Қордың ашықтығы қамтамасыз етілуі тиіс – Егемен Қазастан

» Баспасөз жарияланымдар » Қордың ашықтығы қамтамасыз етілуі тиіс – Егемен Қазастан

03.11.2014, 12:17

 
Мәжілістің бұрнағы өткен жалпы отырысында депутат Азат Перуашев Премьер-Министр Кәрім Мәсімов пен Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовке сауал жолдады. Онда былай делінеді:
«Былтырғы жылы Қазақстанда үлкен қоғамдық резонанс тудырған зейнеткерлік реформа жүргізілгені белгілі. Реформаның басты дәлелі ретінде азаматтарымыздың зей­нетақы қорларын сақтау туралы, сонымен қатар, бұл жинақтарды жеке зейнетақы қорларының бақы­лаусыз «жеуі» туралы мәлімдеме жасалды. Нәтижесінде барлық жинақтар Бірыңғай ұлттық зей­нетақы қорына (БҰЗҚ) біріктірілді, оның жалғыз акционері Басқарма болып табылады, ал зейнетақы ак­тивтерін инвестициялық бас­қару­ды Ұлттық банк жүзеге асы­­рады. Ағымдағы жылдың 1 қыр­күйегі бойынша БҰЗҚ-дағы зейнетақылық жинақ сомасы 4 трлн. 318 млрд.теңгені құраған.
Дегенмен, алғашқы нәтижелер көрсеткендей, зейнетақы қорлары­ның нарығындағы бәсекелестіктің жойылуы мен оның мемлекеттен­дірілуі азаматтардың салымдары­ның сақталуын кепілдендіру жоспарындағы жағдайдың түзе­луіне жеткізе алған жоқ. Онымен қоса, БҰЗҚ-ның зейнетақы­лық активтерді басқару бойынша кей әрекеттері тек пайда жағынан ғана емес, сонымен қатар, олардың негізділігі, айқындылығы және тіпті, ұлттық экономикалық қауіп­сіздік тұрғысынан да мәселе­лер ту­ғызады. Осылайша, аза­мат­­тардың зейнеткерлік салым­дарын инвестициялаудың негіз­гі құралдарының бірі БҰЗҚ ак­тивтерін депозиттерге және екін­ші деңгейлі банктердің құнды қа­ғаз­дарына орналастыру болып табы­лады. Ғаламтор мен БАҚ-тар­да бұл үрдіс жүре бастады. Қи­сын бойынша, мұндай орна­лас­тырулар банктің сырттан тартыл­ған қаражатты қайтарып беру қабілетін есепке ала отырып, өз капиталы есебінен жүргізілуі тиіс.
Бірақ кейбір жағдайлардың қатарында БҰЗҚ-ға салынған зейнетақы активтерінің сомасы банктердің өз капиталынан асып түседі, бұл дегеніңіз, қай­тарыл­маудың тікелей қаупін туғы­зады. Бұл қауіп – қаржы нары­ғындағы маңызды толқындар мен тұрақсыздықтарды есепке алғанда, одан да өзекті. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі ашық дерек көздері бойынша нақты мысалдар келтірейік:
— сонымен, Еуразиялық банк өз капиталы 61 млрд. теңге болғанда, БҰЗҚ-дан облигациялар есебінен 34 млрд. депозит алды және 44 млрд. сырттан тартты. Осылайша, БҰЗҚ-дан алынған жалпы қаражат сомасы 78 млрд. теңгені құрайды, бұл банктің өз капиталынан 22%-ға асып түседі.
— Каспий банкі өз капиталы 98 млрд. теңге болғанда, аза­мат­тар­дың зейнеткерлік жинақ­тары­нан 169 млрд. теңге тартты, яғни бұл өз қаражатынан 42% артық.
— Альянс және Темір банктер тобы, өзінің кері капиталында минус 54 млрд. болғанда, БҰЗҚ-дан 39 млрд. теңге алды.
— АТФ банкі өзінің 72 млрд. қаражатына қосымша 101 млрд. халық ақшасын алды, яғни бұл талап ету бойынша қайтарылатын ақшадан 29%-ға артық.
Парасат тұрғысынан, мұндай салымдарды қарапайым халық есебінен банктің атына салынған таза қайырымдылық деп атауға болады. Есесіне, банктердегі не­сие­лендіру мен сервис бағасы ха­лыққа, яғни клиенттерге қатысты ешқандай жеңілдіктер жасап отырған жоқ.
«Болашақ пайда» мен инвес­тициялық болжамдарға сілтеме де көңіл көншітпейді, себебі, кел­тірілген тізімде тұтынушылық не­сиелеуде көшбасшы болатын банк­тер де бар. Белгілі болған­дай, несиелеудің берілген түрі к­епіл затсыз несие болып табылады, сондықтан қарыз алушы­лар­дың төлеу қабілеті жиі келең­сіздіктер туғызады. Оның басты артықшылығы шұғыл өсім болып табылады, бірақ ол да үлкен қауіп тудырады. Банктік несиелеу саласының тұрақтылығына қауіп-қатер төндіретін бұл сектордағы жағдай туралы «Ақ жол» фракция­сы бірнеше рет мәселе көтерген болатын.
Біздің азаматтардың салымдарын Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорының сенімсіз салымдарымен беруі қаншалықты негізді?
Онымен қоса, БҰЗҚ қаражаты Ресей Жинақбанкіне берілгені де көп күмән тудырады, сонымен қатар, ол сома қазақстандық активтерден асып түседі: өзінің 130 млрд. теңгесі бар Жинақбанкі 152 млрд. ақша алды. Және бұл кім-кімге де белгілі көрші Ресейдегі күрделі экономикалық жағдай кезінде беріліп отыр.
Егер біздің азаматтар есебінен шетелдік банктерді қолдап, оларға қазақстандық банктердегі қаржы жүйесі туралы қауіпті салымдар бар екенін түсіндіретін болсақ, бірден даулы жағдайларға тап боламыз. Қазақстандағы болашақ зейнеткерлердің жинақтары БҰЗҚ салымшыларының мүдделерінде ғана емес, сонымен қатар, олар Ресей экономикасының бүгінгі мәселелерін шешу үшін Ресей банкі тарапынан қаншалықты қорғалған?
Мұндай шешімдер қалай қабыл­данды? Егер Ұлттық банк осыдан бір жыл бұрын бұған жеке БҰЗҚ инвестициялық қызметтерінің тиімсіздігі кінәлі десе, онда бүгінгі күні бұл мәселелерді мемлекеттік қор неге туындатып отыр? Бұл «Ақ жол» фракциясының БҰЗҚ-ның зейнеткерлік жинақтарын басқару бойынша наразылықтарының бір бөлігі ғана.
Жоғарыда айтылғандар бо­йынша, «Ақ жол» ҚДП фракция­сы қазақстандық азаматтардың зейнет жинақтарының сақталуы мен Қор жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша БҰЗҚ акционері және Ұлттық банк тарапынан қабылданған шаралар туралы хабарлауды сұрайды».
 
Дерекнама – egemen.kz   Егемен Қазақстан 1.11.2014ж.