Азат Перуашев: «Кәсіпкерлерді қолдап, қорғауды жалғастыра береміз» /Жанат Асанқали/ – Казак yнi (Алматы), № 42 (651), 28.10.2014

» Баспасөз жарияланымдар » Азат Перуашев: «Кәсіпкерлерді қолдап, қорғауды жалғастыра береміз» /Жанат Асанқали/ - Казак yнi (Алматы), № 42 (651), 28.10.2014

04.11.2014, 00:00

«Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бастаған бірқатар партия басшылары мен Мәжіліс депутаттары іссапармен Жезқазған аймағында болды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев және «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, «Қазақ үні» газетінің президенті Қазыбек Иса, Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Алмас Тұртаев, «Ақ жол» партиясы OK хатшылары Әбдіразақ Сұлтанов пен Берік Дүйсембинов, «Ақ жол» партиясы ОК Президиумы мүшесі Серікбай Тәшенов, «Ақ жол» КДП Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Марат Берқалиев, «Ақ жол» КДП Жезқазған қалалық филиалының төрағасы Мұсабек Төлегенов іс-сапармен Жезқазған аймағына келді. Халық қалаулылары мен партия басшылары жергілікті шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесіп, кәсіпкерлік саласының даму қарқынымен танысты.
«Ақ жол» ҚДП басшыларымен және фракция депутаттарымен кездесуге жиналған Жезқазған және Сәтбаев қалаларының кәсіпкерлері өздерін толғандырып жүрген көптеген түйткілді мәселелерге жауап алды. Азат Перуашев кәсіпкерлердің барлық сұрақтарына нақты, ашық жауап берді.
«Ақ жол» партиясы жетекшісі, Мәжіліс депутаты Азат Тұрлыбекұлы: «Жезқазған қаласы «моноқалалар» тізіміне кіреді, осы күні мемлекеттік бағдарлама бойынша қалаларыңызға қыруар қаражат бөлініп жатқанын білемін. Бүгінгі күні жергілікті кәсіпкерлер сол бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты тапсырыс алуға және табыс табуға мол мүмкіншіліктерге ие. Сындай мемлекеттік тапсырмаларды жергілікті билік басшылары жоспарлап жасаған тапсырмаларды жүзеге асыруға, жергілікті кәсіпкерлерді кеңінен тарту керек. Жергілікті кәсіпкерлерге басымдық беріп, оларды тендерлерге қатысуға тарту керек. Содан соң, мемлекеттік қаражатты игеру жұмыстарында жергілікті әкімшіліктер ашық саясат жүргізулері керек» – деді.
«Мемлекет қаражатын жергілікті билік талан-таражға салды» деген сөз тарамауы үшін, жергілікті басшылық жергілікті қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаулары керек деп ойлаймын. Әкімшіліктердегі барлық салаға қатысты жұмыстарды қадағалайтын комиссиялар тізіміне жергілікті қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мүшелерін кіргізсе, өздеріне дұрыс болар еді. Жұмыстармен еліміздің көп қалаларында боламын, байқағаным, мемлекеттен бөлінген транш ақшаны жергілікті билік өкілдері қаланың көркін көркейтуге жұмсайды. Ол да жақсы шығар, алайда жергілікті тауар өндірісін дамытатын жергілікті кәсіпкерлерді ұмытпаса деп тілеймін. Жергілікті кәсіпкерлерді, өңірдегі фермерлерді ынталандырып, жеңілдікпен берілетін несиелерді беру жолдарын қарап, несие алуға талап етілетін құжаттарды мейлінше азайтуымыз қажет. Осындай проблемаларды, қолдан жасалған тосқауылдарды азайтуға біз Парламент деңгейінде шешу жолдарын қарап ұдайы жұмыс жүргіземіз. Қазақстанда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде қазақстандық кәсіпкерлердің мыңдаған жобалары мемлекет тарапынан мақұлданып жатыр. Жаңа бизнес-бастамаларды, экспортқа бейімделген өндірісті қолдау және кәсіпкерлік секторды сауықтыру шеңберінде мемлекетіміз жеңілдеткен несиелер беріп жатыр. Үкіметіміз кәсіпкерлерді қолдауды, қорғауды жалғастыра береді. Кәсіпкерлерге ешкім кедергі келтірмейтін болады. Олардың алдына қойылған тосқауылдарға тиісті мемлекеттік органдар тойтарыс береді. Біздің Парламенттік фракция да үкіметтің жұмыстарын қарап-қадағалап отырады»- деп түйіндеді сөзін ол.
Кәсіпкерлердің қойған өзге де сұрақтарына Азат Перуашев толыққанды жауап беріп отырды. Кездесу соңында келген барлық «ақжолдықтар» кәсіпкерлерге табыс тілеп, ізгі ниеттерін білдірді.
Ертеңіне «ақжолдықтар» қазақ хандығы мен мемлекеттігінің мұражайы болып табылатын қасиетті Ұлытау өңіріне сапар шекті.

Дерекнама – Казак yнi (Алматы), № 42 (651), 28.10.2014