зейнетақы қорындағы» қаржы кісі қолында кетіп жатыр. Тұрғындардың «кәрілік келгенде кәдеме жарар» деп жинап жүрген ақшасы коммерциялық банктерді қаржыландыруда екен. Тіпті қордағы ақшаның қызығын Ресей банкінің көруі депутаттардың ашуын туғызды.
 
Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:
-Қатардағы тұрғындардың жинаған ақшасын біздің Ұлттық банкіміз де, «Бірыңғай жинақталған зейнетақы қоры» да Ресейдің «Сбербанкіне» жіберіп жатыр. Өзіміз біліп отырмыз ғой, Ресейде жағдай қандай екенін қазіргі кезде. Рубль түсіп бара жатыр. Егер, өз қаржы жүйесін құтқаруға, біздің ақшамызды жіберсе, ертең зейнеткерлеріміз ақшасыз қалады.
Мысалы, биыл отандық қордан «Сбербанкке» 152 миллиард теңге бөлініпті. Яғни, қарапайым жұрттың ақшасы Ресейді қаржылық қиындықтан құтқаруға жұмсалуда, - дейді депутат. Бірақ бұдан жалпақ жұртқа бір тиын да пайда жоқ. Ол аздай «Бірыңғай зейнетақы қорындағы» қаржының қалған бөлігі отандық екінші деңгейлі банктерге құйылуда. Әркімнің ай сайынғы жалақысының 10 пайызы коммерциялық банктердің депозиті мен құнды қағаздарына салынуда. Ал, қазіргідей экономикалық тұрақсыздық кезде бұл капиталдың қайтарымсыз, түбегейлі құрдымға кетуі де мүмкін. Сондықтан депутаттар қарапайым тұрғындардың есебінен жеке банктерге зейнақты қорынан ақша бөлуді доғару керек дейді.
 
Дерекнама - www.aikyn.kz (Казахстан), 23.10.2014