24
Қазан

«Сбербанкке» 152 миллиард теңге бөлініпті! - Жас казак

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:
'Қарапайым халықтың зейнетақы қорына жинаған ақшасының «қызығын» коммерциялық банктер көріп жатыр. Сол банктердің ішінде Ресейдің «Сбербанкі» де бар. Егер орыстар күннен-күнге құлдырап бара жатқан рубльді құтқаруға біздің ақшамызды жұмсайтын болса, онда ертеңгі күні зейнеткеріміз жер сыйпап қалады. Мысалы, биыл зейнетақы қорынан «Сбербанкке» 152 миллиард теңге бөлініпті! Бұл қамсыз қарттыққа деп жинаған қарапайым елдің ақшасы ресейлік банктерді қиындықтан құтқаруға жұмсалып жатыр деген сөз?!.»
(Үкімет басшысы мен Ұлттық Банк төрағасына жолдаған депутаттық сауалынан)
Бақыт Жаншаева, Ақтөбе тұрғыны:
«Зейнетақы қорындағы қаражатымыздың қайда, қалай сақталып жатқанынан хабарымыз жоқ. Азат Перуашевтың Мәжілісте сол туралы айтқанын естігенде, шашымды жұлардай болдым.
Ол: «зейнетақы қорынан Еуразиялық банкке – 78 млрд теңге, Каспий банкке – 169 млрд теңге, банкрот болайын деп жатқан Альянс, Темірбанкке – 39 млрд теңге, Сбербанкке – 150 млрд теңге беріліпті» деді. Үкімет те береді банктерге, енді келіп зейнетақы қорынан да береді. Банкті неге қаржыландыра береміз? Бітіріп отырған түгі жоқ. Банктердің топ-менеджерлері миллиондап айлық алу үшін бе? Халықтың жинақталған ақшасы құрдымға кете ме? Жинаған ақшамыздан ертең зейнеткерлікке шыққанда дым ала алмай қаламыз ба? Кімге сенеміз?»
«Faceebook»
Қайрат Келімбетов, Ұлттық Банк төрағасы:
«Депозиттер қашанда болған, тіпті үздік емес банктердің өзінде бар. Облигациялар бойынша, кіріс мөлшері үнемі 5 пайыз болса, ал банк депозиттері бойынша – 7 пайыз. Біз қаржыны алғашқы ондыққа кіретін банктерге саламыз, олардың банктік жүйеде шамамен 80 пайыз үлесі бар: «Halyk банк», «Казкоммерцбанк», «БанкЦентрКредит», «Сбербанк», «Еуразиялық», «Kaspi банк», «АТФ» және тағы басқалары. Бұл он банк қандай жағдайда да банкротқа ұшырамайды. Соңғы 20 жылдағы тәжірибе мұны растайды»
 
Дерекнама - Жас казак (Алматы), № 42 (510), 24.10.2014