10
Қазан

Кәсіпкерді қудалаушы кеміп келеді - Казакия (Актобе)

Мемлекеттік қызмет істері бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік енді кәсіпкерлерді қудаламайтын болды. Бұл туралы Мәжілістің жиналысында Агенттіктің басшысы Қайрат Қожамжаров «Ақ жол» фракциясының басшысы Азат Перуашевтің қойған сұрағына жауап бергенде хабардар етті.
Агенттік мемлекеттік қызметті жетілдірумен және тікелей мемлекеттік органдарда жемқорлықтың алдын алумен айналысатын болады. Кәсіпкерліктің қаржылық бұзылуына байланысты сұрақтар енді аталған мемлекеттік органның құзіретіне кірмейді, оларды Қаржы министрлігінің тиісті қызметі қарастыратын болады.
Қайрат Қожамжаров: - Жемқорлықтың айқын анықтамасы - баю мақсатында қызметтік жағдайды пайдалану, ал жемқорлық субъектілері әрқашан мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Сол үшін жемқорлықта кәсіпкерлер айыпталатын тәжірибені тоқтатып осы сұраққа нүкте қоюымыз керек.
Осыған байланысты Парламеттегі демократиялық фракцияның көшбасшысы Азат Перуашевтің ойы:
- Бизнестің табиғаты – табыс табу, осы үшін оны айыптауға болмайды. Кәсіпкер болу – қылмыс емес, ал бізде әр түрлі кезеңдерде кәсіпкерлікпен айналысу - бостандық үшін де, жеке меншік үшін де қауіпті болған кездер болды. Жемқорлық – кәсіпкерлер тарапынан емес, тікелей шенеуніктер тарапынан жасалған заң бұзушылық!
Өткен жылы Салық кодексін талқылау кезінде «Ақ жол» партиясы Қаржы полициясы мен Салық комитетін жоюды ұсынған болатын. Өйткені, аталған екі құрылым әлеуетті органдарының қызметтеріне ие бола отырып, кәсіпкерлерге күш түсіріп, бірін-бірі қайталап отырды.
- Біздің өндірісімізде қылмыстық істер де бар. Біз олардың конституциялық құқықтарының бір күнге де бұзылмауына жол бермеуіміз керек, – деді Агенттіктің басшысы Қайрат Қожамжаров.
Өз кезегінде Азат Перуашев:
- Бірақ аталған заң қабылданған соң, басқа да заңдар мен заңнамалық актілерге тиісті анықтамалар енгізілуі керек екендігін түсіну керек. Ал жасалынуы тиіс негізгі жұмыс - айтылған тәсілдерді тәжірибеде жүзеге асыру қажет. Егер ол бүгінгі айтылғанға сәйкес келетін болса, онда экономикаға күмәнсіз күшті және оң әсер етеді. Сонда көптеген кәсіпкерлер өздерін жеңіл сезінеді деген үміттемін, - деп атап өтті.
 
Дерекнама - Казакия (Актобе), № 39 (45), 01.10.2014