10
Қараша

Санат жоқ 10.11.2014

Алматы қалалық филиалында «Ақ Жол» ҚДП Парламентінің мәжіліс депутаты Н.А.Жазылбековпен Ауған соғыс ардагерлерін біріктіретін қоғамдық ұйымдардың басшыларымен кездесуі болып өтті

2014 жыл 10 қараша, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
2014 жылдың 8 қараша күні «Ақ Жол» ҚДП Алматы қалалық филиалында ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты Н.А.Жазылбековтың Ауған соғыс ардагерлерін біріктіретін қоғамдық ұйымдардың басшыларымен кездесуі болып өтті.
Жиынға қатысушылар әлеуметтік қолдау, сауықтыру және медициналық көмек, зейнетақы және әлеуметтік тұрғын үй, денсаулыкты қалпына келтіру орталықтарының мәселелері және кәсіптік қайта даярлау сынды ардагерлерге, соғыс қимылдары мүгедектеріне және олардың отбасы мүшелеріне маңызды сұрақтарды талқылады.
Атап айтқанда ардагерлер жер учаскелерін алуға құқық беретін және тұрғын үй құрылыс кооперативтерін салуға қаражат бөлу мәселелерінің заңдық қалыптарын жүзеге асыру механизмдерінің жоқтығына мән беріп өтті.
Қоғамдық ұйым басшыларымен белсенді диалог барысында орын алып отырған мәселелердің шешімін табуға ықпал беретін қадамдар жасалды.