12
Қараша

Санат жоқ 12.11.2014

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары минуттық үнсіздікпен Талғат Бигельдиновты еске алды

2014 жылдың 12 қарашасы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
 
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары минуттық үнсіздікпен Талғат Бигельдиновты еске алды.«Осы минуттарда Алматыда біздің аты аңызға айналған ұшқышымыз, соғыс ардагері, екі мәрте Совет одағының батыры Талғат Бигелдиновпен қоштасу ресімі өтіп жатыр, - деп бүгінгі Мәжілістің пленарлық отырысында «Ақ жол» ҚДП фракциясының басшысы Азат Перуашев өз әріптестеріне сөз арнады. – Біз Парламенттің депутаттары Қазақстанның ұлттық батырына өзіміздің құрметімізді ресми түрде білдіріп, оны бір минуттық үнсіздікпен еске алуымыз керек деп санаймыз».
Жарияланған бір минут үнсіздіктен соң Мәжіліс спикері К.Жақыпов Т.Бигелдиновтың жақындары мен туыстарына көңіл айту телеграммасын жіберу туралы хабарлады.