«Ақ жол» партиясы жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін субсидияны сақтауды талап етеді – ҚР Премьер-Министрінің атына жолданған депутаттық сауал

» Депутаттық сауалдар » «Ақ жол» партиясы жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін субсидияны сақтауды талап етеді - ҚР Премьер-Министрінің атына жолданған депутаттық сауал

19.03.2014, 00:00

 
2014 жылғы 19 наурызда жарияланған                                                      
 
Қазақстан Республикасы
                                                                                      Премьер-Министрі 
                                                                                      С.Н. Ахметовке
  Депутаттық сауал
 
Құрметті Серік Нығметұлы!
 
«Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында   Қазақстан ет, сүт және басқа ауылшаруашылық өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс деп атап көрсетілген.
Осы стратегиялық құжат тұрғысынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау мәселесі айрықша өзекті және маңыздылыққа ие болып отыр.
Бұл бағыт 2014 жылғы 17 қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда көрсетілген.
 Онда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қарастырылған. Инвестициялық салынымдар деп – жаңа өндірістік қуатты құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарды ұлғайтуға бағытталған шығыстарды білеміз. Яғни, бұрынғы жұмыс істеп тұрған, сондай-ақ, пайдалануға беруге дайындалып жатқан кәсіпорын да заңды түрде субсидиялауға жатады.
Мемлекеттің бұл мәселеге деген қадамы барынша тиімді болады деп пайымдаймыз.
Оның тобықтай түйіні мынада, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі, импортты ауыстыру сияқты мақсаттарына жету, пайдалануға берілген ауылшаруашылық кәсіпорындарының  қуаттарының толық жүктемесін сақтаған жағдайда ғана мүмкін.
Сірә, 5-7 жыл бұрын салынған кәсіпорын сапалық және материалдық  жағынан ескі болып табылмайтын шығар, бірақ соларға бірінші кезекте мемлекет тарапынан қолдау қажет екені айқын.
Бұл кәсіпорындар несиелер алды емес пе, олар бойынша аса жоғары пайыздар төледі, негізгі қарызды жапты, өздерінің несиелік қарыздарын 25 %-ға өсіріп, екі девальвацияны (2009 жылы 4 ақпанда, 2014 жылғы 11 ақпанда) бастан өткізді.
Дегенмен, олар соның өзінде жұмыс орындарын сақтап қалды, салық төледі, бірқатар жағдайларда импорттың үлесін елеулі қысқарта отырып,  еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өз үлестерін қосты.
Сонда не болып жатыр? Біздің қолда бар ақпараттар бойынша Үкімет бекітетін агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау Ережесінің жобасында тек жаңа салынған ауылшаруашылық кәсіпорындарды ғана субсидиялауды қарастырады.
Мұндай қалдықты қағиданы әділетсіздік деп есептейміз, себебі соңғы 5-7 жылда едәуір ақшалай қаржымен инвестицияланған, ауылшаруашылығының басым салаларында жұмыс істейтін кәсіпорындар мемлекеттің қолдауынсыз алдын ала  жосықсыз бәсекелестік жағдайында қалып қоюы әбден мүмкін. Әңгіме соңғы 7 жылда өндіріске жіберілген бар жоғы бірнеше кәсіпорын туралы болып отыр.
Оның үстіне, республикадағы ауылшаруашылық жалпы өнімінің мөлшерін жылдам өсіру үшін жұмыс істеп тұрған өндірістік қуатты жүктеу анағұрлым тиімдірек болады, себебі алынған субсидия капиталдың айналымын өсіруге және өндірісті жаңғыртуға жіберілетін болады,  бұл бірден нәтиже беретін болады.  
Құрметті Серік Нығметұлы! Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, осы маңызды мәселені «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау Ережелерінде» белгілеп, соңғы 7 жылда жұмыс істеп тұрған ауылшаруашылық кәсіпорындарын субсидиялаудың мүмкіндіктерін қарастыруды сұраймыз.
 
 
Құрметпен,
 
«Ақ жол» ҚДП парламенттік
фракциясының  депутаттары                                                          

С.Қадралиева

А.Перуашев

А.Әбілдаев

Т.Ерғалиев

М.Қазбекова

Е.Никитинская

Н.Жазылбеков

А.Тұртаев


А.Тойбаев

А.Маковский

Р.Ким

С.Үмбетов