28
Қазан

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» ҚДП төрағасы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нақты механизмдерден бастау керек! - Казак yнi (Алматы)

«Нұр Отан» партиясы 2014 жылдан бастап қана қаржылық  есебін жарияласа, онда бұл 2002 жылдан бері заң бұзып келді деген сөз.
(2014 жылдың 11 қыркүйегінде Демократиялық күштердің коалициясының отырысында сөйлеген сөзі)
Құрметті әріптестер!
Мен, біздің ұлтымыздың басқарып отырған көшбасшы «Нұр Отан» партиясына және оның депутаттарына үлкен құрметпен қараймын!
Бірақ, бүгінгі талқыланған мәселе бойынша менің көңілімде күмән туындады. Біз, демократиялық күштердің коалициясының отырысында бас қосып отырмыз. Мұнда барлық партиялардың, қозғалыстардың мүшелерінің бәрі тең. Бірақ, неге сыбайлас жемқорлықпен күрес сияқты маңызды тақырып бойынша баяндаманы тек «Нұр Отан» партиясының өкілдері ғана жасайды? Неге үндеу жобасы бойынша тізімде 20-дан астам ұйым болса да, олар бірінші көрсетілген? Неге бізде коалицияда жылдар бойы осы партия төрағалық етіп келеді, неге өздері ғана күн тәртібін белгілейді және отырыстарға басшылық етеді? Неге басшылық ету айналымын кезектесіп, теңқұқылы бірігулер сияқты коалицияның мүшелері өздері ұйымдастырып, күн тәртібін белгілемейді?
Неге «Нұр Отан» алғашқы бір жарым сағатта төрт баяндамасын оқып, ұзақ уақыт алуы тиіс, ал қалған партиялар мен азаматтық қоғамға бес минуттық қана жарыссөзде сөйлеуге ұсыныс жасайды?
Егер де бұл партияішілік іс-шара болса, баяндамаларды бізсіз-ақ талқылауға болар еді. Бірақ, бұл коалицияның отырысы болғандықтан, басқа да қатысушыларды сыйлаңыздар. Бізге тәжірибе жүргізу немесе санақ жүргізу қажет емес. Біз де өз жұмысымызды жүргізудеміз, мүмкін ауқымы кең емес шығар, билеуші партияның пәрмені сияқты емес болар, бірақ назар аударуға лайықты.
Екінші, біз тыңдалған сөздер қорытындысы бойынша келесі үндеуді қабылдайық деп отырмыз. Неге? Осы формальды түрдегі үндеулер мен шақыруларды өздері жазған қызметкерлерден басқа ешкім оқымайтын болса, онда ол кімге керек? Бұл тек жұмыстың көрінісі ғана. Ал жұмыстың өзі қайда? Оның нәтижелері қайда? Қоғамға кезекті өтініштен гөрі сыбайлас жемқорлықтан құтылу керек.
Осы жерде Үкімет басшылары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттіктің төрағасы да отырғандықтан, мен ешқандай үндеуді қабылдамауды, жұмыс жоспарын бекітуді және сол бойынша жүруді ұсынамын.
Сонымен қатар, біз қандай тапсырмаларды орындайтынымызды және олардың жетістіктерін қалай бағалайтынымызды түсінуіміз қажет. Қазіргі ұсынылған барлық рейтингтер мен индекстер – бұлар бағалаушы пікірлер. Олар қате болуы мүмкін. Олар жағдайды емес, көңіл-күйді білдіреді және біздің белгілі әлеуметтанушы Гүлмира Илеуова сыбайлас жемқорлықтың эмпирикалық деңгейін анықтайтын әділетті, белгіленген көрсеткіштерді өте дұрыс айтты.
«Ақ жол» партиясының Қазақстанның оффшорлық аймақтарына құртқан қаржы туралы жолдаған депутаттық сауалын алып қарайық. Бұл – толық есепке берілетін және анықталатын абсолюттік шама. Бұл сыбайлас жемқорлықтың шынайы көрсеткіші. Дәл осылай өз уақытында жоқ несиелер мен жалған кепілдеме бойынша атышулы Әбіләзов ақша алып отырған. Біздің Кипр банктеріндегі қазақстандық қаражаттың көлемі туралы сауалымызға екі жыл бұрын Ұлттық банк мұндай ақпараттың оларды жоқ екендігі жайлы айтқаны рас.
Бұл – жалған, себебі банктер бүгінде әрбір 10 мың доллардан артық транзакцияны бақылауда және заңсыз күдік орын алған жағдайда оны тоқтата алады. Сондықтан Ұлттық банк аз мөлшердегі Қазақстаннан кез келген елге аударылған қаржының көлемін біле алады. Басқа әңгіме мемлекеттік органдар бизнес пен банктерді жөнге салғаны соншалық, олар керекті-керексіз қағаздар мен қажет емес ақпараттардың астында қалып, шынайы қатерлерді бақылауға шамасы жетпей отыр. Бірақ, не үшін екені белгісіз, бәрі оларға есеп береді. Бізге баяғыда-ақ керек ақпаратты керек емес бюрократиядан ажыратуды үйрену керек еді. Бюрократиядан құтылу бұл – сыбайлас жемқорлықтан және оның бастамаларынан құтылу.
Үшінші, коалиция отырысының күн тәртібінде ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2050 стратегиясының жүзеге асуы аясында талқылау көрсетілген. Маған неліктен барлық коалициядан ұсынылған өтініште тек қана «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы бағдарламасын қолдау керектігі түсініксіз.
Тағы да бір рет еске салсам, коалицияға басқа көптеген партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар кіреді, олардың әрқайсысында өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалары немесе жоспарлары бар. Тіптен, барлық партиялардың да осындай бөлімдердегі бағдарламасында бар. Жаңа ғана сөз сөйлеген «Transperency International» қоры жалпы тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс атқарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы арқылы әрекет етеді. Ол да коалицияның мүшесі болып табылады.
«Ақ жол» партиясының активінде тек қана бағдарламаның бөлімі ғана емес, сонымен қатар, депутаттық сауалнама сияқты біздің депутаттарымыз енгізген заң шығарушыларға нақты ұсыныстар мен тиімді тәжірибелер жинақталған. Жай ғана бірнеше мысалдар келтірейін.
2012 жылдың 14 наурызында «Ақ жол» депутаттары несие алу кезінде екінші деңгейлі банк қызметкерлері тарапынан кәсіпкерлерді бопсалау мен алым-салық алу проблемасы бойынша ҚР Ұлттық банкіне мәселе қойды.
2013 жылдың 14 қаңтарында азаматтардың банктердегі құқықтарының бұзылуына қарсы әрекет ету үшін, фракция банк қарыздарының типтік шартын заңнамамен бекітуді ұсынды. Типтік шартпен қарастырылмаған банктің шарттарын заңсыз деп табу ұсынылды. Алайда «Ақ жолдың» бастамасымен Ұлттық банк келіспеді.
2013 жылдың барысында «Ақ жолдың» жеке автокөліктерге міндетті техникалық байқауды алып тастау туралы бастамасынан кейін, Көлік және коммуникациялар министрлігі басшылығының қатысуымен өткізілген фракция отырысында, әсіресе, бұл функцияны жеке құрылымдарға беруге байланысты мағынасыздық және сыбайлас жемқорлықты тудыратындықтан, кеңінен талқылауға түсті. Сонда біздің ұсыныстарымыз мемлекеттік органдар тарапынан қолдау таппаған болатын. Бірақ кезекті парламент сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы осы жемқорлық астауын жабуды тапсырды.
2013 жылы «Ақ жол» Кипрде тыйым салынған есепшоттардағы қазақстандық ақшаның бар-жоғына қатысты сауал қойды және бұл жағдайда заңсыз шығарылған ақшаларды елге қайтаруды ұсынды.
2013 жылы «Ақ жол» қайтадан (2012 жылдан кейін) өкілеттілігін күшейту бойынша, Парламент палаталарының, комитеттер мен жұмыс топтарының отырыстарын интернет арқылы тікелей трансляция жасауды енгізу, парламенттік тергеу институтын енгізу және т.б. бойынша қадамдар белгіленді.
2014 жылдың 2 сәуірінде фракция депутаттары Үкіметке, экономикаға араласуды азайту мақсатында, мемлекеттік қатысумен жаңа кәсіпорындар құруға мораторий енгізуді ұсынды. БАҚ-нан белгілі болғандай, 2014 ж. 26 маусымында Үкімет Парламентке енгізу үшін тиісті заң жобасын мақұлдады.
2014 жылдың 16 сәуірінде «Ақ жол» депутаттары Үкіметке қазақстандық экономиканы оффшорсыздандыруды жүргізуге және жоғарғы қызметтегі шенеуніктердің шетелдік шоттарына қатысты банктік құпияны болдырмау ұсыныстары бойынша сауал жолдады. Осы тақырып бойынша бұрын жіберілген екі сауалға үкімет бұл мәліметтердің банктік құпия болып табылатыны жайлы жауап берген. Алайда «Ақ жол» фракциясы аса ауқымды бюджеттік қаржыға билік жүргізетін шенеуніктердің банктік шоттарына банктік құпия таралмауы тиіс деп есептейді. Барлық өркениетті әлемде осындай тұлғалардың кірістер туралы декларациялары ашық ақпаратқа жатады. Осыған байланысты, «Ақ жол» партиясы «Оффшорлық аймақтар арқылы жүзеге асырылатын қызметті реттеу туралы» заң шығаруды ұсынды. Сол жылдың 17 маусымында Қазақстанның экономикасын оффшорсыздандыру туралы кешенді шаралар әзірлеу туралы Үкіметтің жауабы алынды.
2014 жылдың 25 маусымында Мәжілістің экономикалық реформа жөніндегі комитетінің отырысында «Ақ жол» партиясы елде квази-мемлекеттік сектор саласында теріс пайдаланушылыққа әкелетін корпоративтік жемқорлық тәжірибесінің қалыптасқаны туралы мәлімдеді. Осы саладағы сатып алулардың көлемі мемлекеттік сатып алудан 6 есеге артық болғанына қарамастан, мұнда тендерлер мен конкурстар рәсімдері заңнамалық тұрғыдан реттелмеген, ал ол айла-шарғылар үшін кең өріс ашады. Осыған байланысты, «Ақ жол» мемлекеттік органдардан ұлттық компаниялардың, мемлекеттік қатысумен кәсіпорындардың және ірі жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін реттейтін «Сатып алулар туралы» заң жобасын әзірлеу және енгізуді талап етті, т.б.
Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады. Тек қана «Ақ жол» партиясының атынан ғана емес, сонымен қатар, өзге партиялардан немесе үкіметтік емес ұйымдардан да болды. Бұл жай ғана айтыла салған сөздер емес, көпжылдық нақты жұмыс.
Неліктен азаматтарға үндеуде «Нұр Отан» партиясының жақында ғана жасалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын қолдау көрсетілген? Бұл коалицияның өзге мүшелеріне немқұрайлы қатынас. Егер де іс-шараның мақсаты тек бір ғана партияның бағдарламасын талқылау болса, ол үшін коалицияны жинап қажет емес, себебі бұл сіздердің ішкі жұмыстарыңыз. Мысалы, мен «Нұр Отан» партиясының құжатын қабылдауға немесе қабылдамауға құқығым жоқ, өйткені басқа партияның мүшесімін.
Сондықтан егер де өтініш қабылданатын болса (әйтсе де бұл әлі даулы мәселе) сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық партиялық күштерді қолдауды көрсетуді енгізу керек немесе бір партияның бағдарламасын қолдау дегенді алып тастауды ұсынамын.
Басқа да ескертулер саны жетерлік. Әріптестердің назарын мынаған аударғым келеді, қарапайымдылық әлі ешкімге залал тигізбеген. Бұның маған да қатысы бар. Бірақ бүгінгі «Нұр Отанның» «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жауапкершілікті өз мойнымызға алуға даярмыз» деген сөздері пионерлердің ұраны сияқты естіледі. Онсыз да түсінікті, барлық мемлекеттік саясат үшін жауапкершілік билік партиясының өзінде. Бірақ бұл жауапкершілікті жұмыс барысында көрсету одан да маңыздырақ. Себепсіз айқайлаудың қажеті жоқ.
Басқаша айтсақ, өзгелер «Нұр Отан» партиясы «тарихта бірінші рет» қаржылық есебін жариялады, басқа партиялар «оның үлгісіне жүгінуде» деген сөзді бірінші рет естіп жатқан жоқпыз. Құрметті әріптестер, осы сөзді кім жазды? Партияның саяси маманы жазбағаны көрініп тұр. Бұл дегеніңіз – құқықтық білімсіздік. Жыл сайын қаржылық есептің республикалық баспа беттерінде жариялануы 2002 жылдан бастап 18-баптың 5-тармағы бойынша саяси партиялар туралы заңының міндетті талабы болып табылады. «Ақ жол» партиясы 2012 жылдан бастап, мені төрағалыққа қабылдағаннан кейін «Қазақ үні» газетінде өзінің есебін беріп отырады.
Бірақ «Нұр Отан» партиясының өкілдері сіздің партияңыз 2014 жылдан бастап, елімізде бірінші рет осындай есепті жариялады деп жаңалық ашыпты. Бұл дегеніңіз, 2002 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы заң бұзып келді деген сөз. Сонымен бірге, осы жылдардың бәрінде парламентте басым дауысқа ие болушы сіздің партияңыз миллиардтаған теңгелерді жыл сайын алып, және бір де бір рет 12 жыл бойы есеп бермеген. Сіздер өз партияларыңызды не үшін кінәлап отырғандарыңызды түсінесіздер ме?
Мен оның бұлай емес екендігіне сенімдімін. Жай ғана, осы бекітуді дайындаған адам заңмен де, партияның тарихына да қызықпаған көрінеді. Бірақ «бөспей» тұрып, сіздерге дейінгі жасалғандарды анықтаңыздаршы. Велосипед ойлап табудың қажеті жоқ.
Отырыс тақырыбына оралайық. «Ақ жол» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шеңберінде өтініштерден емес, нақты механизмдерден бастауды ұсынады. Мысалы, биыл сәуір айында «Ақ жол» депутаттық сауалында Мемлекет басшысының экономиканы және кәсіпкерлікті қолдауға Ұлттық Қордан бөлген 1 трлн. теңгенің пайдаланылуына жариялы бақылау енгізуді талап етті. Осы жылы 18 сәуірде ҚР Ұлттық банкі төрағасының басқаруымен осындай комиссия құрылды, алайда Ұлттық банктің ойдан шығарылған қарсылықтарына байланысты «Ақ жол» партиясының өкілдерін Комиссия құрамына жібермеді. Онда тек қана «Нұр Отан» партиясының депутаттары ғана енді.
Қазір жекешелендірудің екінші толқыны басталды. Бұл ауқымды шараның айқынсыздығын, жекешелендіру нысандарының «жиендердің» және басқа да туыстардың қолына түспеуін Елбасының өзі ескертіп отыр.
Осыған байланысты, жақында «Ақ жол» депутаттары Үкіметке тағы да бір жекешелендіру барысының мониторингі бойынша парламенттік комиссия құру туралы сауал жолдады. Оған «Нұр Отан» депутаттарын ғана емес, сонымен қатар басқа да партияларды, қоғамдық және бизнес-қауымдастықтарды тартуды шақырды. Мен осы бастаманы коалицияның қолдауын сұраймын.
Көптеген еуропалық елдерде есептеуші комитеттер мен бюджеттің орындалуын парламенттердегі аз құрамдағы партиялардың депутаттары басқаратыны жай емес. Ал бізде, қоғамдық және мемлекеттік қаржының қалай жұмсалып жатқандығын бақылау құқығына тек үкімет мүшелерінің өзі құрайтын партияның мүшелері ғана ие. Бұл дұрыс емес. Ол осындай бақылаудың принципшіл еместігі туралы сұрақтардың тууына себеп болады.
Сондықтан да «Ақ жол» партиясы Парламент өкілеттілігінің кеңеюі үшін және парламенттік партиялардың нығаюы үшін ұсыныс айтады. Және біз бұның сыбайлас жемқорлықпен күрестің дұрыс жолы екендігіне сенімдіміз.
 
Дерекнама - Казак yнi (Алматы), № 41 (650), 21.10.2014