13
Қараша

Инфрақұрылымдық даму жоспары - жаңа экономикалық саясаттың өзегі - Айкын (Алматы)

«Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол
Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты:
– «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында осындай ерек оқиға болады деп, шынымызды айтсақ, күтпеп едік. Өте танымдық жиын болды, көп нәрсені ойға түйдік.
Мен бір нәрсені атап өткім келеді. Мемлекет басшысы бүгін «Проблемалы кредиттер қорына» қосымша қаржы бөлініп, қаржылық сектор қолдау табатындығын жария етті. Осылайша, қазақстандық банктердің алдында тұрған үлкен кедергілердің бәрі жойылды, оларға қайтарылмайтын несие секілді ауыртпалықтан арылудан басқа жол қалмады. Бұрын банктер «жаман активтерге» үлкен салықтар салынғандығын және басқасын сылтауратып, шағымдана беретін. Енді Салық кодексіне өзгерістер енгізіліп, бар мүмкіндік беріліп отыр. Демек, отандық банктер ешқандай ауырсынусыз қайтарылмайтын несиелерді есептен шығарып тастай алады. Әрине, қайтарудан үміттеніп, олар оған бәрібір бармауы да ғажап емес. Бұл жерде Үкімет пен Ұлттық банкті үлкен жұмыс күтіп тұр.
 
Дерекнама - Айкын (Алматы), № 206 (2600), 12.11.2014