«Ақ жол»: Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындарының жүлдегерлерін көтермелеу Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін көтермелеу мөлшерімен теңестірілуі тиіс

» Санат жоқ » «Ақ жол»: Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындарының жүлдегерлерін көтермелеу Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін көтермелеу мөлшерімен теңестірілуі тиіс

02.04.2014, 13:00

3сәуір 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындарының жүлдегерлерін көтермелеу Олимпиада ойындарының жүлдегерлерінкөтермелеу мөлшерімен  теңестірілуі тиіс – кеше Мәжілістің пленарлық отырысында Меруерт Қазбекова «Ақ жол» фракциясының Премьер-министр Серік Ахметовтың атына тиісті депутаттық сауалды жария етті.
«Әлемде қатардағы спортшылардың жетістіктеріне қарағанда мүмкіндігі шектеулі адамдардың спорттағы жетістіктері  жоғары бағаланады -жеңіске деген жолда  олар қарсыластарын ғана емес, өздерін өзі және бойындағы кеселін жеңуі тиіс.  Қазақстандық спорт тарихында алғаш рет Сочиде Паралимпиадаға қазақстандық мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысты» – деп атап өтті депутат.
Депутаттық сауалда атап көрсетілгендей, спортшыларды дайындау және оларды жеңіске ынталандыру үшін қаржы салу бойынша Қазақстан көшбасшылардың бірі болып табылады – бізде Олимпиада медальдары үшін 250 мың АҚШ долларына дейін көлемде ресми сыйлық  белгіленген. Одан басқа, «Ақ жол» партиясының фракциясын қоса алғанда, депутаттардың бастамашылығы бойынша «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына соңғы түзетулермен Олимпиада ойындарының медаль иегерлеріне мемлекеттің есебінен тұрмысқа жайлы пәтер бөлу қарастырылған.
Бірақ, Паралимпиада және Сурдолимпиада ойындарының қорытындысы бойынша жоғары жетістіктерге жеткен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатарындағы спортшыларға ең жоғары сыйақы мөлшері 50 мың АҚШ доллары, яғни дені сау спортшыларға қарағанда 5 есе кем белгіленген, ал пәтер берумүлде қарастырылмаған.
«Мүгедектердің ішінен шыққан біздің спортшылар ерлік көрсетіп, қарсыластарын және өз дертін жеңіп, Қазақстанның туын халықаралық жарыстарда ең жоғарғы дәрежеде көтереді, бірақ өздері жеке баспанасы да жоқ, ауыр тұрмыстық жағдайда тұрып қала беретін жағдайлар да бар. Бұл туралы «Ақ жол» партиясына мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінен хабарламалар келуде» – деп атап көрсетіледі сауалда және келесі мысалдар келтіріледі. Мәселен, 2013 жылғы София қаласында (Болгария) өткен  13-ші Сурдолимпиада ойындарында еркін күрес бойынша Жамбыл облысының спортшысы Ғабит Есжанов чемпион болды, Бағдат Сәбитов 5-ші орын алды.  Бірақ, спортшылар да, олардың бапкерлері де не сыйақы, не тұрғын үй алған жоқ.
2013 жылы Монреальда (Канада) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған спортшылардың арасынан жүзу бойынша күміс және қола медальді жеңіп алған Зульфия Габидуллинаның жетістіктері де материалдық көтермелеусіз қалды және т.б.
«Біздің паралимпиадашылардың осындай жетістіктері мыңдаған мүмкіндігі шектеулі азаматтарды белсенді өмір сүруге және жаңа еңбек қызметіне бейімделуге де тартуы мүмкін еді. Бірақ, өзінің баспанасы жоқ чемпион, қандай үлгі көрсетпек? – деп есептейді «Ақ жолда». Әлемде Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындары да Олимпиада сияқты кеңінен жарияланады, қазақстандық мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жоғары жетістіктері Қазақстанның халықаралық беделін ғана емес, адамгершілік қағидаттарын жүзеге асыратын, әлеуметтік саясаты тұрақты ел ретінде көтеруге қызмет етеді.
М.Қазбекова Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттау дәрежесін Олимпиада ойындары үшін берілетін сыйақымен салыстыруға келмейтіні туралы факт ҚР Конституциясына да қайшы келеді, Ата заңға сәйкес азаматтардың бәрі тең және өзінің әлеуметтік жағдайына немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды деп атап көрсетті. Әлемде Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындары мүмкіндігі шектеулі спортшылар үшін болғанымен Олимпиада ойындарының аналогы деп танылған. Бірақ жоғарыда аталған  қатардағы спортшыларды және мүмкіндігі шектеулі спортшыларды ынталандырудағысәйкессіздік осындай кемсітулердің бар екенін айғақтайды.
Президенттің қазіргі жолдауында мүгедектерді қолдау және әлеуметтік бейімделуіне ерекше көңіл бөлінгенін ескере отырып, «Ақ жол» депутаттары Үкіметтен осы әділетсіздікті жою және Паралимпиада, Сурдолимпиада және Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін көтермелеу мөлшерін  теңестіруді сұрайды.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.