«Ақ жол» өзінің депутаттық сауалдарына үкіметтің берген формалды жауаптарына қанағаттанбайды және жоғары лауазымды шенеуніктердің шетел банктеріндегі шоттары туралы ақпаратты беруді талап етеді – ҚР Премьер-Министрінің атына жолданған депутаттық сауал

» Депутаттық сауалдар » «Ақ жол» өзінің депутаттық сауалдарына үкіметтің берген формалды жауаптарына қанағаттанбайды және жоғары лауазымды шенеуніктердің шетел банктеріндегі шоттары туралы ақпаратты беруді талап етеді - ҚР Премьер-Министрінің атына жолданған депутаттық сауал

15.01.2014, 00:00

 2014 жылдың 15 қаңтарында жарияланды

                                                                                    Қазақстан Республикасы
                                                                                      Премьер-Министрі 
                                                                                      С.Н. Ахметовке
  Депутаттық сауал

Құрметті Серік Нығметұлы! 

Біздің депутаттық сауалымыз өткен 2013 жыл ішінде «Ақ жол» партиясының депутаттарының сауалдарында көтерген мәселелерге үкімет пен министрліктердің  қанағаттанарлықсыз жауап берулерімен байланысты.
ҚР «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы»  Конституциялық заңының 27-бабына сәйкес, өздерiне сұрау салынған лауазымды тұлғалар көтерілген мәселелер жөнiнде дәлелді жауап негiзделген түсiнiктеме беруге немесе өз көзқарасын баяндауға міндетті.
         Бірақ, 2013 жылғы «Ақ жол» ҚДП фракция мүшелерінің депутаттық сауалдарына үкіметтің жауаптарын талдау, берілген  жауаптардыңда формалды және төрешілдік сипатта жиі болғанын, кейде – тіпті біз көтерген проблемалардың тақырыбына маңыздылығы бара-бар еместігін; оның үстіне, «Ақ жолдың» депутаттары келтірген ақпараттарды елемеген жағдайлардың болғанын да көрсетеді.
         Сонымен қатар, депутаттық сауалдар жеке қолдаухаттар және өтініштер болып табылмайды, ауқымды, көбінесе жүйелі тақырыптарды қозғайтын қоғамдық-маңызды себептер туындайтыныны мүлдем ескерілмейді.
         Мәселен, «Ақ жолдың» 2013 жылғы 2 ақпандағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметіндегі кемшіліктер туралы депутаттық сауалына үкіметтен біз мүлдем қанағаттанарлықсыз  жауап алдық, осыған байланысты, фракция 2013 жылы 21 маусымда сауалды қайтадан жіберуге мәжбүр болды.
         Алайда, Үкіметтің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі жаңа жауабынан, қойылған мәселелердің ескерусіз қалғаны,  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жұмысына кеңпейілділікпен баға берілгені көрінеді.
         Үкіметтің екі жауабы да фракцияның депутаттық сауалдарын қарағандағы селқостықтары туралы айғақтайды, дегенмен сол кездің өзінде банктің ішкі қолданыстағы ережелерін түбегейлі қайта қарау талап етілген.
         Көтерілген күрделі мәселелер Мемлекет Басшысының араласуынан кейін ғана шешіле бастады, ал Үкімет банк қызметіне бағаны кеше, яғни біз бірінші рет жүгінгеннен кейін 11 ай өткеннен соң ғана беріп отыр.
         «Ақ жолдың» қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру кезінде төлем құжаттарында тиындарды көрсетуді қысқартудың пайдалылығы туралы 2013 жылғы 15 мамырдағы (шығыс. ДЗ-97) сауалына, Үкіметтен ұсынылып отырған нормаларды іске асыру еліміздің қолданыстағы ұлттық валюта және Ұлттық Банк туралы заңнамасына өзгертулер енгізуді талап етеді деп формалды (2013 жылғы 13 маусымда шағыс нөмірі 20-27/2766) жауап берілген.
Алайда, осы мәселені зерделеу және тіпті бірнеше жылдан бері жоқ, қажетсіз ақша бірліктерін есептеуді қысқарту жөнінде ешқандай да шаралар қолданылған жоқ.
2013 жылы 11 қыркүйекте әлемдік оң тәжірибелерді ескере отырып, бірқатар басым салалар үшінсараланған салалық ҚҚС мөлшерлемелерін енгізуге қатысты депутаттық сауал жарияланған болатын.
Үкіметтің жауабында, салалық ҚҚС мөлшерлемелерін саралау жөніндегі нұсқауларды қарау бойынша мәселе Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жанындағы салық заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс тобында қарастыру жоспарлануда деп хабарлады. Қарау нәтижелері туралы ештеңе де хабарланбайды.
2013 жылы 25 қыркүйекте депутаттық сауалда шет елдердің банктеріне оларда Қазақстан үкімет мүшелерінің және мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларының жеке есеп шоттарының бар болуы жайында үндеухат бойынша ұсыныс жарияланған болатын.
Алайда, Үкімет өзінің жауабында, алынатын ақпараттың құпиялығына сілтеме жасаған болатын.
 2013 жылы 2 қазанда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру бойынша сауал жарияланған болатын. Бұл депутаттық сауалда көтерілген тақырыптардың бірі, Қарағандыдағы «ҚазАвиаСпектр» зауытын мысалға келтіре отырып, дәрменсіз болып табылған  жобаларды қаржыландыруды қысқарту қажеттілігі туралы мәселе көтерілген.
Осы жоба 2013 жылы 9 қазанда Президенттің өткір сынына да тап болды, бірақ ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 4 қарашадағы жауабында бұл мәселе бойынша қандай да бір ақпарат берілген жоқ.
2013 жылы 7 қарашада «СК-Фармация» ЖШС тарапынан вирусты гепатитті емдеу үшін вакцина сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалық нормаларды бұзғаны туралы сауал жарияланған болатын.
2013 жылғы 4 желтоқсанда Үкімет сауалдың өзінде келтірілген статистикалық деректерге ғана сүйеніп жауап берді. Аталған мәліметтер бойынша толығырақ ақпаратты фракция тек Бас Прокуратураның жауабынан алды.
22 қарашада депутаттық сауалда автокөліктермен жолаушылар тасымалдаудың қауіпсіздігін, жасырын тасымалдауларға қарсы әрекет ету және осы салада кәсіпкерлердің заңды қызмет көрсетулерін ынталандыру жолымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау туралы мәселе қойылды.
Алынған жауапқа сәйкес, оның орнына уәкілетті органдар біздің сауалда айтылған  қауіп-қатер және қысқарту қажеттілігі бойынша айтқанымызға қарамай олардың көлеңкелі бизнеске өтуі үшін жағдай жасай отырып, керісінше адал, ашық кәсіпкерлерге талаптарды қатайтпақ.
Мұндай ешбір байланыссыз жауаптардың жазылуы мәселенің мәнісін түсінбегендік, немесе орындаушылардың немқұрайдылық қатынасы туралы білдіреді, ал қазіргі жағдайда – қойылған мәселелерге тікелей қарсы мағынада.
Мұндай мысалдар жетіп артылады.
Сонымен қатар депутаттық сауал – парламенттің үкіметпен өзара әрекеттерінің маңызды формаларының бірі, сайлаушылардың қажеттіліктерімен және талап-тілектерімен мемлекеттің кері байланыс құралы. Парламент депутаттарымен көтерілетін мәселелерде мұндай төрешілдік қатынасқа жол беруге болмайды деп есептейміз.
Жоғарыда баяндалғандарға ескере отырып, Сізден:
1) Мысалдарда келтірілген депутаттық сауалдарға жауаптарды формалды әзірлеуді ретке келтіруді;
2) Парламент депутаттарының сауалдарына келешекте бұлай қарауға жол бермеу жөнінде Үкіметтің қандай шаралар қабылдайтындығы туралы хабарлауыңызды сұраймыз.
 

Құрметпен,

«Ақ жол» ҚДП парламенттік
фракциясының 
депутаттары  
 

                                                                                                     А. Перуашев

                                                                          Е. Никитинская

                                                                                                    А. Әбілдаев
  М. Қазбекова

                                                                                            Н. Жазылбеков

                                                                                                      А. Тұртаев
Т. Ерғалиев
С.Қадралиева